Маралтай Райымбекұлы, ақын: Көңілге қонымды байлам

ӘДЕБИЕТ
1396
– Бүгінгі таңда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы көпшілік талқысына түсіп, түрлі пікірлер айтылып жатыр. Әлбетте, біздің осындай саяси күрделі кезеңде тұрған сәтімізде пікір алуандылығы болуы заңды құбылыс, әрі солай болуға тиісті де. Көңіл безбеніне салып таразылағанда Жолдаудың қолдайтын тұсы молырақ екенін мойындауымыз керек. Мәселен, Президенттің өкілеттігін 7 жылға дейін ұзартып, тек бір кезеңге сайлайтыны көңілге қонымды байлам. Олай дейтінім, бұл ұсыныс қоғамда болып жатқан іргелі өзгерістер тұрғысынан қарағанда жаңаша өркендеп нығаюға жол ашқан болар еді. Және бұл қағида мемлекет құндылығын жеке бас мүддесіне пайдалануға, шексіз билік мүмкіншілігіне тосқауыл қояды. Президент мырза осынау шешімге бостан-босқа келген жоқ деп ойлаймын. Бұл шешімнің астарынан ел болашағын қапысыз сезінген алаң көңілді аңғардым. Шындығында да, ел басына келген президент жеті жыл мерзімде алға қойған айқын мұратқа иек артып үлгерген болар еді. Мәселені осы тұрғыдан бажайлағанда және әлемдегі болып отырған дағдарыстар мен айналамыздағы мемлекеттердің ауыр аxуалын есте ұстағанда, Президент өкілеттілігін жеті жылға межелеу өте құптарлық шешім. Ендігі бір мәселе – күздегі сайлауға саяси партиялардың тіркелуі және кандидаттарын ұсыну үлгерімі қалай болмақ? Әлбетте, өз елін өркендетем, дамытам, межелі биікке шығарам деген елін сүйген тұлғалар мен саяси партиялар аянып қалмасы анық. «Өткелде ат айырбастамайды» деген бұрынғыдан қалған есті сөз бар еді. Сол қағидат бүгінгі біздің жағыдайымызда Темірқазық болса – ләзім. Бір биікке ұмтылған, ақ мұратты көздеген асыл еліміздің туы жығылмауын тілейміз, түтіні түзу шыққанын қалаймын! Ұстараның жүзінде Тәуелсіздіктің ақ құсы тұр. Атар таң – Алаштың таңы! 
author

Маралтай Ыбыраев

АҚЫН

Шоу-бизнес

Танымал әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіде марқұмды еске алып жазба арнады, деп хабарлады madeni...

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...