ӘЛ-ФАРАБИ. ӘРІПТЕР КІТАБЫ

ТАНЫМ
5847


(Аударған Т.Ғабитов)

1 ТАРАУ

Әріптер мен категориялардың атаулары

Үшінші бөлім

Категориялар

Әлемдегі заттар көпшілігінің бөлшектерді қажетсінетіндігін біз білуіміз керек. Осы жағдайға байланысты философтар ол бөлшектерге де және олардан туындайтындарға да атаулар береді. Әрбір бөлшектің "Қашан?" деген сұрағын қажетсінетіндердің барлығын да "Қашанның?" көрінісі деп атайды. "Қайда?" деген сұраққа жауап беруді қажетсінушіліктің барлығын да "Қайданың?" көрінісі деп атайды. "Қалай?" бөлшегіне жауап беруді қажетсінуді "Қалай?" мен "сапаның" көрінісі деп атайды. Дәл осы сияқты "Қанша?" деген сұраққа жауап беруді қажетсінуді "Қанша?" мен "сапаның" көрінісі деп атайды. Ал "Не?" деген сұрақты "Не?" мен "мәннің" көрінісі деп атайды. Бірақ та философтар "бе" бөлшегіне жауап қажетсінуді "бенің" көрінісі деп атамай, оны заттың нағыз өзі деп ұғынады.

Жоғарыда көрсетілген белгілі бір затты сипаттайтын және соған байланысты қолданылатын сөздерді көрсететін ақыл - ойлылықтың (мәнділігін) әрбір маңыздылық қасиетін біз категориялар деп атаймыз. Жоғарыда көрсетілгендей, категориялардың кейбіреуін біз "Ол не?" (бірдемелік) деп анықтаймыз; (63-6.) кейбіреуін — "Ол қанша?" деп анықтаймыз; кейбіреуін — "Ол қалайша?"; кейбіреуін — "ара қатынасын белгілеу" деп анықтаймыз; кейбіреуін — "зат" есебінде; кейбіреуін — "жағдай" деп; қалай онда, оның бетін бір нәрсе жауып жатыр; қалай ондай әсерге ұшырайды; ал кейбіреулері өздері туындайтын харекеттер сияқты әсер қалдырады.

Жоғарыда көрсетілгендей, акциденцияларды айқындау жолымен және басқа да табиғи жолдармен сипатталатын сезімдік қабылдауды "Ол не?" (бірдемелік) деп айту дәстүрге айналған. Ол сөздің абсолюттік мағынасында айтқанда субстанция болып, немесе сөздің абсолюттік мағынасындағы мәні болып табылады. Өйткені заттардың мәнісінің өзі де заттардың мәні, оның екінші субстанциясы және екінші субстанцияның бөлшегі болып табылады. Ал өз болмысынан-ақ болған мәнділік екінші бір мәнділікті қажет етпейді де және сөздің абсолютті мағынасында субстанция болып табылады. Олай болатыны: ол қайсы бір затпен аралық қатынаста болып, онымен өзара байланыста болғандықтан, сөздің абсолюттік мағынасында да мәнділікке ие болатындығы ешбір дау тудырмайды. Сонымен, жоғарыда аталған әдіспен "Ол не?" арқылы айқындалғандар — субстанция болып саналады. Ол туралы "Ол нені?" қамтитындар ғана айтылатын болғандықтан басқа заттармен байланыспайтын абсолюттік субстанцияға айналады, өйткені өзі жайында белгілі болғандар арқылы барлық жағдайларда да субстанциялық қасиетін жоғалтпайды. Жоғарыда көрсетілген кәдімгі предикаттардың біріне байланысты қарастырсақ, ол басқа бір заттың субстанциясы болғанымен де, дәл жоғарыдағыдай айтылған мағынада олардың бірде-бірі нағыз субстанция бола алмайды. Сонымен оның біршама шектелген субстанция және жоғарыда көрсетілген субстанцияның акциденциясы екендігі айқындалып қалғандай болып көрінеді.

"Кейде" категориясы көрсетіліп, көрсетілмегендігіне қарамастан, ол жайында не айтылғандығынан мағлұмат беріледі, сонымен қатар көрсетілген немесе көрсетілмеген әрбір сөздің ең жалпы мағынасы да түсіндіріліп отырады. "Егер" категориясы кейбір жағдайларда соз бен нұсқауды да білдіреді, өйткені адам аты, соз не болмаса қандай бір зат болмасын пікір қалай болғанда да әрбір айтылған сөздің өзгеше өзіндік маңыздылығын көрсетеді. Категория кейде әрбір сөздің мағыналық маңызын, кейде қайсы бір заттың предикатын, ал кей жағдайларда ақыл-ой жетпейтін мәнділікті де көрсетеді. Өйткені пікір кей сәттерде адамның жан дүниесінде қалыптасып, орныққан көзқарастарды да білдіреді (64-6). Кей кездерде категория анықтамалық рөл де атқара береді, өйткені анықтама кез келген сөздің мән-мағынасын тереңдете ашуға мүмкіндік береді. Одан әрі толықтыра түссек, категорияның суреттемелік қасиетке де ие бола алатындығына көз жеткіземіз. Өйткені суреттеме де әрбір сөздің мән-мағынасын аша түсуге дәнекер болады. Бүл категориялардың категориялар деп аталатын себебі: олардың қай-қайсысы болмасын сөздің мән-мағынасындағы, жоғарыда көрсетілген сезімдік тұрғыдан қабылданатын заттың предикатындағы (яғни сезімдік тұрғыдан қабылданатын мәнділік, шын мәнісінде ақыл-ой өрісіне айналып дәлелденетін бірінші түсіндірілетін мәнділік) жинақталған құндылықтарды өз бойына сіңіріп отырады. Егер категориялар заттарды сезімдік қабылдаудан туындаған категориялар болатын болса, онда даралық сипаттағы Бірінші акт жайында түсінік бермеген болар еді, ал өз кезегінде бірыңғайлылық күрделілікке жол ашып беретіндігі сөзсіз.

Төртінші бөлім 

Екінші дәлелденетін мәнділіктер

Дәлелденетін мәнділіктердің қай-қайсысы болмасын адамның жан дүниесінде заттарды сезімдік қабылдаудың нәтижесінде туындайтындықтан және жан дүние кеңістігінде алатын өзіндік орны болғандықтан, мәнділіктер оған тән қасиеттерін жоғалта да қоймайды. Басқаша бір өзіндік белгілеріне байланысты олардың кейбіреулері бірін-бірі айқындайтын күйге түссе, ал кейбіреулері белгілі бір түрге айналып отырады. Предикаттың арқасында күй күйге, ал түр түрге айналатындықтан, ол көпшіліктің предикаты болып табылады да, ал оның маңыздылығы жан дүние жағдайында дәлелденетін мәнділіктерге тән қасиетке ие болады. Дәл осы сияқты тым жекеше немесе тым жалпылама сипаттағы дәлелденетін мәнділіктерге тән қатынастар да жанға төн болып келеді. Дәл осы сияқты дәлелденетін мәнділіктердің кейбіреулері өздеріне қатысты жағдай мен қалыпқа байланысты анықталады және ол жан-дүние кеңістігінде өмір сүреді. Дәл осы сияқты дәлелденетін мәнділіктер жайындағы, дәлірек айтқанда "белгілілігі" немесе "дәлелденетіндігі" жайындағы пікірлеріміз де өзіндік жанға тән болып келеді. Өз кезегінде жан-дүние сарайында сақталғандар да дәлелденетін қағидалар болып табылады. Дегенмен де олар сезімдік тұрғыдан қабылданатын немесе жаннан тыс сезімдік қабылданатындар немесе дәлелденетін мәнділіктер нәтижесінде жан дүниеде жинақталып алынған дәлелденетін мәнділіктерге жатпайтындықтан, бұларды екінші дәлелденетін мәнділіктер деп атаймыз. Олар екінші дәлелденетін мәнділіктер болып табылатындықтан, бірінші дәлелденетін мәнділіктерге тән белгілерді де қайталайды. Алғашқысына — бірін-бірі айқындап отырудың және т.б. арқасында (65-6.) күй мен түр туындайтын жағдай тән болып келеді. Бір ғана нәрсеге тән білім жан дүние арнасына келіп жеткенде ғана белгілі жайттар болатындығы, белгілі өз кезегінде белгілілерге айналатындығы сияқты дәлелденетіндер де дәлелденгендер қатарынан орын алады да, ал одан әрі білімінің маңыздылығын білудің өзі белгілі де, қажетті жайтқа айналады. Бұл жағдай ғылымның басқа салаларына да қатысты болып келеді, яғни түр-түрге айналғанша аталмыш үрдістер шексіз қайталана береді. Бүл екінші қағиданы құрайтын сөздер тәріздес, өйткені бірінші жағдайда флекциялар бойынша өзгерістерге ұшырайтын сөздерге байланыстылардың барлығы да оларға тән болып табылады. Мысалы, "көтеру" дегеніміздің өзі көтеру арқылы көтерілу мағынасында айтылса, ал "қатынастар" ара қатынастық қатынастар деген ұғымды білдірді, сөйтіп дәл осындай ретпен қайталана береді.

Дегенмен де дәлелденетін мәнділіктер немесе олардың барлығы да белгілі бір түрге жатқызылған уақытта солардың бірінің жағдайында, дәлірек айтқанда, жиынтығы болып табылғанда, не болмаса түрлердің кез келген біреуінің басқалардың жағдайын басынан кешірген уақытында шексіздікке ұмтылыс жасайтындығы аңғарылып қалып отырады. Дәл осылай бола қалған күңде бірінші дәлелденетін мәнділіктерге тән жағдайлар арасында, одан қалды атау септігіне қойып айтудың арасында айырмашылықтар бола да қоймайды. Онда атау септігіндегі "Зейд" және "адам" сөздері толық жалғаулармен оқылып, бірінші жағдайды көрсетеді және бүл сөздер оз мағынасында толық жалғаулармен оқылғандықтан, екінші жағдайларға тән белгілерге де не болады. Сөйтіп, бірінші жағдайдағы толық жалғаулар арқылы оқу екінші жағдайдағы толық жалғаулар арқылы оқумен сәйкес келеді. Олай болса, дәлелденетін мәнділіктердің табиғаты да дәл осындай болып келеді, өйткені екінші дәлелденетін мәнділіктердің басындағы күйді, сөзсіз бірінші дәлелденетін мәнділіктер де өз бастарынан үнемі кешіріп отырады. Дәл осындай табиғи жарастық, шын мәнісінде, олардың бір заттан шыққан тектік қасиеттерін де көрсетеді. Заттар шекті немесе шексіз екендігіне қарамастан олардың бір ыңғайлылығын танып-білу — жиынтық сипатындағы білімділік нышандары болып табылады. Мысалы, шектілік немесе шексіздік сипатта болса да, "адамды" танып-білу дегеніміздің өзі осы сөздің мән-мағынасын тереңдете ашып көрсету екендігі ешбір дау тудырмайды. Демек, мұндай қадамның өзі барша адамдардың болмысын танып-білуге деген табиғи құлшыныстың дәл өзі болып шыға келеді.

Сөйтіп, шексіздікке жататын айғақтардың жоқтығы белгілі болып қалады. Егер бірыңғайлылықты танып білетін болсақ, онда жиынтық қасиеттерді де тереңірек танып-білуге мүмкіндік аламыз. Олай болатыны: біз шексіз сандар болып табылмайтын (66-6.) жиынтық денелерді қамтитындығынан толық хабардармыз. Міне, сондықтан да болар шексіздікке барып жалғасатын "адамның шамасы", "шаманың шамасы", "шаманың шамасының шамасы" туралы сұрақтар Антисфенді де қатты мазалаған. Шексіздіктің қандай күйде екендігіне қарамастан біздің шексіздікті танып білуімізде жалғандық орын алатын болса, онда шексіздікті танып-білудің қажеттігі болмай да қалады. Тіпті, оларды аңғарып, шексіздіктің әрбір бөлшегін таныған күннің өзінде де мұндай танымның жалғандығы білініп-ақ тұрады. Шекті немесе шексіз болғандығына қарамастан, "Зейд" сөзінің атау септігінде айтылып қойылғандағы маңызы сияқты, шек-шаманың да маңыздылығы жиынтықтың жан-жақтылығын, бірыңғайлықтың мән-мағынасын білдіру болып табылады. Мұндай жағдайда бүл екі сөз де бірыңғай универсалдылық мәнділікке ие болады да, ал "қойылымды қою" әрекетінде шексіздікке талпыныс орын алады. Шексіздікке ұмтылатын "түрдің түр туралы", "түрдің түрі түр туралы" мәселелерде де дәл осы сияқты жағдай орын алады. Өз кезегінде ұқсастық жайындағы сұрақ мәселесі де осы сарындас болып келеді. Бұл арада ұқсасқа ұқсас басқа бір ұқсасқа ұқсас болып келе ме, әлде басқадан өзгешеленетін өзгешеден өзгешелене ме, әлде оған ұқсас па деген сияқты сұрақтар туындайды. Бұл ойды одан әрі өрбітетін болсақ, ерекшеленетіндіктің шамасы соншалықты болғандықтан да, ерекшеленетін де оған соншама ұқсас болады, ал бүл ұқсастық соншалықты ұқсас болғандықтан да, соншама ерекшеленетін болады немесе ерекшеленетін басқа бір ерекшеленетін ерекшеден және ерекшеленетін басқа бір ерекшеленетіннен ерекшеленеді, яғни екі жағдайдың әрқайсысынан ерекшеленетін, басқалардың рухынан өзгеше ерекшеленетін ерекшелік туындайды және дәл осылай шексіз жалғаса береді. Бұл сұрақтар бірыңғай болып келетіндіктен, олардың барлығы да екінші дәлелденетін мәнділіктердің қатарына жатады. Олардың даралығына берілер жауап біреу ғана, ал ол жауаптарды біз қысқаша баяндап өттік.

Бесінші бөлім

Қолөнер мен ғылымның ең алғашқы объектілері

Бұл дәлелденетін мәнділіктер екіншіге қарағанда алғашқылық сипатын жоғалтпайды. Бірінші сөздер ең бірінші кезекте алғашқы объектілер мен олардың құрамына ерекше мән-мағына береді. Бұған логика өнерінің, табиғат туралы ғылымның, азаматтық ғылымның, математикалық ғылымдардың және метафизика ғылымының алғашқы объектілері жатады.

Алғашқы объектілер қолданылатын сөздердің арқасында өзіндік мәнділікке ие болғандықтан, олардың ездері де универсалдық сипат алып, предикат пен объектіге айналады, өздері де бірін-бірі айқындай алатын дәрежеге көтеріледі, тіпті өздері жайында туындаған сұрақтарға дәлелді жауаптар да бере алады және олар мағынасы жағынан қисынды да болып келеді. Олардың еске алынғандарға тән екендігі ескерілгендіктен, біреуін басқалармен біріктіре отырып қарастырамыз және бұндай жағдайда олардың жиынтық қасиеті де ескеріліп отырады. Өйткені олардың жиынтығы адамның ақыл-ойын дәлелденетін мәнділіктерді өз мағынасында дұрыс ұғына білуге бағыттайтын және дәлелденетін мәнділіктерге тікелей қатынасты қателіктерден сақтандыратын басты құралға айналады. Ал олар біркелкілік қасиетін жоғалтпайтын болса, онда олар осы күйлерінде қабылданған да болар еді.

Ғылымның басқа да салаларына келетін болсақ, оларда дәлелденетін мәнділіктер адамның ақыл-парасатынан тыс жататын заттар тұрғысынан және адам ойын айқын білдіре білетіндердің жан-жақтылығы арқасында алынады. Бірақ адам олардың көмегі арқылы білімге қол жеткізу үшін, дәл осындай күйді қабылдауға мәжбүр болады. Ал білім белгілі бір деңгейге жеткеннен кейін, адамның бұл халден абстракциялануына да болады. Кез келген адам оларды сол күйінде қабылдауға мәжбүр болады және қалыптасқан сол күйдің нәтижелері оның білім дәрежесіне де сәйкес болуы керек. Адам оларды зерттеп-білуді тәмәмдап, ал олар бүл күйден арылғанның өзінде де, тіпті бір-бірінен бөлінген күннің өзінде де адам сол күйдің белгілі бір жағына ойысуды өз алдына мақсат етіп қойғандығы абзал болар.

Адам еркіне бағынышты және адам еркінен тыс өмір сүретін категориялардың мән-мағынасы қаңдай болып келеді?

Адамның еркі бойынша өмір сүретін категорияларды азаматтық ғылым қарастырса, ал адам еркінен тыс өмір сүретін категорияларды зерттеумен табиғат жайындағы ғылым айналысады. Математикалық ғылымдарға келетін болсақ, онда ол категориялардың сан алуандық сипатының "қаншалықты" екендігімен қатар соншама сан алуандықтың өзіндік мәнділіктерін де қарастырады. Осы орайда ақыл-оймен абстракцияланатын және адам еркінен тыс өмір сүретіндерден басқа өздеріне тән және оларға тікелей қатысты басқа да заттардан да босана бастайтындығын ескерте кеткен жөн.

Жоғарыда атап көрсетілгендей, математикалық ғылымдар сезімдік тұрғыдан қабылданатын заттарды қарастырмайды. Олар "Қалайша?" мағынасындағы заттарға эсер етпейді және жоғарыда айтылғандай жағдайда болмайды да. Демек, жаңа ғана атап өтілгендей, категориялардың сан алуандығының қаншалықты екендігін салыстырмалы және кездейсоқтық тұрғыдан қарастырмайды, тіпті "Неге оларды да?" үнемі қарастыра бермейді, бірақ жоғарыда көрсетілгендерден және жаңа ғана аталған "Не одан?" абстракцияланған адам санасындағы түрлі категорияларды негізге алып отырады.

Табиғат жайындағы ғылымға келетін болсақ, ол кез келген заттың мән-мағынасына байланысты жағдайлардың барлық жақтарын да қарастырады. Сонымен қатар жоғарыда атап өткен "бірдеменің" және оған қатыстылардың сан алуандығының мәнділігін де назардан тыс қалдырмайды. Табиғат жайындағы ғылым, сонымен бірге математикалық ғылымдар дәл осы тұрғыдан қарастыратындарды да басты нысанаға айналдырады, өйткені жоғарыда атап өтілген "бірдеменің" және оған қатыстылардың сан алуандығының мәнділігінің ашылуы табиғат жайындағы ғылымның белгілі бір бөлігімен, ал бәрінен бұрын оның жиынтығымен тікелей байланысты болып келеді.

Математикалық ғылымдар, жоғарыда атап өтілгендей, "бірдеменің" барлық түрлерімен де байланыспайтын категорияларда қарастырылса, ал табиғат жайындағы ғылым категорияларды "бірдемелердің" мән-мағынасын білдіретіндігін дәлелдеу тұрғысынан зерттейді. Метематикалық ғылымдар бүл заттарды нені зерттейді және олардың әрқайсысының құндылықтарға қандай дәрежеде қатынасты екендігімен ғана шектелсе, ал табиғат жайындағы ғылым зерттеу бағдарына айналған заттарға қатысты жауаптарды да іздестіре бастайды.

Мысалы, "Ол қандай зат?", "Ол қайдан шықты?", "Қалай пайда болды?", "Оның қажеті не?" деген сияқты сұрақтарға ғылыми тұрғыдан жауап беру керек болады.

Математикалық ғылымдардың мән-мағынасы жағынан категориялардан тысқары тұратын өзінше бірыңғайлылық болып табылатындарға қатысы да болмайтын сияқты. Ал табиғат жайындағы ғылымға келетін болсақ, ол да заттар жайында мағлұматтар береді және олардың көпшілігі категорияларға байланысты сырттай сипат алады. Өйткені табиғат жайындағы ғылым категориядан тыс өмір сүретін белгілі бір заттың басқа бір затқа қатыстылығы арқылы айқындалатын қағидаларды береді, немесе шектің шегі не болмаса шектің шегінің шегін беруге келіп саяды және бұл жағдай категориялардың он бойында қалыптасып, өзінің өміршеңдігін таныта білген мақсаттар мен түпкілікті нәтижеге жеткенше қайталана береді. Табиғат жайындағы ғылым мәнділіктің бөлшегіндегі әрбір затты мұқият зерттемесе, олардың мәнділік табиғатында шын мәнісінде өмір сүретін ең қажеттілікке көз жеткізбесе, онда ол категориялардан тыс дәлелденетін мәнділіктер болып табылатын заттарға да (69-6.), одан қалды категориядан тыс олардың мәнділік бөліктеріне байланысты туындайтын ғылыми қағидаларға күтпеген жерден келеді және тағы да күтпеген жағдайда категориялардан тыс өмір сүретіндерге байланысты қағидалар мен түпкілікті болып табылатын бұрыннан белгілі болып қалған қағидалар да үстемдік танытады. Мұндай күйдегі категориялардағы заттардың барынша жинақталып, бір-бірімен қосылуынан қажетті категориялардың негізінде өмір сүретін белгілі бір зат келіп шығады.

Бірақ басқа бөлшектер өзгешелендіретін белгі ретінде сипатталмағандай әсер қалдырады, өйткені олар категориялар құрамындағы заттар мәнділігінің бөлшектері болған жағдайда, ол бүл заттардың жиынтығына айналады. Не болмаса жоғарыда көрсетілген зат өмір сүре берер еді де, ал ол заттар оның мәнділігінің бөлшектеріне айналар еді және олар категориялардың құрамына енгендіктен, көрсетілген "бірдемеден" ешбір айырмашылығы жоқ болғандықтан оған (бірдемеге) деген қарым-қатынасы сырттай сипат алмаған болар еді. Дегенмен де олар қалай болғанда да аталған бұл жиынтықтан ерекшелене де қоймас. Ал шек пен әрекетшілдікке тоқталатын болсақ, олар мүмкін сыртқы сипаттағылардың қатарына жатар және заттық құрамымен де ерекшеленер. Демек, табиғат жайындағы ғылым бірдеме дегеніміз не, яғни "бірдеме" дегенге ең түсінікті де, ең мағыналы ұғымды беріп отыр. Сонымен қатар категорияның құрамындағы заттардан ненің ерекшеленетіндігін, оның сан алуандық мәнділігін ашып көрсету үшін, нені ашып көрсету керек екендігінен де мағлұмат береді. Олай болса, табиғат жайындағы ғылым әр түрлі болып кездесетін, әрі шегіне жеткен әрекетшілдікпен қатар соңғы шек жайындағы да ғылым болып табылады.

Табиғат жайындағы ғылымның зерттеу аймағы мен тақырыбы категориялар болып саналғандықтан, категорияларға жатпайтын, олардан тыс тұратын кейбір заттарды да назардан тыс қалдырмайды. Бірақ бұл категориялар заттарға байланысты туындағандықтан және оларға сырттай қатынасы болғандықтан да, олардан өзіндік айырмашылықтар арқылы ерекшеленетіндігі ешбір дау тудырмайды.

Осымен табиғат жайындағы ғылымды зерттеу тәмамдалды.

Осыдан кейін категориялардан тыс тұратын заттарды басқа да жолдармен, дәлірек айтқанда, метафизикалық ғылымдар арқылы зерттеген жөн. Өйткені, олар заттарды ғылыми тұрғыдан зерттеп-білуде олардың танымдық белгілерін тереңірек зерттейді, "категориялар нені қамтиды" деген сұраққа ерекше мән береді, яғни оларды заттар жайындағы мәліметтер мен қағидалардан хабардар етеді, олардың құрамына тәжірибелік өнер саласынан, математикалық ғылымнан, азаматтық ғылым мен азаматтық өнерден нелер кіретіндігін айқындайды. Осымен теориялық ғылымдар тамамдалады (70-6). Категориялар сонымен қатар диалектика мен софистика өнерінің, риторика өнері мен поэтика өнерінің ғылыми зерттеулерінде де басты орын алады. Жоғарыда атап көрсетілгендей, барлық категорияларды бір-бірімен салыстырған кезде, олардың тәжірибелік ғылымдардың басты тақырыбына айналғандығына көз жеткізгендей боламыз. Кейбіреулер олардың белгілі бір саласын зерттесе, кейбіреулер — кейбір жерлерде зерттеу жұмысын жүргізеді, кейбіреулер — кейбір қағидаларды, кейбіреулер — олардың ара-қатынастарын, ал кейбіреулер кез келген уақыт шеңберіндегі жағдайларды, кейбіреулері — бірдемені жауып жатқандарды, кейбіреулері әрекетшілдікке бой ұрғандарды, кейбіреулері — іс-әрекет нәтижелерін зерттейді. Егер сен тәжірибелік ғылымдардың зерттеу аймағы мен тақырыптарына тереңірек үңіле қарасаң, категориялармен өзара үндестік табатын заттарды жоғарыда аталғандардың арасынан таба да аласың. Дегенмен де егер өнер саласының өкілі өзінің жан дүниесінде белгілі бір затты қалайтын болса, ал ол зат шын мәнісінде бар болатын болса, "бірдеме" жайында айтылғандағы сияқты оның түріне сай келетін жоғарыда көрсетілген тәсіл қолданыс табады. Адамның жан дүниесінде орныққан өнердің өзі де әлемдегі заттар мен нәрселердің әр түрлерінен құралады. Өз кезегінде өнер сол заттың мән-мағынасын аша түседі, оның өн бойында әрекет жасайды, ал бүл әрекет дәлелденетін мәнділіктің бір түрі ретінде жоғарыда көрсетілгендей жүзеге асырылады. Оған риторика мен поэтика жатады және бүл екеуінің диалектика мен софистикадан өзіндік айырмашылықтары да бар. Өйткені олардың әрқайсысы категорияларды бірдемемен салыстыруды жоғарыда көрсетілгендей етіп айтып, насихаттап отырады және категорияларға жататын заттар жайында да ғылыми мәліметтер береді. Риторикаға келетін болсақ, бұл ғылым саласы онда категорияларға жататын заттардың кейбіреулерінің бар екендігіне көз жеткізуге тырысады. Поэтикаға келетін болсақ, ол да категорияларға жататын заттардың кез келгенінің онда бар екендігін елестетіп, шамалауға тырысады. Демек, риторика мен поэтика өнерлерінен дарыған шешен мен ақынның жан дүниесіндегі даралық қасиеттер оның заттарының түрлерінен түр түріне, түрлерден түрдің түрлеріне келіп жалғасуымен сипатталады. Шешен адам осылардың көмегінің арқасында түрдің заттың аймағында екендігіне көз жеткізсе, ал ақын да дәл осындай жағдайды басынан кешіріп, түрдің заттармен байланысын сезе алатындай күй кешеді. Риторика болса сендіре алатын және қандай жолмен сендіретін түрлерді таңдаса, ал поэтика қиялдағыны да және қалайша қиялдауды айқындай алатын түрлерді таңдайды.

Философия да, диалектика мен софистика да түрлерге ешбір шүбә келтірмейді және жоғарыда атап көрсетілгендей, олардың мәнділік қасиеттерін кемітпейді.

II ТАРАУ

Философиялық және діни сөздердің шығуы

Он тоғызыншы бөлім

Дін мен философия жайында бұрынғы және кейінгі мағынада айтылады

Философияның анықталған, шынайы дәуірін дәлелдеудің бірден-бір әдісі — аподейктика олардың көмегіне сүйене отырып, барлығынан да хабардар ете алатындай дәрежеге жеткенде ғана туындайды. Бүл жағдай бүл дәуірге негіз болған өткендегіні диалектикалық, софистикалық немесе сол бір жалған философия тұрғысынан да түсіндіру қажеттігін туғызады. Діннің адамзат баласының ақыл-ойын жаулап алғанына қарамастан, уақыт жағынан алып қарастырғанда, ол философиядан кеш туындағандығына көз жеткіземіз. Бір сөзбен айтқанда, діннің көмегімен халықты ағартушылық, яғни білім жолына сала отырып, саналық және тәжірибелік заттарды да үнемі іздестіруге мүмкіндік аламыз. Философия ғылымы саласындағы ғылыми зерттеулердің өздеріне сай келетін тәсілдер төмендегідей болып келеді: сендіру және жорамалдау (ғылыми ізденістер барысында бүл тәсілдердің екеуін қоса қолдануға да болады).

Калам* өнері мен мұсылмандық құқық кейінгі замандарда пайда болды және дін мен философиямен байланыса отырып, олар кейіннен қалыптасқан. Ежелгі заман философиясының кей жағдайлардағы күмәнділігі мен жалғандық сипатына қарамастан, дін одан кейін қалыптасқандықтан, калам мен мұсылмандық өнер де осылардан кейінгі орынды иеленеді. Дін кей кездерде қиялдағылар мен бейнелерді, немесе осы аталғандырдың екеуін де тұтастай қабылдағандарды шатастырып отырған, не болмаса туындаған жағдайларға байланысты орын ауыстырушылыққа да жол берген. Ал калам өнері болса қиял мен бейнелерді нағыз ақиқаттың көзі ретінде қабылдаған және оларды ақыл-ойдың көмегімен дәлелдеуге тырысқан. Егер заңгер қоғамда алатын орнына байланысты фикхтан кейін болған жағдайда ол теориялық тұжырымдарға сүйене отырып заңдар шығаратын адамға еліктейді, ал егер ол фикхтың алдына түсе қалғандай болса, онда заңгер күмәнді немесе жалғандығына қарамастан, философия ғылымындағы теориялық қащдаларды да, алғашқы әсерлерден туындаған түрлі бейнелер мен өмірлік пайымдауларды да қабылдайды. Демек, ол қабылданатын бейнелерді емес, ең бастысы — соларға тікелей байланысты айтылған түрлі философиялық қағидаларды ақиқаттың көзі деп таниды жөне заттардың бойларында қалыптасқан бейнелік ерекшеліктерінің көмегімен ой-саналық тұрғыдан ақиқат арнасына бет бұрады.

Каламның өкілі ез дінінде дәл осындай бейнелерді нағыз ақиқатқа балап, оған шын ниетін таныта да алады. Олай болса, қалам өнерінің бұл діндегі зерттейтін мәселелері көп жағдайларда ақиқаттан алшақтау болып келеді. Өйткені қаламның өкілі нағыз ақиқат ретінде қабылданатын заттар бейнесінің дәлелдемелерін де іздестіре бастайды. Ерекше атап өтетін бір жәйт, мұндай дәлелдемелердің ақиқаттық сипатта болуымен қатар, олардың жалғандық мазмұнда болуы да ғажап емес.

Калам өнері мен мұсылмандық құқықтың дінмен салыстырғанда кейінірек шыққандығы белгілі жайт. Өз кезегінде дін де философиядан кейін қалыптасқан, бұл ойымызды одан әрі өрбітетін болсақ, диалектикалық философия мен софистикалық философия дәлелденген философияның алдында өмірге келген. Бір сөзбен айтқанда, белгілі бір уақыт шеңберінде еңбек құралдарын жасап шығару оларды адамзат баласының тұрмыс-тіршілігінде кеңінен қолдануға әкеліп соққандығы сияқты, философия да діннің пайда болып, қалыптасуына өзінің зор ықпалын тигізген. Дәл осы сияқты диалектика мен софистиканың философияға қарым-қатынасы да ағаш пен оның жемістерін қоректендіру немесе ағаштың гүлденуі мен жеміс беруінің арасындағы қалыптасқан алғашқылық сипатындай болып келеді. Демек, діннің калам мен мұсылмандық құқықтан бұрын пайда болғандығы сияқты әмірші тағайындаған басшының өз қызметшілеріне және еңбек құралдарын жасау мен оларды қолдануға байланысты қалыптасатын қарым-қатынастарда да жоғарыда айтылған алғашқылық сарын орын алады.

Дін адам ойындағы заттардың мәнділігін елестету және сендіру арқылы да үйретеді. Өйткені дін жолын қуушылардың көпшілігі үйренудің осы екі жолынан басқаны білмегендіктерінің салдарынан, қалам өнерінің діннен кейін пайда болғандығы белгілі болып қалады. Олай дейтініміз, ол басқа нақтылы заттар жайында дұрыс мәліметтер бере де, тіпті берген күннің өзінде оларды шындық тұрғысынан дәлелдей де алмайды. Сондықтан ол бар болғаны сендіре алатындай дәрежеге ғана жетеді, ал бұл жағдай, әсіресе, ақиқаттың шынайы бейнелерін ақиқат ретінде дәлелдеу қажеттігі туындағанда орын алады.

Сенім жүйесі алғышарттар болып саналған жағдайда және бастапқы кезде пікірлердің мағынасы белгілі болып қалып отырады. Ал пікірлердің өзі мазмұндылығына қарай ерекше пікірлер, немесе осыған байланысты ерекше қорытындылар болып келетіндігі тағы бар. Бір сөзбен айтқанда, дәл осындай табиғатымен риторикалық әдістер санатына қосыла отырып, оларға сырттай қатысты қағидалар мен ой қорытындыларына айналуға мүмкіндік алады. Демек мутакаллимдар пікірдің алғашқы сатысында шариғаттың не екендігін дәлелдейтін теориялық қағидалармен ғана шектеледі. Мутакаллим бүл іске бүкіл халықты тартуға тырысады. Алайда ол белгілі бір пікірдің байыбына барып, оның қалыптасу кезеңін іждағатты түрде оқып білуі керек. Бірақ ол пікірдің бастамасын басқа заттардың көмегі арқылы үйренгендіктен, ол сол пікірдің бастапқы қалпының ырқында қала береді. Осы орайда оның ең басты жетістігі — диалектикалық пайымдаушылыққа қол жеткізе білгендігі екендігін баса айтқан жөн, өйткені осынысымен ол халықтан ерекшеленіп тұрады. Сонымен қатар ол диалектиканы пайдалануды өзінің ғұмырлық мақсаты етіп қоя біледі. Осы әрекетімен-ақ ол қарапайым халықтан ерекшеленіп отырған. Мутакаллим (133-6.) дінге қызмет еткенде, ал дін философиядан алшақтаған уақытта, қаламның философияға деген қатынасы дінге бағытталған қатынастай болып шығады. Өйткені дін де дәлелденген философия саласында, алғаш рет айқындалған қағидалардың ақиқаттығын одан әрі аша түсуге өзіндік үлесін қосып отырған. Бұл жағдай халықты шариғатқа үйрету барысында (айтылған пікірдің бастапқы кезінде) белгілі болып қалады. Осынысымен де мутакаллим қарапайым халықтан өз ерекшелігін сезініп отырды. Кейбір даралық қасиеттеріне байланысты оны тіпті халықтың оз арасынан шықты деп ойламайтындар да табылар. Шындығында да, ол ерекше жаратылған адамдар санатына жатады, бірақ мұндай құрметке ол сол дінге табынушылар арасында ғана ие бола алады. Осы орайда философияның барлық адамдар мен халықтарға етене жақын екендігін ерекше атап өткен жон.

Факих әдетте ойшыл адамдарға еліктейді. Осы себептен де болар, олардың көкейіндегі пікірлер бастауындағы (жасаған қадамдарының) кейбір ерекшеліктері аңғарылып та тұрады. Мұндай жағдай кейбір тәжірибелік істерде нақты дәлелденген дұрыс пікірлер (айтылғанда) орын алады. Демек, ойшыл адам өз тәжірибесінің де, одан қалды басқалардың өмірлік тәжірибелерін де іс жүзінде қолдана біледі. Міне, сондықтан факих белгілі бір шектелген дінге қатынасы жағынан өзгеше болып танылса, ал ойшыл адам барлық нәрсеге қатынасы жағынан даралық қасиеттерге ие болған.

Осылайша сөздің абсолюттік мағынасындағы ерекше адамдар — ол философтар болып саналады және олар сөздің абсолюттік мағынасы тұрғысынан алғанда да, нағыз философтар екендігі ақиқат. Ал ерекше адамдарға жататындар деп есептелетіндер, шын мәнісінде солаймын деп өздерін санағандарымен, олар бар болғаны нағыз философтарға ұқсайтындар ғана. Азаматтық философияға еліктегендер мен тақуа болғандар өздерін ерекше адамдардай сезініп, соларға соншама еліктеп, дана адамдардың қатарынан орын алуға қаншама тырысқандарымен де, олардың бойларынан бар болғаны филосфтарға ұқсастық пен басты тәжірибелік өнердің белгілі бір бөлігінің нышандары ғана табылады. Осы себептен әрбір тәжірибелік өнер өкілдерінің нағыз білгірлері өнер адамдарынан дарыған қағидаларды барынша үйреніп, оларды ойдағыдай меңгергенде ғана өздерінің ерекшеліктері мен табиғи қасиеттерін сезіне бастайды. Дәлірек айтсақ, өнердің әр түрлі саласының өкілі ғана мұндай биік дәрежеге жетіп қана қоймайды (134-6.), сонымен қатар өнердің барлық түрлерінен хабардар тәжірибелік өнердің адамдары да өздерін басқалармен салыстырғанда, ерекше адамдар қатарына қоя алады. Өйткені, ол адам өзі шұғылданатын өнер саласын жан-жақты зерттеу барысында, оған тән белгілермен қатар, сол бір өнер саласына тікелей қатысты айтылған пікірлердің бастауына да ден қояды. Мысалы, дәрігерлердің өздерін ерекшеміз деп есептейтіндігінің сыры — олардың сырқат адамдарға түскен ауырпалықты өз мойындарына алып, оларды емдеп жазуға деген орасан зор құлшыныстарына тікелей байланысты болса керек. Тереңірек ойлана қарасақ, олардың бүл саладағы өнері философияға жататын медицина ғылымын да қамтиды. Бұлай болатыны, дәрігерлерге өз өнерін ойдағыдай меңгеру барысында, басқа өнер салаларының өкілдеріне қарағанда, науқас адамға тікелей қатысты туындаған пікірлерді тереңірек зерттеп, үйренуге тура келеді. Осы орайда дәрігер тарапынан жіберілген болмашы қателіктің қауіп-қатер мен зиянкестік туындататынын ескерте кеткен жөн болар. Демек, медицина өнері тәжірибелік енердің сан-саласының жетістіктерін кеңінен қолданып отырады. Мысалы, тамақты дайындау өнерінің жетістіктері, бір сөзбен айтқанда, адам денсаулығына пайдасын тигізетіндердің барлығы да медицина ғылымында қолданыс тауып отырады. Мұндай талпыныстардың барлығында да, философияға жақындық бар екендігін аңғару қиын емес сияқты. Ең бірінші кезекте, сөздің абсолюттік мағынасында, ерекшелік есебінен туындайтын үстемдікке ие осы философтар болып табылатындығын мойындауға тура келеді. Одан кейінгі орындарды диалектиктер, софистер, заң шығарушылар, мутакаллимдер мен факихтар иеленеді. Біз анықтама берген қарапайым халыққа келетін болсақ, олардың арасында да азаматтық өкіметке еліктейтіндер мен тақуаларға айналатындар баршылық.

Жиырма төртінші бөлім

Дін мен философияның арасындағы байланыс

Діннің философияның ізінше қалыптасқандығы ақиқат. Жоғарыда атап өткеніміздей, ол барлық силлогистикалық өнерден алатын орны мен тәртібі жөнінен өзгешелене бастауының арқасында одан әрі жетіле түседі де, соның арқасында, діннің жетілген үстемдігінің дұрыс жолға түскендігі де белгілі болып қалады. Ал философияға келетін болсақ, ол айқындалған дәлелдерден кейін де, жетілген үстемдікке жете алмайды, бірақ өзінің көзқарастарын риторикалық, диалектикалық және софистикалық тәсілдер арқылы дұрыстағаннан кейін, ол оз бойына мысқалдап болса да жалған пікірлердің ене бастауына соншалықты кедергі жасамайды да, соның салдарынан философия күмәнді және жалғандық сипатқа ие бола бастайды. Философиядан кейін іле-шала пайда болған діннің кей сәттерде (154-6.) оз бойына кейбір жалған көзқарастарды сіңіретіндігін жасырып қалуға тағы да болмас. Ал егер діннің қоғамдағы алатын роліне байланысты, жалған пікірлер халықтың қайыршылық жағдайы кезіңде қабылданса, олар әдетте ақиқаттан алшақтау болады және осынысымен халыққа тигізетін кеселдерін сезіне де бермейді. Кеселдің тағы бір түрін былайша сипаттауға болар. Осыдан кейін заң шығарушы сол дәуірдің талғамына сай келетін діндегі философиядан алынған көзқарастарды қабылдамай, тек қана сол діндегі қалыптасқан көзқарастарды ғана ақиқат көзі деп тануы әбден мүмкін. Сондықтан да, ол осы қағидаларға сүйенеді, ондағы бейнелерді жан-дүниесімен қабылдайды және солардың тікелей көмегімен халықты үйретеді де. Егер заң шығарушыны басқа біреу келіп алмастырса, онда ол адам да екіншісінің салып кеткен жолын қуады. Мұндай көріністің салдарынан кеселдердің одан әрі асқына түсуі де ықтимал. Бірақ дін аталған екі бағытында да философиядан кейін немесе сенімді философиядан кейін туындайды. Міне, сонда ғана философия нағыз ақиқаттың қайнар бұлағына айналады және оның өмірге келуі адамдардың өздеріне, олардың табиғи қасиеттері мен қабілеттеріне тікелей байланысты болады.

Дін мүлде басқа халықтың арасында таратылған жағдайда, өзге халықтан қабылданған дін үлкенді-кішілі айтарлықтай өзгерістерге ұшырап отырады. Дәлірек айтқанда, бұл дінге енген халықтың көңілінен шығу мақсатында оған толып жатқан өзгерістер енгізіледі. Солар арқылы жаңа дінге енген халық тәрбиеленеді, басқарылады және үйретіледі. Қалыптасқан жағдайларға байланысты бүл халықтың арасында діннің диалектика мен софистика пайда болған уақытқа дейін де қалыптасуы ғажап емес. Міне, сондықтан да белгілі бір халықтың өзіндік қабілеттерінің деңгейіне байланысты кезінде туындамай, ал кейінен басқа халықтан көшкен философия өзге халықтан қабылдаған діннен кейін барып қана өз күшіне енеді. (155-6). Егер дін толықтай философиядан кейін қалыптасса, ондағы қамтылған теориялық қағидалар оның құрамында өмір сүрмеген болар еді, өйткені олардың көмегі арқылы түсіндірілетін қағидалар философияда да бар. Не болмаса сөздердің белгілі бір бөлігі немесе жиынтығы арқылы ғана олардың бейнелері қабылданар еді. Әрбір дін өзі жайында нақты мәліметтер болғанда және ол дін философияның ізімен жүріп, ондағы теориялық қағидалардың мазмұны барынша айқындалғанда, ең бастысы — осылардың барлығы да нақты дәлелдерге байланысты ақиқат көзіне айналғанда ғана басқа бір халықтың игілігіне айнала алады. Бірақ бұл жайында тіс жармайтындай ахуал туындайтын болса, онда жаңа дінді қабылдаған халық басқа діндегі бейнелерді ақиқатқа балап, ал олардың өздерін теориялық қағидалар деп қабылдайды. Осыдан кейін оларға көмекке философия келіп, ол діннің қалыптасып жетілуіне өзінің ықпалын тигізе бастайды. дегенмен де ол діннің философияға қарсылық жасауы салдарынан діндарлардың да философияның таралуына кедергі келтіріп, оны жақтырмайтындай жағдайға жететіндері сияқты, кей кездерде ол діндегі бейнелердің дәл философиядағыдай екендігінен хабарсыз болғандықтары себепті философтардың да қарсылық жасамайтындарына кепілдік беруге болмайтын да болар. Ал діндегі бейнелердің дәл философиядағыдай екендігіне көздерін жеткізгеннен кейін, философтар дінге қарсылық жасауын тоқтатқанымен де, діндар адамдар өз райларынан қайтпай философияға қарсылықтарын білдіре беретін болған. (философия ғылымы мен оның жолын қуушылар белгілі бір дін мен оған табынушыларға үстемдік жүргізуді мұрат етпейді. Бірақ соған қарамастан олардың арасында өзара келіспеушіліктерге байланысты "айырылысу идеясы" үстемдік ететіндігін тағы да жасырып қалуға болмайды, ал бүл идеяны жақтаушыларды "айырылысқандар" деп атайды. Дін аздап болса да философиядан өзіне қажетті көмекті ала да біледі, бірақ философия мен оны қолдаушыларға ол діннен де және сол дінге табынушылар тарапынан да зиянкестік келмейді деп айтуға да, тіпті, ондай жағдайдың орын алмайтындығына кепілдік беруге де болмайды. Мұндай сәттерде философияның жолын қуушылар діндарларға қарсы тұрып, философтарды барынша қорғауды талап етеді. Осы орайда философтардың діннің дәл өзіне қарсылық жасау ниетінен қайтуына сол діннің мән-мағынасын түсіне білуге деген талпыныс пен оның діни қағидаларын дәлелдеуге деген құлшыныс әсерінің болатындығын тағы да жоққа шығаруға болмайды.

Ал егер дін өзінің қалыптасу барысында теріс бағыттағы философияның ырқында болып, ал одан кейін қалыптасқан жағдайларға байланысты дұрыс бағыт-бағдар алып дәлелденген философияның ықпалына түскен жағдайда, философия өзінің барлық қарым-қатынастарында да алғашқы сипаттағы дінге өз қарсылығын көрсетеді. Өз кезегінде дәл осындай қарсылықты дін тарапынан да күтуге тура келер еді, олай дейтініміз, олардың әрқайсысы қалай болғанда да, бірін-бірі жоюға дайын тұрады. (156-6). Мұндай тайталас жеңімпазының қағидалары адамдар санасынан орын алатындай жағдай туындап, екеуінің біреуі жеңілістің ащы дәмін татады.

Егер диалектика немесе софистика діннің тұрақтанып, тамырын тереңге жайған халықтың назарына іліксе, олардың әрқайсы да дінге зиянкестік жасауға дайын тұрады және оның жан-дүниесінде менсінбеушілік сезім пайда болады. Олардың әрқайсысының күші бізді қоршаған заттардың қалай өмір сүретіндігін дәлелдеу мен осыған байланысты туындайтын іс-әрекеттердің табиғатына тығыз байланысты болып келеді. Осыдан келіп, диалектикалық және софистикалық әдістер діннен дарыған жан дүние кеңістігінде орнығып, одан әрі мазмұндылығы арта түсетін көзқарастарда қолданыс таба бастайды. Алайда олардың кей сәттерде күмәнданушылық сезімін туғызып, тіпті, оның ақиқаттық сипаты анықталмай қалатын кездері де болып тұрады және осындай жайттардың салдарынан абыржушылық көңіл күйдің туындауы да ғажап емес. Осы орайда атап өтетін бір жайт, нағыз ақиқат өз қалпына қайтадан келтірілгенше мұндай жағдайдың үстемдігі байқалып-ақ тұрады. Осыдан барып, заң шығарушының харекеттерінде шұғыл шаралар мен өзгерістер орын алып, ендігі жерде олар диалектика мен софистикаға қатаң түрде тыйым сала бастайды. Дәл осы сияқты, ел билеушілер де қандай да болмасын дінді одан әрі нығайту мақсатында, діндарларға байланысты қолданылатын тыйымдарды күшейте түсуге нұсқау беріп, диалектика мен софистиканың ықпалынан сақтануды қолға алады.

Философияға келетін болсақ, кейбір адамдар оған үлкен құрметпен қарайды, кейбіреулері одан бас тартады, ал кейбіреулері, тіпті, философия жайында тіс те жармайды, кейбіреулері философияға тыйым салуға дейін барады. Философия ғылымына байланысты дәл осындай көңіл күйлердің туындауының себебі: ол діннің нағыз ақиқатқа үйретумен қатар тәжірибелік қағидаларға үйретудің әдісі болып табылмайтындығынан да болар. Олар бар болғаны, дінге берілген адамдардың туа біткен қасиеттеріне байланысты әдістерді қолданады немесе оларды оз мақсаттарына сай икемдеуге тырысады. Ондағы ойлары: нағыз ақиқатты танып-білуден алшақтай отырып, тәрбиелеу ісін бар болғаны ақиқаттың бейнелері арқылы жүзеге асыру болып табылады. Не болмаса дін тәрбие мәселесінде басты әдіс ретінде харекеттерді, белгілі бір істерді және тәжірибелік заттарды алады да, ал теориялық сұрақтарды жауапсыз қалдырады, не болмаса олардың белгілі бір бөлігін ғана қамтумен қанағаттанады. Мұндай көріністің орын алуының сырын осындай бағыттағы діннің табиғатының әрі кесірлі, әрі мәдениетсіз болғандығынан іздестіру керек болар. Олай дейтініміз, ол адамдар үшін бақыт іздеген жоқ, керісінше бақыт иесінің өзін ғана іздестірді және ол адамды басқаларсыз-ақ бақытты етуді оз мүддесімен сәйкестіруге тырысты. Ал халық философияны зерттеуден бас тартатын болса, онда адамдардың діннің дәл осындай содырлығының ықпалына түсіп, адамдардың жан дүниелік қабілеттеріне нұқсан келтіре алатындай қауіптің туындауы да ықтимал (157-6). Әрине, әрбір халықтың ішінде философияның қарсыластарының болатындығы дау тудырмайды. Ақиқатында калам өнері философияға қарсы тұрады да, ал оны жақтаушы адамдардың философияға қарсылығы қандай дәрежеде болса, діннің философияға қарсылығы да сондай деңгейде болады.

Аль-Фараби. Естественно-научные трактаты.
Алма-Ата: Наука, 1987. — С. 357 — 386.
Түсініктеме
Әріптер кітабы
1. Еңбекті араб тілінен аударған Таджикова К.Х. (Китаб аль-Хуруф, Бейрут, 1969. "Книга букв". Комментарий к "Метафизике" Аристотеля. Издатель и автор предисловия Мухсин Махди).

author

Әбу Насыр Әл-Фараби

КОМПОЗИТОР

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...