Тұңғыш рет құрылған Жастар кеңесінде жаңа тағайындаулар болды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және...
Астана Нұрсұлтан деп аталуы керек - Қасым-Жомарт Тоқаев
Бүгіннен бастап Президент міндетін уақытша атқаруға кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының атауын Нұрсұлтан деп өзгерту туралы ұсыныс жасады.
«Біздің ұлы замандасымыздың, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін келесі жолдармен мәңгі есте қалдыру дұрыс деп санаймын. Біздің астана Президентіміздің есімімен Нұрсұлтан деп аталуы керек. Мұндай ұсыныстарты бұрын ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы тұсында да парламентерийлер, Парламент депуттары айтқан болатын. Бұдан бөлек, біздің елордада Тұңғыш Президенттің құрметіне монумент орнатуды ұсынамын. Барлық облыстық қалалардың басты көшелерін - Нұрсұлтан Назарбаев деп атау дұрыс деп деп есептеймін. Елбасыға біздің мемлекеттің ең жоғарғы атақтарына лайықты. «Халық қаһарманы», «Еңбек ері» атағын беруді ұсынамын. Сенаттың бұрынғы төрағасы ретінде Елбасыға құрметті сенатор мәртебесін беру керек деп есептеймін. Тұңғыш Президент түсірілген барлық суреттер мен фотолар жариялы нысандардың, мемлекеттік қызметшілер кабинеттерінің, оқу орындары ғимараттарының міндетті атрибуты ретінде қалады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.