Нұрай оқиғасына байланысты "Некеге мәжбүрлеу" бойынша қылмыстық іс қозғалды

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
584

Шымкентте қаза тапқан 21 жастағы Нұрай Серікбайдың ісі бойынша "некеге тұруға мәжбүрлеу" бабы аясында тағы бір қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Қосымша істің тіркелгенін марқұмның ісін қорғап жүрген адвокат Аянхан Омаров мәлімдеді. Оның айтуынша, қылмыстық іс Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 125-1-бабы ("некеге тұруға мәжбүрлеу") бойынша тіркелген.

"Нұрайдың ісі бойынша 125-1-баппен қылмыстық іс қозғалды. Қоғамды дүр сілкіндірген бұл іс Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. Қазір Ішкі істер министрлігінен арнайы комиссия келіп, тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Тергеу жан-жақты, әділ әрі сапалы жүргізіледі деп сенемін", – деп жазды адвокат. 

PESTEL

АҚШ Президенті Дональд Трамп қатысқан Вашингтондағы Hilton қонақүйінде өткен жыл сайынғы медиа-кешкі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2029 жылдың сәуір айында Жерге жақын маңнан шамамен 350 метрлік Апофис астероиды ұшып өтеді. Ол сонш...