Астанада ІV халықаралық композиторлар байқауы басталды

МУЗЫКА
547

«New Music Generation 2022» деп аталатын музыкалық додаға әлемнің 40 елінен 170 өнерпаз қатысуға ниет білдірген. 

Олар ұсынған 300 ден астам туындының үздігін шетелден келген ең атақты, тәжірибелі композиторлар анықтайды. 35 жасқа дейінгі азаматтар бақ сынайтын байқау  заманауи академиялық музыканы насихаттап, жас композиторларды қолдауға мүмкіндік береді. Конкурс алдағы төрт күнде онлайн форматта өтеді. Ерекшелігі сол – барлық қатысушылардың есімі әзірге белгісіз, яғни құпия сөз арқылы қатысады. Жеңімпаздардың есімі 7 қазан күні белгілі болмақ.

«Бұл үлкен дәреже. Өйткені Бүкіл дүниежүзі осы конкурс арқылы біздің мемлекетіміз Қазақстанды біліп жатыр. Германия, Франция, Италия, Ұлыбритания, АҚШ, Оңтүстік Америка, Шығыс елдері Қытай Жапония, Оңтүстік Корея, ТМД елдерінен де қатысушылар бар,» – дейлі қазылар алқасының төрағасы, көркемдік жетекші Рахат-Би Әбдісағин.

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...