Үндістан БАҚ-ының мәліметінше, Нагпур қаласында IndiGo әуе компаниясының ұшағы жарылыс қаупіне байла...
Қазақстандық музыкант Рахат-Би Әбдісағин Германияда жаңа диск шығарды
3461
Бала күнінен ерекше талатымен танылған қазақстандық музыкант Рахат-Би Әбдісағин Германияда жаңа дискісін шығарды. Бұл туралы музыканттың өзі Facebook-те жазды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

«Құрметті достар! Мен сіздерге пианистік CD дискіме алдын ала тапсырыс беруге болатынын қуанышпен хабарлаймын», - делінген музыканттың әлеуметтік желідегі жазбасында.
Осылайша ол еуропалық өнерсүйер қауымға өзінің пионист ретіндегі дарынын паш етіп отыр. Музыкант дискіге арнап классикалық туындалар орындаған. Аталмыш диск Франкфурттегі көрме мен Шанзайдағы ірі музыкалық алаңдарға қойылады деп жоспарланып отыр.