Жаңаша ізденіс, жақсы қойылым!

ТЕАТР
2738

Көкшетаудағы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің жанынан қүрылған " "Ел жастар" театрының " Жастықтың оты қайдасың?" атты спектаклін тамашалап қайттық. Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған бұл спектакль негізінде ақынның өлеңдері мен қарасөздерінен құрастырылып, перфоманс жанрында қойылған екен. 

Режиссеры Фархадбек Қанафин. Спектаклдегі труппаны колледж студенттері құраған. Ең әуелі Абай шығармашылығын жаңаша үлгіде бере білуге деген соны ізденістері қуантты. Перфоманс жанрының уақыт, орын, суреткердің дене әрекеті, көрерменнің қатыстылығы секілді формалық шарттылықтары жақсы сақталынған. Спекаклде өлең, қарасөз, музыка, би, эстрада, жесть, мимика, дизайн, эмоция түгел көрініс тапқан. Көрерменді жалықтырмайды. Тақырыптық- идеялық байланыс үзіліп қалмайды. Өрбіп отырады. 

Абайдың өлеңдері мен қарасөздері арқылы ақынның ішкі әлемі, махаббат сезім кәусары, жандүниесіндегі аһ ұрған арпалыс, өкініш һәм күйініш мейілінше шынайы, дәл, әсерлі беріліп отырады. Өлеңдері мен қарасөздерінің мазмұны мен идеясын ашуға мизенсценаларды, деталдарды ұтымды пайдаланған. 

Ең бастысы жас актерларда ой мен эмоция бар. Ақыл мен сезімнің шиырығуы, шарпысуы. Осыны беруге талпынған. Кейбір орны толықтырылатын "әттегенайына"қарамай- ақ, соншалықты әсерлі, әдемі, жанды дүниенің жарыққа шыққанына қуанып қайттық. 

"Жастықтың оты қайдасың?" дегенді біз де өз ішімізден айтқандай болып, көңіліміз бір ысып, бір суынып отырдық. Бәрін түгел сарқып, ет жүректі езіп, көңілді қопарып айтқан қазақтың қайран Абайы- ай!- деп тебіреніп, ойланып қайттық. Осындай жас буын театрға жанжақты қолдау көрсетіп келе жатқан колледж директоры Құралай Ғазизқызына, театрдың жетекшісі, колледждің жас оқытушысы Хакім Қасамбайға ризашылығымды білдіремін. Іске сәт, жас достар!

Ерболат Баятұлы

author

Ерболат Баятұлы

АҚЫН

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...