Қырғызстанның оңтүстігінде селден бір адам қаза тапты

Фото: vesti.kg

ЖАҢАЛЫҚТАР
2738

Қырғызстанның Ош облысында қатты сел жүрді. Қазіргі таңда бір адамның көз жұмғаны белгілі болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

 Қырғызның Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратынша бір отбасының төрт бірдей мүшесі көлігімен бірге лай көшкінінің астында қалған. Қайғылы оқиға Мырзаке — Қара-Құлжа — Алайқуу тас жолының 41-ші км болған. Жергілікті тұрғындар екі әйел мен бір баланы аман алып қалды.

Алайда ер адам селмен бірге ағып кеткен. Құтқарушылар марқұмның денесін тауып, туыстарына тапсырды. Дереккөз ақпараты бойынша, күшті сел Ош облысының екі ауданында – Алай және Қара-Құлжада болған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...