Түркияның танымал журналы бір нөмірін толықтай Түркістан қаласына арнады

ЖАҢАЛЫҚТАР
3490

Түркияның танымал «Йерлі Дүшүндже» (Yerli Düşünce) журналы бір нөмірін толықтай Түркістан қаласына арнады, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

Басылымның соңғы нөмірі «Яссауи жолының сыры, Түркі әлемінің жүрегі - Түркістан» атымен жарық көрді. 128 беттен тұратын журналға Түркия президентінің Бас кеңесшісі Ялчын Топчының, халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновтың, Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлының, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевтың және түркиялық белгілі ғалымдардың мақалалары мен сұхбаттары топтастырылған.

Түркі әлемінің зиялылары Түркістан қаласының өткені мен бүгіні және болашағы жайында сыр шерткен. Қ.А.Ясауи атындағы Қазақ-түрік университетінің зерттеушісі Фатма Сөнмездің Түркиядан арнайы киелі Түркістанға барып, қасиетті жерлерін аралап көлемді жазған мақаласы да журнал бетінде жарық көрген.

madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...