Димаш Токиодағы джаз фестивалінде өнер көрсетеді

МУЗЫКА
1150

Димаш Құдайберген джаз композициясының миллиондаған жанкүйерлерін тәнті ететін болады, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" Tokyo Jazz Festival ресми сайтында сілтеме жасап.

9-шы Tokyo Jazz Festival мамырдың 22-24 күндері Жапония астанасында өтеді. Бұл бастауын 2002 жылдан алатын Күншығыс еліндегі ірі музыкалық фестивальдердің бірі саналады. Ол джаздың шын мәніндегі танымал әртістерін шақыруымен белгілі. Музыкалық фестивальдің ұйымдастырушылары биыл мәдени шараға 90 мыңнан астам көрермен жиналатындығын күтіп отыр. Бұған Қазақстаннан баратын қонақтың да үлесі зор болуы ықтиал. Себебі Tokyo Jazz Festival-дің Facebook парақшасында жарияланған аңдатпасына пікір қалдырғандардың басым бөлігі Димаштың аталған шараға қатысатындығын қуана жазып жатыр. «Таңғажайып Токиода Димаштың қатысуымен өтетін джаз фестиваль тамаша болары сөзсіз», «Токиода Димашты көргенше асықпын», «Мен үшін Димаштың қандай ән орындайтындығы қызықты. Ол классикалық және поп-музыкамен қатар джаз вокалда да таңғажайып әнші», деп әншінің әлемнің әр қиырындағы жанкүйерлері жазба қалдырған.

author

Димаш Құдайберген

ӘНШІ

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...