Наурыз айында латын әрпіне негізделген қазақ әліпбиінің соңғы нұсқасы мақұлданады. Қазіргі таңда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес латын қарпіне негізделген қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқаларын ғылыми тұрғыдан қайта сараптау жұмыстары жүргізілуде.
2. Енгізілсе, С әрпімен Ч дыбысын белгілеуді құптайсыз ба?
3. Немесе С әрпімен Ц-ны белгілеп, Ç -мен Ч дыбысын белгілеген дұрыс па?
4. Ұсынылған әліпбидегі Iɪ - i мен İi-мен и таңбалары ұқсас болғандықтан, шатастырмас үшін Ии-дыбысын Jj-мен, Жж дыбысын жоғарыдағыдай белгілеуді құптайсыз ба?
5. Iɪ - i мен İi-мен и дыбысын орындарын ауыстыру немесе сол қалпы қалдырудың қайсысын құптар едіңіз?
6. Ң – әрпін латында жоқ Ŋ-таңбасымен берген дұрыс па, әлде N әріпінің үстіне тильда немесе бревис қою арқылы таңбалауды құптайсыз ба?
7. Ww, Xх, С таңбалары тек пернетақтада орналасу керек дегенді құптайсыз ба? Талқылаудың мақсаты жоғарыдағы ұсыныстар бойынша ортақ пікірге келу.