Әлеуметтік желідегі эстафетаға Тоқаев та қатысты

ӘДЕБИЕТ
1467

Әлеуметтік желіде “Қандай кітап оқып жатырсыз?” деп аталатын эстафета өтіп жатқаны желі қолданушыларына мәлім. Бұл эстафетаға президент Тоқаев та қатысты. Президент эстафетаны белгілі ақын, Қазақстан жазушылар одағының басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет жолдаған.

“Карантин күндері ақын-жазушылар, журналистер, мәдениет қайраткерлері және қатардағы азаматтарымыз әлеуметтік желіде «Қандай кітап оқып жатырсыз?» челлендж-эстафетасын ұйымдастырған екен. Бұл бастаманы толық қолдаймын және осындай игі істі қолға алған отандастарыма шынайы ризашылығымды білдіремін.Шын мәнінде, кітап оқу – рухани кемелденудің көзі десем артық емес. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Жалған деректің, шындыққа жанаспайтын қауесеттердің де тез тарап жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан, мұндай жағдайға мейлінше жол бермеу үшін алтын уақытымызды осындай пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн.Белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің менің атыма жолдаған эстафетасын қабылдаймын және осы күндері оқып жатқан кітаптар мен газет-журналдардың тізімін ұсынамын:

1. Жүсіп Баласағұн. Құтты билік.
2. Абай Құнанбаев. Хикмет кітәбі. Книга мудрости. Book of wisdom.
3. Winston Churchill. The Second World War. Volume III. The Grand Alliance.
4. Тұрсын Жұртбай. Құнанбай.
5. Ерлан Сыдыков. Кунанбай.
6. Адам Туз. Крах. Как десятилетие финансовых кризисов изменило мир.
7. Алек Росс. Индустрии будущего. The Industries of the future.
8. Кевин Келли. Неизбежно. 12 технологических трендов, которые определяют наше будущее.
9. Parag Khanna. The Future is Asian.
10. «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Turkistan» және т.б. газеттер, «Жұлдыз» журналы.
Осы мүмкіндікті пайдаланып, бұл эстафетаны барша отандастарыма, әсіресе, жастарға жолдаймын және төмендегі әдебиеттерді оқуға кеңес беремін” деп жазады президент.

author

Абай

АҚЫН

Парламет дауысы

Сенатор Дархан Қыдырәлі ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында мемлекет...

Мемлекет басшысы

Тарих толқында сан ғасырлар бойы қаншама мемлекет құрылып, бірі ескексіз қайықтай бағыты мен бағдары...