«Қап-қара адам» фильмі экранға шықты

КИНО
1209

Алматыдағы «Арман» киноорталығында режиссер Әділхан Ержановтың «Қап-қара адам» фильмінің ресми таныстырылымы өтті. 

Көрерменге кинотуындының 2,5 сағаттық нұсқасы ұсынылды. Прокатқа 90 минуттық нұсқамен шығатын фильмнің сюжеті бір қылмысты зерттеу оқиғасы туралы. Сыбайлас жемқорлыққа өз тарапынан үлес қосып жүрген тергеуші Бекзат бала өліміне қатысты істі тез арада жапқысы келеді, себебі жергілікті полицейлер кінәні жазықсыз бір жанға аударып қойған. Бірақ қаладан журналист қыз келіп, осы іске араласқан соң ол амалсыздан өз өмірінде алғаш рет істі тергеудің барлық шарттарына орай жүргізуге мәжбүр болады... 

Көрсетілімнен кейін режиссер Ә.Ержанов және басты рольдердегі актерлер Д.Алшынов, Д.Бақтыбаева, Т.Хоспен кездесу өтті. Айта кететін жайт – осы фильмі үшін режиссер Ә.Ержанов өткен жылдың қараша айында Австралияның Брисбэн қаласында өткен «Asia Pacific Screen Awards-2019» фестивалінде үздік режиссер аталымын жеңіп алған болатын.  

«Қап-қара адам» фильмі биыл әлем бойынша алты ірі кинофестивальға қатысады деп жоспарланған. Ал, кинотуынды  республика кинотеатрларында 6 ақпаннан көрсетіле бастады. 

Әлиасқар  Оңгар

Без категории

Шымкентте №44 жалпы орта мектептің басшысы мен оның орынбасарына және бухгалтерге сот үкімі шықты, д...

Жаңалықтар

Жетісу облысы Жаркент қаласында тәрбиешілер балаларды қылқындырып, тұншықтырып, ұрып-соққан әрекетте...