Димаш Құдайберген: Дәрігерлер ең жоғары құрметке лайық

Жаңалықтар
1189

Әнші Димаш Құдайберген басын қатерге тігіп, коронавирус дертімен ауырғандарды емдеп жатқан мдициналық қызметшілерге алғыс айтты, деп хабарлайды "Мәдениет порталы"

«Өзге адамдарға көмектесу үшін басын қатерге тігіп жатқан медициналық қызметшілерге шын көңілден алғыс айтқым келеді. Кеше Қазақстанда екі адам коронавирустан емделгені туралы жаңалық оқыдым. Қазақстандағы және әлемдегі барлық дәрігерлерге басымды иемін», - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасына . 

Сондай-ақ, ол медицина қызметшілерінің еңбегі үлкен құрметке лайық екені туралы жазды. 

«Әншілер мен кино жұлдыздары әрдайым қошеметке ие болады, бірақ менің көзқарасым бойынша – дәрігерлер одан да зор құрметке лайықты. Еліміздегі барлық дәрігердің жалақысы көтерілсе жақсы болар ед», - деп жазды ол.

author

Димаш Құдайберген

ӘНШІ

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...