Франклин Бенджамин — американ ағартушысы, мемлекет қайраткері, ғалым. 1729 — 1748...
Әбу Насыр Әл-Фараби. «Аналитика» кітабы
Рахымды және Мейірімді Алланың атымен
Қазір қайсы өнерде болса да, қандай өнерге қатысты болса да, қайдан алынса да, әрбір ізделіп отырған шаманың силлогизмін табуға болатыны жайында және ізделіп отырған шамаға қатысы бар әрбір силлогизмнің пайымын қандай нәрседен алатынымызды әрі бұл қалай жасалатыны туралы бізге әңгімелеуіміз қажет. [Бұл жерде] бірінші кезекте бөліктері әрбір жеке өнерде және әрбір жеке силлогизмде, үлкен пайымдарда қолданатын, әмбебапты пайымдар болатын пікірлерді білуіміз керек. Егер әрбір бөлек пікір өзінің ішінде бірлі-жарым пайымдаулардың көптеген санын қамтитын болса, онда олардың бірін тартыс өнерінде, басқасын сөз өнерінде, кейбірін ғылымдарда, қайсы бірін будан да басқа ойлау өнерлерінде қолданады.
Дедукция мен дәлел келтіру әдістері
Пайым жайында ой жүгірту
[Белгілі] пікірлерге бағынатын бірлі-жарым пайымдар III, өздерінің субъектілері /2/ нақты пікірлердің субъектілері, предикаттары /3/ [солардың] предикат бөлімдері болатын түрлерге және субъектілері пікірлердің субъектілерінің бөлімдері, ал предикаттары -предикат бөлімдері болатын түрлерге бөлінеді. Егер пікірлер бізде тұрақты болып қалса, онда [бізге] оның ішіндегі екі қарама-қарсылықтың әрбірінде пайымдалып отырған шамаларға сараптама жасап және олардың әрқайсысының бір-біріне қалыптасқан (96 б.) қатынасын қабылдауымыз қажет. Біз ізделіп отырған шаманы мақұлдай отырып, оны өзгертіп, нәтижесінде оның қарама-қарсылығын табамыз. Кейін біз бұл құрамды оның предикатына және субъектісіне қатысты анализін жасап өзіміздің тапқырлығымызға сай еріп отырып олардың барлығын яғни әрбір [қарама-қарсылықты] басқасына қатысты қабыл аламыз, кейін өзіміз [талпынған] нәрсенің барлығына қол жеткізгенімізше әрбір пікірге қатысты өзіміз пайымдап отырған құрамды зерттейміз. Егер біз пайымдаған құрамда немесе оның бөліктерінде қолымызда бар кейбір пікірлер арқылы суреттелген нәрселерді табатын болсақ, онда біз соның арқасында растайтын немесе оны терістейтін силлогизмді табамыз. Ол пікірлердің арасында болу әдісі бойынша қабылданған пікірлер бар.
Олардың ішінде егер ол өзінің жақын түрлеріне (науг) /4/ қатысты тек (джине) /5/ болса ізделіп отырған шаманың субъектісіне қатысты бөлетіндеріміз бар, кейін біз ізделіп отырған шама предикатынның оның барлық түрінде таба аламыз ба, әлде біз олардың кейбірінде көреміз бе яки болмаса олардың кейбірінен айырылған ба екені жайында ой жүгіртеміз. Егер біз оны текке жақын түрлерде өзіміз үшін анықтап алмасақ онда мүмкін болса Бұл түрлердің әрбірін бөлеміз, сосын [түрдің] индивидттен басқаға бөлінбейтін ақырғысын бөліп болғанша [осылай жасаймыз].
Егер біз ізделіп отырған шама предикатын түрлердің барлық жиынтығында тапсақ біз үшін оның әрбір субъектісіне тән екені анық болады, ал егер предикат бүтін түрде жоқ екені белгілі болса, онда ол өзінің әрбір субъектісінен айырылатыны анықталады. Осы екі пікірдің құралуы, зерттеу әдісі бойынша сондай-ақ шартты-біріктіру силлогизмін [құрау] әдісі арқылы болуы мүмкін. Егер тек (джине) өзінің күллі түрлерінде бар екені белгілі болса, онда біз оның барлық түрде болуын алдын-ала бар болғаны /6/, ал оның субъектте болуы соңынан келуі 111 деп санаймыз, кейін біз алдын-ала бар болуды алып тастаймыз дағы нәтижеде, соңынан келушіні шығарамыз.
Біздің қалауымызша біз субъекттің барлық [түрінен] айырылған предикатты орнатып оны негізге қабылдай аламыз, біз субъекттің барлық түрінен айырылған салдарды қабылдай [аламыз] кейін, предикатты субъектілердің барлық түріне дәлелдеуіміз үшін оның қарама-қарсысын алып тастап нәтижеде, негіздің қарама-қарсысын алып шығуға болады. Бұл субъекттің барлық түрлеріне предикаттың дәлелдеуі болып көрінеді.
Егер предикат өзінің барлық түрінен ажырағаны белгілі болса оның құралуы да зерттеу /8/ әдісі бойынша болуы қажет. Егер біз оны шартты-біріктіру әдісі бойынша қабылдап оны барлық түрден ажырағанын қаласақ, онда негізге [жетеміз], ал егер оның субъекттен айырылғанын қалайтын болсақ, онда салдарға [жетіп] кейін, негізді алып тастаймыз. Біздің қалауымызша (97 б.) біз субъектті дәлелдеу үшін предикатты қабылдаймыз, бұл -негіздің дәл өзі, ал предикатты субъекттің барлық түрін растау үшін алуымыз - салдар болмақ, біз оның барлық түрден ажырау мүмкіндігін алып тастасақ - салдардың қарама-қарсылығы болады нәтижеде, негіздің қарама-қарсылығын шығарамыз.
Егер предикат оның кейбір түрлеріне тән екені белгілі болса, онда предикат субъекттің кейбір [түрлеріне] қатыстығы шығатын силлогизмнің үшінші фигурасында /9/ құралады. Оның ішінде отырған ортаңғы термин /10/, тек предикат болады. Егер предикат өзінің кейбір түрлерінен ажырағаны белгілі болса дәл осы үшінші фигурадан кейбір субъекттің предикаттан ажыраған [түрлері] шығады, мұнда ортаңғы терминнің орнына оның предикаттан ажырағанын көрсететін тур отырады. Бірақ, мұны қарама-қарсы әдісімен де айқындау мүмкін, бұл - біз субъекттің барлық түрінен ажыраған предикатты алып бутан субъекттің өз түріне қатысын жатқызсақ, онда предикат бұл түрмен тұтастығынан айырылады алайда, бұлай жасау мүмкін емес. Ендеше предикат субъекттің кейбір [түрлеріне] тән. Егер де біз нәтижеде субъекттің кейбір [түрлерінің] предикаттан ажырағанын қалар болсақ, біз қатысы субъекттің барлық [түрлеріне] тән предикатты алып оған предикаттан айырылған түрді айқындайтын субъектті қосамыз. Осыдан барып осы түрдің әрбіріне предикаттың қатыстығы шығады, ал бұл мүмкін емес. Ендеше, предикат субъекттің кейбір [түрлерінен] қағылады. Егер оның басым көпшілік түрінде предикаттың бар екені расында айқындала бастаса, ал бұл жағдай басқалардың арасында белгісіз, онда біз оның бар немесе жоқ екенін ғылымдарда толық түрде [белгілей алмаймыз].
Пайым және силлогизм мен тура дедукцияның құралу жолдары
Диалектикалық өнер мен диалектикалық тартысқа келер болсақ, онда бұл жерде жалпы пайымдауды қолдану қажет, ол оппонентке қарсы келмейді және предикат реттілікпен басқа бір [түрлерден] айырылған нәрселерді силлогизм арқылы айқындайды яки болмаса оппонентке қарсы шығып оларды толықтай терістейді. Бірақ, онда мұндай [қасиет] жоқ, себебі, диалектикалық пайым түрлерінің арасында көп жағдайда шындық болып басқа кезде анық альтернативті болмайтыны бар.
(98 б.) Олардың арасында егер ол тек болса ол өзінің субъектісіне катысты предикат па, ол [бұл жағдайда] туынды болады немесе ол субъектіге қатысты предикат және бірінші аналогия /11/ деп біздің зерттеп отырған шама предикаты барлары да болады. Егер ол субъектіге қатысты предикат әрі туынды болса, онда біз оны өзінің түрлеріне бөлеміз кейін, егер оның түрлерінің бір нәрсесі субъектіде өзінің туынды есімі арқылы бар болатын болса, онда талап қылынған шама предикаты өзінің субъектісінде болуы қажет екенін байқаймыз. Мұның орны бірінші фигурада бар, ал ортаңғы термин талап қылынған шама предикатының түрі болады. Егер туынды есімі бар предикаттың күллі түрі субъекттен ажыраған болса, онда предикат субъекттің барлық [түрінен] айырылуы қажет. Бұл шартты-бірігулік [силлогизмде] құр алады, негіз - субъект үшін предикаттың дәлелі, ал салдар - субъект үшін бөліктерге айыру және болу әдісі бойынша олардың түрлерінің дәлелі болады. Бұл [жағдайда] субъекттің барлық түрлерінің ажыратылуы ескерілмейді.
Мұның мысалы, Аристотель «жан қозғалмайды» дегенді түсіндіруде қолданғаны. Ол: «Егер жан қозғалар болса, онда ол қандай да бір қозғалыс арқылы қозғалар еді немесе құбылар еді, немесе есеп еді, яки болмаса ауысар еді бірақ, ол құбылмайды, өспейді және ауыспайды ендеше, ол қозғалмайды» - деген. Дәл сол сияқты егер предикат өзінің түріне қарсы келетін бөліктерге бөлінсе кейін, ол бөліктерден талап қылынған шама субъектісіне тән ешқандай жақтан; не туынды болып, не бірінші аналогия сияқты ешнәрсе қалмаса, онда предикат субъекттің барлық [түрінен] айырылуы тиіс. Сол сияқты егер сен предикат түрлерінің жеке [белгілерін] /12/ алғаныңда сен олардың барлығының субъекттен ажырағанын көрер едің. Егер сен сол түрдің бір нәрсесінен айырылған предикаттың жеке, әр түріне тән кездейсоқ /13/ [белгілерін] алсаң, онда сен олардың барлығында субъекттің жоқтығын көрген боласын. Мұның барлығы шартты-бірігу силлогизмінде қалыптасады, ол жерде ізделіп отырған шаманың субъектісі үшін предикаттың болуы - негіз, ал салдар -ажыратушы шылаудың арқасында бірігетін бөліктер мен субъектіге қатысты барлық қарама-қарсылықтар алынып тасталатын пайым.
Осының басқа мысалы: «Егер жан сан болса, онда ол не жұп, не тақ болады бірақ, ол не жұп емес, не тақ емес. Демек, жан сан емес»; «егер дене оз болмысында шексіз болса, онда ол қарапайым, не күрделі бірақ, ол не қарапайым, не күрделі де бола алмайды. Енде¬ше, дене шексіз демек (99 б.) ол жоқ». Қарапайым мен күрделі, күллі бар болған [заттарға] тән қарама-қарсылықтың мәні, бұл екеуінің ешбірі де болмысынан айырылмаған. Бұл заттардың барлығында осы нәрсе сақталуы қажет яғни егер предикат түрлерінің бір нәрсесі немесе оның бөлінген бөліктері, немесе предикат түрлерінің жеке [белгілері], немесе оның субъекттен айырылуына тән кездейсоқ [белгілері], өзіне өздігінен туынды және туынды емес екі есіммен сілтеп тұрса, онда предикат барлық тарапынан субъекттен ажырауы тиіс.
Ал енді [жоғарыда айтылғаннан] бір нәрсе қайсыбір тарапынан субъекттен ажырағаны анықталса, онда предикат субъекттен бір жағынан ғана айырылуы үшін ол оның барлық жағынан емес тек екі жағының бірінен ғана айырылуы тиіс. Себебі, бұл егер жан құбылмаса, еспесе және қозғалмаса, онда будан ол қозғалмайды және ол қозғалыс емес деген туындайды. Дәл осы сияқты егер ол жұп емес, не тақ емес екені анықталса, онда [толықтай] ол сан емес, не есепке де [жатпайды] делінуі мүмкін. Осы мысалмен жүре отырып егер предикат түрлерінің бірі субъектте екі жақтың бірінде ғана болса, онда ол үшін предикат өзіне оның түрі табылған тараптан болуы керек. Егер оның түрі өзінің туынды есімі арқылы субъектке қатысты предикат болса, онда субъекті үшін предикат туынды есімі арқылы болуы қажет. Егер предикаттың түрі субъектіге тән болса, ал бұл дегеніміз әуелгі аналогия, онда субъект үшін болған предикат өзінің есімімен болуы тиіс, бұл да әуелгі аналогия. Алайда, түр субъектіге екі тараптың бір жағынан тән болып келсе, ал предикат субъектіге тән деп бір басқа тараптан келсе немесе егер тур предикаттан екі тараптың бір жағынан айырылса, ал предикат субъекттен ажыратылған деп басқа тараптан алынса онда пікір софистикалық /14/, бұзылған болады. Егер бұл пікірлерде жоғарыда қысқаша айтылған сияқты сақтанбаса, пікірлер софизм болмақ. Егер субъект немесе предикат бұл пікірлерде ортақ есіммен көрсетіліп және өзінің мазмұнына қарай бөлінер болса, ал мазмұндар предикат түрлерінің орнын алса онда күллі пікірлер софистикалық болып олар не ғылымдар да, не диалектика да қолданыс таппас еді.
Ортаңғы терминді таңдау және құрастыру
(100 б.) Қосу әдісімен қабылданған пікірлер бар, бұл оның құрама бөлігі ретінде субъекттің тегін алып немесе оның классын, немесе оның жеке [белгісін], немесе одан ажыратылмайтын кездейсоқ [белгісін] алған уақыт. Кейін, біз оның предикаты осы заттардың бірінде болса да бар ма деп қарастырамыз. Егер ол бар болса, онда предикат субъектте міндетті түрде [бар болуы] тиіс, бұл бірінші фигура бойынша дәлелдейтін екі модустың /15/ бірінде құралады. Егер предикат ол нәрсеге сол заттардың бәрінде де ие болмаса, онда предикат субъекттен арылуы тиіс, ал бұл болса бірінші фигурадағы терістейтін екі [модустың] бірінде құралады.
Егер ортаңғы термин құрама бөлік ретінде субъекттің тегі немесе оның деңгейі немесе жеке [белгісі] болса, онда бұл пікірлердегі растаушы [пайым] бірінші фигурадағы жалпы растаушыда, ал терістеуші - [бірінші фигураның] жалпы терістеуші модусінде құралады.
Егер ортаңғы термин субъектіге тән кездейсоқ [белгі] болуымен қатар оның ішіндегі ортақты болса, онда силлогизм екі модустың бірінде растаушы, не терістеуші. Егер де осы кездейсоқ [белгі] субъектінің ішіндегі ортақтық болмаса, онда бірінші фигура бойынша екі жеке модустардың бірінде не растаушы, не терістеуші болады. Дәл осылайша егер біз предикаттың тегін немесе оның классын оның құрама бөлігі ретінде немесе оның жеке белгісін алып кейін, осы нәрселердің бірі субъекттің барлық [түрінен] ажырағанын байқасақ, онда предикат субъекттен айырылуы керек, ал бұл болса екінші фигураның екінші модусінде құралады, ортаңғы термин предикатта бар үш нәрсенің бірі болады.
Сондай-ақ, біз олардың ішінен предикатқа лайығын таңдап алу үшін предикаттың кездейсоқ [белгілерін] аламыз, егер мұнымен қатар ол оған ортақ әрі субъекттің күллі [түрінен] ажыраған болса, предикат та субъекттің барлық [түрінен] айырылады, бұл да екінші фигураның екінші модусында құралады. Егер кездейсоқ [белгі] предикаттың кейбір [түрлеріне] міндетті түрде қажет әрі субъекттің кейбір [түрлерінен] айрылса, онда будан талап қылынған шамаға қатысты ешбір силлогизм пайда болмайды себебі, (101 б.) үлкен [пайым] екінші фигурада жеке. Ал екінші мен бірінші фигуралардағы үлкен [пайымның] шарты ортақ болуды талап қылады. Егер предикатқа міндетті қажет кездейсоқ белгі оған ортақ әрі субъекттің кейбір [түрлерінен] ажыраған болса, онда талап қылынған шамаға қатысты силлогизм екінші фигурадағы төртінші модусте туады, нәтижесі субъекттің кейбір [түрлерінің] предикатпен айырылысуы. Егер осы заттардың бір нәрсесі субъектте бар болса, бұл предикат үшін тек не¬месе оған ортақ яки болмаса кездейсоқ [белгі]. Бұл сәтте ешқандай силлогизм тумайды себебі, әрбір екі пайымнан соң екінші фигурада растаушы екі [пайымның] қосылуы келеді. Егер бұл предикат үшін жеке [белгісі] немесе жеке түрде келетін классы болса, құрамның өзінен қажеттігімен еш нәрсе пайда болмайды. Бірақ, егер жеке [белгі] мен бір жынысты түрі субъектіге қарама-қарсы болса, бірігу бірінші фигурадағы бірінші модуске оралады дағы нәтиже шығарылады.
Сондай-ақ, [терминді] /16/ анықтау әдісімен қабылданған пікірлер де бар, бұл - біз әуелі субъектті анықтап кейін, оның терминінде ізделіп отырған шама предикатын таба аламыз ба деп зерттеуіміз. Егер біз оны таба алсақ, онда предикат субъекттің барлық [түрінде] қажеттілікпен болуы тиіс. Мұның орындалуы бірінші фигураның бірінші модусінде болуы әбден мүмкін егер біз оны терминнен ажыраған деп көрсек, онда ол субъекттің барлық [түрінен] міндетті түрде айырылуы тиіс және бұл бірінші [фигурада] құралады. Ал егер бұл субъектінің термині арқылы айқындалмаса, онда біз терминге оның әрбір бөлігіне қатысты сараптама жасаймыз. Біз оның әрбір бөлігінен терминді алып кейін, терминнің әрбір бөлігінен немесе олардың бірігуінен предикат таба аламыз ба деп қарастырамыз. Егер біз әрбір терминнен немесе олардың қосындысынан предикат тапсақ, онда будан субъектте предикат бар деген сөз шығады. Дәл сол сияқты егер біз оны олардан немесе олардың қосындысынан мақұрым деп тапсақ, предикат субъекттен ажырауы тиіс, мұның барлығы бірінші фигурада құралады. Сол сияқты егер біз предикаттың терминін тауып кейін, біз оны субъектте таба аламыз ба, егер біз оны тапсақ, онда предикатты оның терминіне айналдыруымыз үшін оны бірінші фигурада қалдырамыз деп зерттейміз, осыда барып субъектке предикат келеді. Егер біз предикат терминін субъекттің барлық [түрінен] айырылғанда көрсек, біз [силлогизмді] екінші фигураның екінші модусінде қураймыз нәтижеде, субъект предикаттан айырылады. Егер бұл (102 б.) предикат термині арқылы болмаса, онда біз субъекттің терминдерімен жасағанымыз сияқты оның терминінің әрбір бөлігін алып соның мысалында жасаймыз. Мұндай баяндалған нәрсенің барлығы, терминнің жағдайы.
Шартты [силлогизмді] құрау
Шартты [силлогизмдердің] /17/ арасында қажетті [өзіне тәнге] қатысты қабылданған пікірлер бар, бұлар - бар болатын және алынатын. Біз екі құрамның әрбірін алып тұрақтыны қамтыған құрам не нәрсені қамтитынын немесе құрамның арқасында пайда болған нәрсенің мәні не? және бұл екеуінің қайсысы біз кездейсоқ қабылдаймыз деп ой жүгіртеміз. Егер біз кездейсоқ тап болған нәрсе, құрамның негізін қалап тұрған нәрсе болса, онда біз оны негіз деп қабылдап, ал құрамды - салдар дейміз. Біз негізді алып тастаймыз нәтижеде растаушы, не терістеуші болса да жалаң түрдегі құрамды [аламыз]. Және бұл шартты-біріктіру арқылы бірінші модусте болады. Ал егер біз оны құрамның арқасында ғана бар болатынын білсек, онда біз ол құрамды негіз ретінде, ал кездейсоқтықты - салдар ретінде қабылдаймыз. Кейін, біз салдарға қарама-қарсыны алып тастаймыз, себебі бұл біздің кездейсоқ тапқанымызға қайшы нәтижеде, құрамға қарсыны [табамыз], бұл онымен талап қылынған шамада байланысқан оның ақырғы бөлігі. Сондай-ақ, біз өзін алып тастаумен қатар осы құрамды да алып тастайтын және құрамды алып тастаумен бірге өзіде алынып тасталатын нәрсенің не екенін талдаймыз. Яғни біз құрамды алмастыруды алып тастау арқылы осы алып тастауды қабыл алатынымызды кездейсоқ түрде байқаймыз, ал бұл болса - негіз. Бутан құрамды алып тастауды қосамыз сосын, негізді шығарып тастаймыз сонда негіз алынады. Осы кезде растаушы [пайым] терістеушіге айналады, ал егер ол терістеуші болса, онда растаушыға ауысады. Бір сөзбен, нәтиже осы жағдайдың қарама-қарсысы болады, ал бұл жағдай сол арқылы ауыстырылады.
Бұл жәйт кез-келген құралған пайымды алмастыру үшін қолданылады. Егер біз кездейсоқ хәлде пайымды алып тастаумен алынатын нәрсені байқап қалсақ, біз пайымның алынып тасталуын қабылдаймыз, ал бұл - негіз және салдардың алынып тасталуы кейін, салдардың қарама-қарсысын шығарып тастап нәтижеде, құрамның тұрақтылығына иеленеміз, ал бұл болса құрамды ауыстырудан бұрын келетін пікір болмақ, бұл оны дәлелдеу үшін жасалады. Бар бола¬тын және алынатын пікірлер құрамның субъектісін зерттеген шақта құрамдарда басқа әдіспен қолданылуы мүмкін яғни егер ол бір нәрседе бар болса, онда предикат та оның болуымен оның ішінде бар болады, предикат құрамның әрбір субъектісіне тән (103 б.) болып шығады. Бұл силлогизм егер осы қасиетпен ғана сәйкес қабылданса, бұзық болады себебі, ол кездейсоқ, [белгі] арқылы субъектіге тән болған нәрсеге предикаттың да тән болуына жол береді немесе предикаттың тән болулығы өзінің жеке [белгісі] арқылы тән болатын затқа тәуелді болуына жол береді. Ол үшін предикат жағдай субъектілерінің барлық түріне қажетті түрде тән болмауы тиіс бірақ, егер кез кел¬ген субъекттің болуы арқылы предикаттың болуымен сәйкес келсе, онда предикат субъекттің барлық [түрінде] болуы міндет. Будан егер субъект қандай затта және қандай уақытта болмасын бар болса, онда предикат та оның ішінде бар деген пікір қалыптасады яғни предикат бір мезгілде ғана субъекттің барлық [түрінде] бар болып тұруы мүмкін емес. Қайта ол соған міндетті түрде тән болады. Біз өзінде предикатты қамтыған кез келген зат өзінде предикатты да қамтиды және субъект бар болған затта, предикат та болады деп айтуымызда айырмашылық жоқ.
Біздің жалпылық пікірді анықтайтын сөзіміз осындай. Пікірдің өзі талап қылынып отырған шаманың құрамына айналады, егер біз үшін қандай да бір пайымда немесе қандай да бір құрамды пікір мұндай қасиетті силлогизм арқылы емес, ол оған өздігінен ие екені анық болса, онда бізге мұны басқа емес дәл осы пікірмен қалай шығаратынымыз белгісіз. Егер ол басқа пікір арқылы алынған қандай да бір силлогизмнің арқасында дәлелденетін болса, онда біз жөндеген құрам Бұл пікір емес. Сондықтан, бұл сөйлем ешқандай пікір болмайды, жалпылық пікір талап қылынған шамаға теріс келеді және құрылым бір сөзден ғана тұрады.
Пікір құралған кезде басқаша пайдаланатын пайымға қарағанда жалпылық болуы қажет, құрам өзінің мәні бойынша идеяда, сөзде басқаша және идеяда өзіндік құрам әрі сөзде қарама-қарсы бірақ, құрам бағынышында болатындай ортақ болуы тиіс. Егер пікір осы екі құрамның біріне қарсы келсе, онда ол софистикалық, бұзық болады.
Дәл осы сияқты бізге мынадай пікірді қарауымыз лазым: егер субъект бір нәрседен алынып тасталса, онда оның алынуымен предикат та алынады. Ал егер бұл осылай болса, онда субъект бар болса, предикат болады деп түсініледі. Сондықтан да предикат субъекттің барлық [түрінде] болуы тиіс деп ойлайды. Бұл пікір өте күмәнді, ол софистикалық, оны шешендік өнерде де қолдануы мүмкін. Ол қандай да бір затты алып тастау нәтижесінде бір қалыптың алынып тасталуы сияқты өзгермейді, (104 б.) онда бұл жағдай сол заттың бар болуы - мен міндетті түрді бар болады. Себебі, адам өзінен жануарлықтың алынып тасталуымен осы көрінетін индивидтен шығарылады. Егер ол жануар сияқты тіршілік қылса, онда міндетті түрде оның адам сияқты тіршілік қылуы лазым болады. Кім осы бұзық пікірді қолданса негіздің қарама-қарсылығын санамай салдардың қарама-қарсылығын шығарады, [оны] сезбейді де. Осы пікірдің арқасында оған заттардың себептері айқындалады деп ойлайды себебі, [қандай да бір] пікір алынып тасталса, онда оның алынуымен басқа зат алынады деп ойлайды.
Кесімділіктің себебі мен табиғаты жайында
Дәрігер Гален айтқандай оның мысалы бойынша бір жағдайдың /18/ болуы сол басқа заттың болуына себеп. Ол адамның дене мүшесін ашып байқаған уақытта және басқа заттардың себептерін анықтаған кезінде мұны пайдаланады. Ол: «Егер біз қандай да бір жүйкені кесіп тастасақ, онда не дауыс, не әрекет, не түйсік жоғалады. Егер осы жүйке бар болса, онда оның бар болуы дауыстың, не әрекеттің, не түйсіктің болу себебі», - деп айтады. Ол негіздің қарама-қарсылығын тыс қалдырып салдардың қарама-қарсылығын шығарып отырғанын сезбейді. Басқалар болса егер жай-күй бар болса, онда бар болуының арқасында басқа себептермен байланысады бірақ, осындай болған нәрсенің барлығы себеп бола бермейді, «егер адам тіршілік етсе, онда ол жануар сияқты тіршілік қылады бірақ, ол жануар емес»—деп дәлелденеді. Жай-күй теріс болуы да ықтимал, яғни заттан логикалық түрде қолдану шығады бәлкім сол заттың болмысына себеп болады. Мысалы, «құрылған» және «құрушы», «жазылған» және «жазушы» яғни «жазылғаннан» логикалық түрде жазушының бар екені шығады және «жазылмаған» да жазушының бар екеніне себеп, ал жазушы болса жазылған нәрсенің болмысына себеп. Егер бар болу (тұрақтылық) пен алынып тасталу бір тарапқа қатысты бірге құралса яғни оның бар болуымен басқа зат та бар болып, ал егер ол жоқ болса (105 б.) ол да алынып тасталатын жай-күйді болып құрылса, онда осы алынып тасталудың арқасында басқа зат та жойылады. Онда бұл жағдай өте нанымды болып көптеген нәрселерде қолданыс табады. Олардың ішінде көптеген адамдар заттардың себептерін шығару үшін қолданылатындары бар, олар жай-күйдің болмысы басқа заттың бар болады және оның жойылуымен басқа зат жойылады. Сондай-ақ ол сол заттың болмысына себеп деп санайды. Басқалар оны, бір зат басқа нәрсенің болмысы үшін бар болады дегенге қатысты сапа мен жай-күйді іздеу үшін қолданады. Бұл егер предикат қандай да бір зат үшін айтылса, ал сол затта көптеген қасиеттер болса, бізге сол заттың жай-күйіне әуел бастан тән және осы қасиеттің арқасында айтылған күллі нәрселерге ие қасиетті білгіміз келеді.
Біз осы қасиеттің қайсыбірі заттан алынып тасталуы арқылы предикатты жай-күй алынады, ал егер ол затта бар болса, онда ол үшін предикатты жай-күй болатынын зерттейміз. Біз бұл қасиетті басқа қасиеттердің арасында әуел бастан предикатты жай-күйі бар етіп орнатамыз.
Бұл жағдай өзінің мәні бойынша Аристотельмен «Категориялар» кітабында «ара қатынасы белгіленген туралы» атты бөлімнің бірнеше жерінде пайдаланылған, оның ара қатынасы белгіленгенге тиесілі екі жақты пайдалы болатын әрі жай-күйді шығатын анықтаманы құрастырғысы келді. Сондай-ақ, ол [бұл жағдайды] предикат әуел бастан байқалатын, заттың қандай әдіспен танылатынын түсіндіргісі келгенде «Дәлелдеу жайында» атты кітапта: «Егер үш бұрыш қарапайым мыс қызылда болса, онда бұл қарапайым - әрі қызыл, әрі қарапайым, әрі мыс, әрі форма және бұрыштары екі түзуге тең үш бұрыш» деген мысалда пайдаланды.
Осы қасиеттердің қайсысы арқылы әу бастан бұрыштардың екі түзуге теңдігі айтылатынын біздің білгіміз келеді. Біз ол үшін ол 'заттың қызыл екенін, оның мыс екенін алып тастаймыз даты басқа қасиеттерін қалдырамыз бірақ, бұған бұрыштардың екі түзуге теңдігі шығарылып тасталмайды. Егер біз одан оның қарапайымдылығын, оның форма екенін алып тастасақ, онда ол нәрсе алынып қалады. Ал егер ол форма сияқты немесе қарапайым сияқты қалса, онда ол үшін бұрыштардың екі түзуге теңдігі жоғалады. Алайда, егер одан оның үш бұрыштығын алып тастаса, онда ол қасиет те алынады ал, егер ол үш бұрыш (106 б.) ретінде қалса, онда оның екі түзуге тең келетін бұрыштары да бар. Сол сияқты егер үш бұрыш үшін әу бастан екі түзуге тең бұрыштары болса, кез келген басқа зат үшін де осы предикат бар, онда оның үш бұрыш болуы үшін де бір нәрсе бар. Адамдар бұл жағдайды силлогизмнің қажеттілігін қабылдайтын жалпылық пайымын жөндеу үшін қолданады, бұл бірінші фигураның үлкен пайымы және айтылуында индукция мен силлогизмнен құралған жеке, немесе силлогизм мен аналогиядан құралған. Олар үлкен термин өзінде толықтай ортаңғы термин сияқты жай-күйді қамтып тұрса да есепке ортаңғы терминнің белгісін алады, егер ол алынып тасталса, онда предикат та алынады, ал егер ол бар болса, онда предикат та бар. Адамдар [сол сияқты] жай-күйі бір затқа қатысты сол заттың субстанциясын көрсететін жай-күйді немесе оның субстанциясы мен ақиқаттылығын көрсететін предикатты қабылдайды. Енді біз, шындығында да әрі ылғи қандай да бір заттың себебі, оған сондай болуы үшін қажетті тән себепті: егер ол алынбаса, онда зат алынады, ал егер ол бар болса затта бар болады - бұл анық. Кейбір қауым жүктелген заттың құрамы сол жүктелген нәрсенің субстанциясы немесе оның субстанциясы мен өзегіне сілтеп көрсетуші деп біледі.
Біз болсақ, шынайы әрекет болған себеп үнемі өзі зәру болған нәрсенің болуына себеп болады дейміз. Егер бұл себеп бар болса ол нәрсе де бар болады, ал егер себеп жоқ болса онда, нәрсе де жоқ болмақ. Сол сияқты себеп алынып тасталған сайын ол нәрсе де алына түседі, ал нәрсе бар болған сайын ол оның себебі де бола түседі. Ол екеуінің болуына оның анағүрлым болуы маңызды емес деген пікір мен келіскен адамның ойы дұрыс емес. Сондықтан себептің алынуын біз силлогизмнің негізі, ал соған байланысты алынған нәрсені салдар деп қабыл аламыз. Расында егер біз қарама-қарсылықтың арқасында заттың алынуын есепке алмасақ оның бар болу жай-күйінен логикалық түрде келеді.
Біз егер бір жай-күй бар болса, онда оның нәрсесі де болуы қажет деп анықтаған болатынбыз. Құрамы болса нәрсе де болады яғни, бұл екеуінің бірі бар болса оның екіншісі де бар. Екеуінің де болуы лазым. Бұл екеуінің бірі екіншісінің бар болуына себеп болуы зәру емес. Себебі, әлсіз және жарты болу қасиеттері бұл жағдайда екеуіне де тән нәрсе. Егер жарты нәрсе жоқ болатын болса, онда әлсіздік те жоқ, ал егер ол бар болса, онды әлсіздік те бар болғаны. Бірінің бар болуына бірі себеп емес. Осы жағдайды Аристотель өзінің «Категориялар» кітабының «Бірге берілген» бөлімінде айтқан болатын.
Бұл қасиеттер бір пайымда бар болса, онда предикат оның субъектісінде теріс болып және ол субъектіге ғана лайық болмақ. Ал егер предикат субъектіде бұрыннан бар болса, онда бұл шарттың негізінде ғана емес деген кісімен келісе салуға болмас. Мысалы, адамның бойындағы «күлу», «ғалым» қасиеттері т.б. Бұл екі қасиеттің қайсы бірі алынса (107 б.) екіншісі де алынады, қайсысы бар болса екіншісі де бар болады және «күлу» қасиеті «ғалым» қасиеті хақында айтып тұрған жоқ.
Сол сияқты үш бұрыштың да бірнеше жеке қасиеттері бар. Егер сол қасиеттердің қайсы бірі жоғалатын болса, онда басқалары да жоғалады бірақ, қасиеттердің ешбірі әуелгі сөз арқылы айтылмайды. Осы ерекшеліктің арқасында затты өзгертуші нәрсе үнемі сол заттың субстанциясы бола бермейтіні тағы да анықталып отыр. Жоғарыдағы үш бұрыштың бұрыштарына бір нәрсенің тең келуі сол үш бұрыштың субстанциясы болмағаны сияқты. Алайда бірінші фигурадағы үлкен пайымның дұрыстығын келтіру мақсатында бұл әдісті қолданған артық себебі, айтылуда предикатты ортаңғы терминмен тең етеді. Үлкен пайымның дұрыстығы үшін және барлық ортаңғы терминнің [түрлері] предикаттың предикат болуынан басқа нәрсенің қажеті жоқ. Расында қажетті түрде нәтижеге алып келетін де осы силлогизмнің түрі. Ол үшін ортаңғы терминнің предикатпен қосылып пайымның бірінші бөлігінде тұруға мұқтаж емес.
Теріс және қарама-қарсылық қажеттілігі
Олардың ішінде қарама-қарсы [пайымдардан] /19/ алынған пікірлер бар, бұлар қарама-қарсы пайымдарда лазым пайымдарды теріске шығарып, өздері басқаларға қажеттілік танытатын жақтары бар. Лазым пайымдары қарама-қарсылық [пайымдарында] екі түрге бөлінеді: қарсы пайым және тура пайым. Қарсы лазым - бір нәрсені алып тастау үшін басқа нәрсенің бар болуын қамтамасыз етеді яғни, бір субъектіде екі қарама-қарсылықтың бірге қалуы мүмкін емес болса, онда бір-біріне теріс болу қажеттілігі туады. Лазым пайымдауларындағы заттардың қажеттілігі мынаны бар нәрсені бар қылу, жоқ нәрсенің жоқ болуын қамтамасыз ету. Қарама-қарсылық пайымдары болмыс бейболмысқа айналуын қажет етеді. Ал қарама-қарсылық пайымының туралық лазымға қатысты болуы - қарама-қарсы нәрсе салыстырмаға мұқтаж болуы тиіс.
Қарсы лазым пайымы кейде жалпылық немесе бірлі-жарым пайымы түрінде де болуы мүмкін. Жалпы айтар болсақ, салыстыру барысында құрамды алып тастағанда не нәрсе қалады деген жәйттер зерттеледі. (108 б.) Енді өзі алынып тасталуымен құрам алынбай қала беретін нәрсеге келсек, онда бұл оны дәлелдеу үшін қолданылады, негіз құрамның өзгеруіне соқтырды, ал құрам алынған кезде бар болатын нәрсені салдар қылады. Кейін, пайымның екінші бөлігі алынған кезде құрамның болмысы бар болып қала беруі лазым.
Ал енді нәрсе алынып тасталған уақытта құрам қалып бар болатын мәселеге келер болсақ онда, бұл силлогизм де дәлелдеу силлогизм!. Біз алынған нәрсені негіз қыламыз, ал құрамның бар болуы салдар болады. Өзі болған кезде құрам түсіп қалатын нәрсеге келсек онда ол теріске шығаратын силлогизм. Негіз - бар болған нәрсе, ал салдар құрамның алынып тасталуы, біз болсақ негізді алып тастаймыз. Ал енді құрамның болуымен өзі алынатын нәрсеге келсек, бұл да өзгереді, негіз ретінде құрамның болмысы, ал салдар -сол заттың алынып тасталуы бірақ, салдарға қарсы нәрсе осылай жойылады. Сондай-ақ, біз құрамның субъектісі бар болса қалай болады, предикат алынады ма әлде алынбайды ма, предикат бар ма екенін зерттейміз. Предикат бұл екі жағдайда субъекттен ажырайды, егер біз мұны жалпылық қылуды қаласақ, жағдайдың субъектісі кез келген нәрседе предикаттың алынғаны немесе кез келген алынған нәрседе предикаттың болғаны жөн.
Кейде бұл пайым - бір нәрседе субъекті бар болса предикатта бар болады деген лазым қарама-қарсылық силлогизмдеріндегі жалпылық та болып келеді.
Қарама-қарсылықтағы шындық пен өтірік
Егер олардың бірлі-жарымы алынатын болса қарама-қарсылық [пайымның] әрбір торт түріне назар салу қажет. Бұлардың ішінде бірі, пайымның терістігіне қарайды егер ол өтірік болса, онда ол құрамды дәлелдейді, ал егер дұрыс болса, онда құрамды терістейді.
Сөзде қарама-қарсы силлогизміне қараған уақытта ол рас болса пайым бұрыс болады, ал егер өтірік болса онда пайымды дәлелдеу зәрі емес. Кейбір кезде екі қарама-қарсылықта өтірік болады. Пайымды растау үшін немесе жоққа шығару үшін терістеуді қолданады, ал тек теріске шығару үшін қарама-қарсылықты пайдаланады.
Бірлі-жарым пайымды қарама-қарсылықта қарау деп пайымдағы предикаттың қарама-қарсылығы және ол екеуінің арасында делдал болмай предикаттың қарама-қарсылығы оның субъектісінде болуын ал предикаттың субъектіде болмауын қарайлауды айтады. Егер оның қарама-қарсылығы субъектіде болмайтын болса, онда субъектіде предикаттың болуы лазым. Бұл жағдай дәлелдеу мен терістеу үшін ортақ. (109 б.) Егер ол екеуінің қарама-қарсылығының арасында делдал болған жағдайда оның қарама-қарсылығы субъектте болып ал предикаттың субъектіде болмауы лазым. Оның қарама-қарсылығы субъектіде жоқ болса предикаттың да субъектіде болуы зәру емес. Бұл жағдай тек дәлелдеу үшін немесе терістеу үшін ғана [қолданылады]. Расында егер субъекттің қарама-қарсылығы предикатта және оның барлығында бар болса, онда субъектті предикаттың болмауы лазым. Сондай-ақ, егер пайым бір нәрсені қабыл алатын болса және сол нәрсенің қарама-қарсысы бар болса, онда сол субъект әлгі нәрсенің қарама-қарсылығын қабыл алады ма соны байқау қажет. Егер қарама-қарсылықты қабыл алатын болса, онда сол нәрсені де қабыл алушы болады. Екі қарама-қарсылықтың қабыл алушысы біреу.
Егер субъект әлгі нәрсенің қарама-қарсылығын қабылдамаса, онда сол нәрсені де қабыл етуі мүмкін емес. Мысалы, «жанның зұлымдық жасайтын бөлігі әлсіз болады». Егер зұлымдық қабылданса онда әділдік те қабылданады. Ал әділдікті жанның тек зерделі бөлігі ғана қабылдайды. Егер ол әділдікті қабылдамаса онда, зұлымдықты да қабылдамайды. Мұндағы иелену қарама-қарсылық іспеттес яғни әділдікті қабыл ететін нәрсе оның қарама-қарсылығын да иеленеді. Дәлі құрастырушының «жанның сезімді бөлігі - надандық»- —деп қойғаны сияқты. Егер жан надандықты қабыл алса, онда ғылымды да қабылдайды бірақ, ғылымды қабылдауға құдіреті болмаса, надандықты да қабылдамайды. Сол сияқты бізге егер предикатты субъекттен алатын болса ол нәрсе субъекттің сол жерінен қарама-қарсылығымен бірге еріп келетініне назар салуымыз керек. Шынында егер ол солай болса субъектте предикаттың болмауы лазым, енде¬ше субъектте предикаттың болуын - негіз, ал салдар онымен бірге болған қарама-қарсылық болады, салдарға қарама-қарсы келгенді ережеден тыс қалдыруымыз қажет.
Егер субъекттің бір жағына қарама-қарсылық пайымның басқа түрлерінің болуы лазым болса мысалы, екі қарсы пайым бірге - шындық, бір нәрсенің бір тарапында ие болу мен ие болмау сияқты және қосынды нәрсенің бір субъекттің бір жағында болуын, оның [қасиетке] ие болуы мен болмауын қарайлауымыз лазым. Бұл екі нәрселердің жағдайын араларында дәлелі жоқ бір-біріне қарама-қарсы етеміз. Оларға сілтеп көрсететін нәтижесіз есім қоюымыз қажет. Иелену мен иеленбеудің субъектісі ол екеуін қабылдайтын бір субъекті, (110 б.) ол екеуінің бірін ғана иеленетін субъекті емес. Біз мақұрымдыққа қарама-қарсы тұрған нәрсені алуымыз керек сонда ол жақын қарама-қарсылық болады. Мысалы, білімді де, надандықты да қабылдайтын орташа жастағы кісіні алайық. Жас бала да білім мен надандықты қабылдауға бейім тек ол үшін жас балаға жасына жас қосатын уақыт пен жай-күй күш керек.
Ал енді екі қосынды нәрсеге келсек, онда бұл екеуі араларында ортақ жағдайы бар екі қарама-қарсылықтар сияқты. Дәлірек айтқанда егер субъектіде екі қосынды пайымның бірі бар болса, онда бірінші айтылған пайымның тарапынан екіншінің қарсы пікірі келмейді, яғни егер «Зайд Әмірдің баласы болса, онда ол Әмірдің әкесі болуы мүмкін емес, ал егер Зайд Әмірдің баласы болмаса, онда оған Әмірдің әкесі болу зәру емес». Бұл «егер бір нәрсе ақ түсті болса, онда сол нәрсенің қара болуы мүмкін емес, ал енді ол нәрсе ақ түсті болмаса, онда оның қара болуы да міндетті емес» мысалы сияқты. Ендеше пайымның предикаты субъектіден ажыратылса, онда пайымның теріс болғаны. Өйткені субъектіде предикат жоқ. Осы сияқты өзіне теріс силлогизмді қажет қылған пайымды алсақ мысалы, «Кез келген нәрсе құбылмалы» - деп айтылған соз. Расында солай болса онда айтылған бұл соз және оның пікірі де өзгеруі лазым. Нәтижеде пікір өтірік саналады. Ал енді оның бұл айтылған пікірі өзгермейтін болса, онда айтылған пайымы теріске шығады, яғни «кез келген нәрсе құбылмалы емес» деп айтылуы тиіс. «Күллі пайым өтірік» деп айтылған мысалға сүйенетін болсақ, онда ол сөздің өзі де өтірік болып шығады. Егер ол пайым өтірік болмаған болса «күллі пайым да өтірік» болмағаны.
Сол сияқты «кез келген пайым - пікір және кез келген зат - сезіледі» пікірлерін және осы пішіндегі пайымдарды да осыған жатқызуға болады. Платон осы іспеттес пікірмен Протогордың: «Ешбір нәрсе ақылмен түсінілмейді» деген сөзіне «егер еш нәрсе ақылмен түсінілмейтін болса, онда ақылмен түсінетін бір нәрсе бар» - деп қарсы пікір айтты.
Қарама-қарсылықтағы қайтымдық
Қарама-қарсылықтағы дұрыстық - екі қарама-қарсылықтың бір-біріне қажет болуында. Бұл екі жағдайдың бірінде болады: бір жақты және екі жақты қарама-қарсылық жолы арқылы. (111 б.) Бір жақты дегеніміз екінші пайымның субъектісі бірінші пайымның субъектісіне ал предикаты предикатына қарсы болуы тиіс.
Екі жақты қарама-қарсылық жолымен дегеніміз - екінші пайымның субъектісі бірінші пайымның предикатына, ал предикаты оның субъектісіне қарама-қарсы келеді. Бұл пайымның дәлелдері дұрыс растаушы мен терістеушілердің барлық түрінен алынған. Бұл «тұру» сөзінің мысалы сияқты. Сөз ешнәрсенің көмегінсіз «тұруды» еске түсіреді. Ал енді осы сөздің қысқа дауыстылары мен әріптерін өзгертетін болсақ, онда бұл сөз өзінің алдындағы «тұру» сөзінің мазмұнынан ауысады. Себебі, бұл өзгерістер [араб тіліндегі] «зуу» [сөзге меншікті мағына үстейтін шылау] сияқты көптеген нәрселерге әсер етеді. Шынында да «тұрушы» деп айтқан сөзбен «тұрудың иесі» деп айтқан сөздердің арасында айырмашылық жоқ.
Метафоралық сөздерді тартыс өнерінде не басқа да ғылымдарда қолданбайды керісінше, олар сөз өнері мен поэзияда қолданыс тапқан. Ал басқа өнерден басқа ғылымға ауысқан сөздерді болса ғылымда, басқа енерлерде де пайдаланады. Бұл сөздермен қатар белгілі өнер иелерінің арнайы қолданатын есім сөздері де бар бірақ, белгілі ғылымдарда немесе жағдайларды мәшһүр атаулар қолданған уақытта бұл атаулардың мәшһүр және басым көпшілік осылай қолданатын болғандығы үшін кәсіп иелері мен басқа да өнер адамдары бұл сөздерді өздерінде ғана қолданатын атаулармен атамайды, ондай сөздерді тастаулары қажет. Басқа өнерден ауысып келген сөздер басқа да ғылымдарда ортақ сөздерге айналып кең қолданыс тапқан сөздер. Мысалы, «субстанция» сөзі. Бұл сөз теориялық ғылымдарға ауысып келіп, кейін ортақ сөз айналымына енген сөздердің бірі. Бұлардың қатарына физика немесе т.б. есімдерді көптеп келтіруге болады. Ортақ сөздерге айналған есімдер көптеген уақытта ғылымдарда қолданылуға мәжбүр. Мұндай сөз қолданылған уақытта оның қамтитын барлық мазмұндарын ашып көрген жөн. Сонда барып ол сөздің нені меңзегені анық болады. Бұлай жасамаған күнде естуші адам сөзді айтқан кісінің ойын қате түсінуі әбден мүмкін.
Сол сияқты басқа ғылымнан (112 б.) ауысып келген есімдерді көрген адам ол сөзді бұрын соңды өз саласында үйреншікті мағынада түсінбеуі тиіс. Жоғарғы он тек бар, олардың әрбіріне тән атаулары да бар, бұлар әрбірінің артына арнайы реттілікпен белгіленген. Бұлар олардың әрбіріне катысты синонимдес атаулар. Мысалы, субстанция, зат, жағдай, бір бүтін т.б. Олардың әрбірі осы атаулармен аталады және осы атаулардың әрбірі жалпы мағынада бұлардың барлығын қамтиды ендеше жалпы есімдердің түрлері реттілік пен сәйкестікке байланысты [пайдаланыла береді]. «Бар болу» сөзі әуелі субстанцияға қатысты айтылады да кейін барып басқа категорияларға айтылады. Егер субстанция өздігінен болып болмыстағы акциденцияларға мұқтаждық танытпаса, онда субстанциядағы акциденциялардың келіп кетуі, олардың кемуі оған әсер қылмайды. Субстанция егер өзгеріске ұшырап дұрыс болмаса, онда оны негізге алған акциденция да дұрыс болмас. Кейін, субстанцияда акциденциядан басқа категориялар «бар болу» атауына анағұрлым жақын болады.
Субстанцияда басқа аз нәрселердің арқасында бар болған нәрселер көп нәрселердің арқасында бар нәрселерден жоғары тұрады. Сол сияқты атаулары басқа, бірақ, жалпыланып кеткен нәрселердің әрбірі егер сол нәрсенің түріне, жынысына қатысты аталса соған байланысты келісім арқылы жүзеге асады. Әрбір түрдің атауы соған байланысты аталған уақытта да келісіммен аталады. Ал субстанциядағы кейбір жыныстардың түріне қатысты есімдерді атаған уақытта бірнеше нәрсеге ортақ есімдермен атайды.
Бір нәрсені даралығына, қамтитын қасиетіне немесе түріне қатысты шамалап атаған уақытта ортақ есімді қолданбайды. Мысалы, «түс» сөзін алайық. Бұл сөзді жалпы алған уақытта оны арнайы бір субъектіге бермей, белгілі реңнің акциденциясы қылмай тұрған уақыттағы бос ұғым. Ал енді оны белгілі бір субъектіге беріп, рең келтірген соң ол енді жәй «түс» емес, «түс [рең] беруші» деген есімге ие.
Егер оның бар болуы мен негіздерінің себептері субъектіде бар болса оның атауы субъектіде негіздерінің бар екенін білдіретін ортақ есім болады. Бұл есім ол нәрсе үшін ортақ атау екенін білдіреді. (113 б.) Ал енді түрлі жынысты субстанциялар мен түрлерге келсек, онда бұлардың көпшілігі делік әуелгі атаумен көрсетіледі мысалы, «адам», «ат», «ағаш», «өсімдік» немесе «дене», «субстанция» сияқты атаулар. Бұлар кейбір ортақ жалпылық атауының шарттарынан ауытқитын болса ол есімді тек белгілі субъект үшін қолданады. Бұлардың арасындағы айырымдар ортақ есімдердің арасындағы айырымдардың болғанындай субстанциялар мен басқа да категориялардың айырылымы сияқты.
Күллі жағдайда белгілі есіммен аталайын деп отырған нәрсені атамас бұрын ақылдасқан жөн. Субъектіні атаған уақытта да осы тәртіп сақталады. Сол сияқты бір соз бен жалпы сөз де сөйлемнің құрамына кіреді. Егер пайымдағы субъекттің есімі ортақ есім болса, онда пайымның жалғыз нәрсеге қатысты болмағаны керісінше, сол есімнің ортақ нәрселерінің санына қарай сонша мәрте жасалған болады. Бұл пайым бір предикаты бар бірнеше мағыналы субъектілерге жасалмақ.
Егер предикат ортақ есім болса, онда пайымның саны да предикаттың көрсететін мағыналарына тең. Сол сияқты егер олардың есімдері ортақ болса да осы жағдай сақталады. Пайымның предикаты синонимды есім болып келген пайымның субъектісі біреу болады.
Қайтымдық және тура дедукцияның жағдайлары
Сол сияқты бір жағынан пайымға [назар салу] қажет, егер пайым растаушы ал предикаты ажыратылған болса, онда пайым предикатының бар екені айқындалады. Пайымның субъектісі терістеуші болса да оның предикаты болады. Дәл солай пайымның субъектісі болған уақытта да пайым дұрыс саналады.
Расында субъекті бар уақыттағы предикат субъектінің терістелген нәрсесінен предикатта терістелген болуы лазым. Мұның теріс пайымы да сол сияқты болады. Егер субъектіні предикаттан терістеген болса сол уақытта предикатта субъектті терістейді. Субъектінің терістеуіне предикаттың да терістеуі жауап болады. Мысалы, «егер әділ адам ең қайырлы адам болса, онда әділ болмаған адам ең қайырлы емес» немесе «рахат болмаған нәрсе зұлымдық емес, ендеше рахат - зұлымдық».
(114 б.) Сол сияқты егер субъекті растаған нәрсені предикат терістейтін болса, онда оның растауы субъекті терістеген уақытта келеді. Бұл пайымның терісі де осы сияқты, егер предикаттың растауы субъектінің терістеуінен соң келсе онда оның терістігі субъектінің растауынан соң келеді. Мысалы, «Егер рахаттану болған нәрсе нығмет болмаса, онда рахат болмаған нәрсе - нығмет» және «егер әділділік емес нәрсе мақтану болса, онда әділділік болған нәрсе мақтануға лайық емес нәрсе» онда «әділділік жолында болған нәрсе мақтауға лайық емес». Әрине бұл пайымдардың барлығы да ойдан құралған пайымдарға [жатады] себебі, «күллі адам - жануар» деп айтар болсақ онда «адам болмаған нәрсенің барлығы да түгел жануар емес». Осы сияқты т.б. пайымдар көптеп кездеседі.
Осы пайымдардың ішінде «мә ләйса» (сондай емес) сөзі келеді. Егер ол құралса онда ол үшін принципиалды, ал егер құралмаса онда ол үшін принципиалды емес. Бұл айтылған былай деп [айтылған сияқты] «егер нәрсе жоқ болса, онда ол бір мекенде де тұрмайды, ал егер бар болса онда оның орны да бар болады. Егер нәрсе жоқ болса онда ол дене емес, ал күллі бар нәрсе - дене». Бұлардың ішінде екі тараптан және қарсылық болған пайымдар кездеседі. Ол дегеніміз пайымның субъектісі рас болған уақытта оны артынан келген предикаты растайды, ал субьектісі рас болған кезде артынан келген предикат та терістейді. Біздің «Егер әрбір адам жануар болса, онда жануар болмаған күллі нәрсе адам емес», - деп айтқанымыздай. Сол сияқты субъекті терістеген уақытта артынан келген предикатта теріс болады. Предикат рас болса онда артынан келген субъект те рас болады. Біздің мына сөзіміз сияқты: «Дене болмаған нәрсе қозғалмайды, ал күллі қозғалушы дене». «Егер жоқ нәрсенің мекені жоқ болса, онда мекені бар күллі нәрсе», - бар деген соз. Міне, терістеу пайымының қарама-қарсысы деп осыны айтады, бұл дәлелдеу силлогизмі.
Сондай-ақ, егер субъект рас болып кейін келген предикат терістеуші болса, онда предикат рас болған уақытта терістеуші субъект болады. Мына мысал сияқты: «Ұшқан нәрсенің барлығы адам емес ендеше, адам болған нәрсе құс емес». Жалпылық терістеудің оз пішіні сияқты терістелуі дегеніміз осы. Субъект терістеуші болған уақытта кейін келген предикат растаушы болса онда предикат терістеуші болған кезде субъект растаушы болмақ. Мысалы, «ажыратылмаған нәрсе жинақталған, ал жинақталмаған нәрсе - ажыратылған».
Қарама-қарсылардың жағдайы
(115 б.) Қарама-қарсы жағдайлардың ішінде туралық [принципінің] негізінде алынған сөздің бір тарапынан қарама-қарсының ішінде қарсы сөздер бар. Біздің мына сөзіміз сияқты: «Егер қиналу зұлымдық болса, онда рахаттану нығмет болғаны. Егер бақытсыздық опасыздық болса ,онда бақыт - бекзаттық». Бұлардың ішінде қарама-қарсысы [негізінде] алынған қарсы сөздің екі тарапынан келген қарсы сөздері де бар. Мысалы, «Егер науқастың сыртқы пішіні жаман болса онда, сыртқы көрінісі жақсы адам саламатты болғаны. Егер жас бала бойшаң болса оны ер жеткен адам санау қажет. Ал қысқа бойлы кісіні жас бала деп білу керек». Бұлар пайымдарды растау немесе теріске шығару үшін пайдалы. Егер бір нәрсені растауды қаласақ, онда пайымның предикатына назар саламыз. Егер предикат субъектіге қарсы болса, онда предикат субъектіде болуы лазым. Ал егер предикаттың қарсысы субъектінің қарсысын терістеген болса, онда предикат субъектіні терістеген саналады. Егер бұл жағдай анық болмай, ал субъекті қарсысының предикат қарсылығына деген болмысы анық болса, онда сол анықтың қарама-қарсысын аламыз.
Бұл жағдайда біз субъектіде бар предикатты анық болса да субъект қарсылығының предикат қарсылығын терістеуіміз лазым. Сонда субъектіден предикатты терістеген боламыз. Естушінің қасында айтылған екі пайымдың дұрыс таңдауға және қолдануға еріктіміз. Егер тура айтылған пайым дұрыс әрі мәшһүр болса соны таңдаймыз. Ал енді пайымның қарсы сөзі нанымдырақ болса соны пайдаланамыз.
Расында қарсы сөз жағдайларының мәшһүрлері екі жағдайдың бірінен бос болмайды: айтылған сөз тура болады немесе қарама-қарсы сөз болмақ. Бұл пайымдардың барлығы да қиялдан туылған те» бұлардың ішіндегі кең танымалы әрі нанымдыларын есепке алмағанда. Пайымдардың ішінде бір қасиетті иелену немесе не болмау пайымдары қолданылды. Олардың ішіндегі танымалы болғандары бір жақты қолданылған тура сөзді пайымдар.
Талап қылынған субъекті бір нәрсені иелену қасиетінде болса, онда предикатта солай болғаны кейін, предикаттың жоқ болғаны сияқты артынан келген субъекті де сол қасиетті иеленеді. Сол сияқты субъекті үшін бар болған предикат егер предикаттың жоқ болуы субъекттің жоқ болуынан ажыратылған болса, онда предикат субъект! үшін болады. Мысалы, «Егер көру ғылым болса, онда зағиптік надандық болғаны бірақ, зағиптік надандық емес [ендеше] көру - ғылым емес». Бұл пайымдардың көптеген қайшылықтары бар мысалы, «Егер көзбен көруші тірі саналса, онда зағип мәйіт (116 б.) болуы лазым емес. Егер сергек тірі болса, онда ұйықтаушының мәйіт болуы мүмкін емес». Иеленуге немесе ие болмауға құдіретті бір нәрсе болған уақытта оның иеленген нәрсені иеленуі немесе жоқ болған нәрсенің жоқ болып қала беруі зәру емес. Алайда, бұл пайымдардың ішінен естушіге нанымдысын немесе қарсы сөзін білмейтін пайымдарды қолдануға болады. Сондай-ақ, бұлардың ішінде бір жақты қосынды пайымдардың барлығына танымалы пайымдары да бар. Олардың талап қылған субъектісі қосылған болса оның предикаты да сол сияқты болмақ. Кейін, предикаты қосылған пайымға субъектісі қосылып нәтижеде предикаты бар субъект болған пайымдар да жоқ емес.
Егер қосылған предикат қосылған субъектіден ажаратылған предикат болған жағдайда онда предикат субьектіден ажырады. Бұл пайым растау үшін және терістеу үшін де қолданылады. Біздің мына сөзіміз сияқты: «Егер улы бағынушы болса, онда әкесі - басшы. Егер басшы қызметке алушы болса, онда бағынушы қызмет көрсетуші. Егер қанаушы анағұрлым абзал жан емес болса, онда қаналушы анағұрлым ұждансыз емес».
Қарсылық ету жағдайы
Жағдайлардың ішінде пікір, мінез-құлық пен өмір сүру салтына лайық алынған лазым, қарама-қарсылық пайымдары да бар. Олардың ішінде табиғаты бір пікірде, бір мінезде немесе бір нанымда бірігетін және бір-біріне лазым екі нәрсе бар. Сол сияқты бір-бірінен алшақ, бір пікірде және бір мінез-құлықта мүлдем қосылмайтын керісінше, ол екеуінің нанымдағы мәңгі қарама-қарсылығы оларды қасарысушы қылады.
Ол екеуінің нанымда немесе мінез-құлықта бірге болулары зәру емес және бір-біріне қажет те емес. Бұлардың жағдайы ыңғайларына қарай болады. Адам ол екеуінің бірін білсе екіншісін де білуі зәру емес. (117 б.) Сол сияқты егер адам оның біреуіне иланса оған илануымен катар оның екіншісіне де илануы қажет емес керісінше, оның бірін біліп екіншісін білмейміз, біріне иланып екіншісіне сенбейміз. Олар оз ыңғайларына сәйкес пайда болады. Қарама-қарсылықтан құралған осы пайымдардың субъектілері және предикаттары да қарама-қарсы.
Мысалы, субъектілері «әділдік» пен «әділсіздік» ал предикаттары «нығмет» пен «зұлымдық» сияқты. Екі қарсы екі қарсылықпен [қосылады] әр қарама-қарсыға екі қарсылық, әр қарсылық екі қарама-қарсылыққа келеді. Нәтижеде үшеудің әрбірі екі түрлі, бірімен-бірі қосылып алтауға ұласады. Қасарысушылық пайымдарын байқап және оларды салыстырып алтауын да байқауға тура келеді. Оларды бір пікірде немесе мінезде, немесе қолданыста қосқан жағдайда қандай болатынын көруге болады.
Біріншісі, әділдік - нығмет, ал әділсіздік - зұлымдық;
Екіншісі, әділдік - зұлымдық, ал әділсіздік - нығмет;
Үшіншісі, әділдік - нығмет және әділдік - зұлымдық;
Төртіншісі, әділсіздік - нығмет және әділсіздік - зұлымдық;
Бесіншісі әділдік - нығмет және әділсіздік - нығмет;
Алтыншысы, әділдік зұлымдық және әділсіздік - зұлымдық.
Әуелгі пайымдағы екеуі бір пікірде, бір қасиетте және бір қолданыста. Мұнда ешқандай қарама-қарсылық жоқ, бұл қайырымды жол. Әділдіктің жақсылық екенін көрген адам зұлымдықтың жаман екенін көреді. Әділдіктің жақсылық екенін көрсету жолы, залымдықтың жамандық екенін айту. Сондықтан Бұл екеуі бір-біріне лазым.
Екінші пайымға келер болсақ, онда бұл пайым да бір пікірде және бір жолмен жасалған. Сондықтан бұл жамандық жолы. Кім әділдікті жамандық, зиян келтіреді деп танып зұлымдықты жақсылық, пайда келтіруші деп мойындаса, онда оның жолы зұлымдықты қолдап, әділдікті тәрік ету жолы болмақ.
Үшінші пайымда екеуі не нанымда, не жасалу жолдары да мүлдем бірікпеген керісінше, пікірде бір-біріне қарсы, жолдары қарама-қарсы. Сондықтан, бұлар қарсылық пайымдары болады. Төртінші, бесінші және алтыншы жағдайлар да қарсылық пайымдары болмақ. (118 6.) Сол сияқты егер біз «дос», «дұшпан», «қайырымды» мен «залым» деген [жұптарды] алатын болсақ осылай болады. Бұл мысалды Аристотель қолданған:
Біріншісі, дос - ізгілік жасайтын адам, ал дұшпан - зұлымдық жасайтын адам;
Екіншісі, дос - зұлымдық жасайтын адам, ал дұшпан - ізгілік жасайтын адам;
Үшіншісі, дос ізгілік жасайтын адам және дос - зұлымдық жасайтын адам;
Төртіншісі, дұшпан ізгілік жасайтын адам және дұшпан - зұлымдық жасайтын адам;
Бесіншісі, дос - ізгілік жасайтын адам және дұшпан - ізгілік жасайтын адам;
Алтыншы, дос - зұлымдық жасайтын адам және дұшпан зұлымдық жасайтын адам.
Бірінші пайымда қарама-қарсылық жоқ, ал екінші пайымнан бастап барлығында да ол нәрсе байқалады бірақ, көптеген жағдайларда діндерде жазылған ережелерге сай оқтын-оқтын өзгеріп мәшһүр болуға лайық. Біздің мынау: «дұшпан - ізгілік жасайтын адам» деген сөзіміз сияқты. Бұл сөз көптеген діндерде орын алып, ал «дұшпан - зұлымдық жасайтын адам» - сөзі ережеден шығарылып тасталған. Ендеше, біздің: «дос - ізгілік жасайтын адам және дұшпан - ізгілік жасайтын адам» - деген пайымдарымыз сол халықтар үшін қарсылық пайымы емес. Сол сияқты егер жамандық көптеп өзінің әсерін қалдырған болса, онда «дос - зұлымдық жасайтын кісі және дұшпан - зұлымдық жасайтын адам» - деген біздің сөзіміз кейбір уақытта бір мінезде, бір пікірде бірігулері мүмкін. Ал біздің: «дос - зұлымдық жасайтын кісі және дұшпан - зұлымдық жасайтын адам» - деген сөздеріміз дұрыс жанды пенденің пікірінде бірігуі әбден мүмкін. Ол үшін дұшпанға жасалған ізгілік досына жасалған ізгіліктей болмайды деп ойламауы тиіс.
Дәл сол сияқты дұшпан мен досқа зұлымдық жасауға болады деуші адам досқа жасалған зұлымдық дұшпанға жасалатын зұлымдық сияқты емес деп санайды. Сондықтан, әуелгі пайымдағы екі сөз бір-біріне зәру лазым емес және екінші пайым да сол сияқты яғни, «дұшпанға зұлымдық жасау қажет» деген пікірді бір қауымда қолданбайды, ал «дұшпанға ізгілік жасау қажет» деген сөздің қолдауы бар. Сонымен «досқа ізгілік жасалу қажет» және «дұшпанға ізгілік пен зұлымдық жасалу қажет» деп біріккен қарсылық пайымдары қалады. Қалған пайымдар қарсылық пайымы саналмайды. (119 б.) Әуелгі мысалға келер болсақ, онда әуелгі мен екінші пайымдар қарсылық емес, қалғандары қарсылық пайымдары. Егер «рахаттану», «азап шегу», «нығмет» және «зұлымдық» сөздерін алар болсақ:
Біріншісі, рахаттану - нығмет, ал қиналу - зұлымдық;
Екіншісі, рахаттану - зұлымдық, ал қиналу - нығмет;
Үшіншісі, рахаттану - нығмет және рахаттану - зұлымдық;
Төртіншісі, қиналу - нығмет және қиналу - зұлымдық;
Бесіншісі, рахаттану - нығмет, қиналу да - нығмет;
Алтыншысы, рахаттану - зұлымдық және қиналу да - зұлымдық.
Алайда, қиналу - нығмет бұдан қашуға болмайды, ал рахаттану нығмет емес, бұл нәрседен аулақ болған жон деп санайтын қауым жоқ емес. Осы ойлаған нәрселердің барлығын өздерінің табиғатынан таба бермейді. Бұл нәрселер мәшһүр болмаса да олардың канондық заңдарында жазылған. Олардың ішінде бірінші пайымды ізгі деп танымайтындары бар. Екінші пайымды ізгілік деп білетіндер де жоқ емес. Қалтан пайымдар олар үшін қарсылық ету пайымы болып саналады. Сол сияқты егер «өмір» мен «өлім», «нығмет» және «қасірет» сөздерін алсақ та осылай болмақ:
Біріншісі, өмір - нығмет, ал өлім - қасірет;
Екіншісі, өмір - қасірет, ал өлім нығмет;
Үшіншісі, өмір - нығмет және өмір - қасірет;
Төртіншісі, өлім - нығмет және өлім - жақсылық;
Бесіншісі, өмір - нығмет және өлім де - нығмет;
Алтыншысы, өмір - қасірет және өлім де - қасірет.
Расында өлімді жамандық емес, өлімнен қашуға болмайды деп санайтын қауым бар. Ол жайында пікірлер де әр түрлі. Олардың кейбірі бұл нәрсе канонды заңда айтылған деп айтса енді басқалары уақытында қажет болатын шешім деп айтады. Адам өз жанында өмір сүруге құштарлығын, өлімге дұшпандығын көрген уақытта бұл пікірлердің барлығы мәшһүр пайымдарға қарсы келеді.
Бұл пайымдардың қайсысын тартыс өнерінде қолданатынын және қайсысын тек бір қауым бір-бірін иландыру үшін қолданатынын білу керек. Мысалы, «денсаулық» сөзі, мынадай [формаларда] өзгереді «дені сау», «денсаулығы қалпына келуші», «денсаулығын қалпына келтіруші», «денсаулықты қалпына келтіретін орын», «денсаулығы қалпына келген» және «дені сау» т.б. деп те келуі мүмкін. Бұлардың барлығы да ұқсас сөздің түрленуі деп аталады. Сөз құрамының негізі бір, ал, алуан түрлі мағынаны үстейтін пішіндері әр түрлі. Олардың ішінде мағынаның өзегіне сілтейтіндері болса онда ол туынды соз, Аристотель оны «Диалектика» атты еңбегінде «ұқсас соз» - деп атайды. Ал енді олардың қайсы бірі тек бір салаға қатысты ғана айтылатын болса, оларды туынды соз деп атайды. Біздің «емделген» және «медициналық емделу» деген сөздеріміз сияқты яғни, біз оны медицина мектебінде немесе медицина саласында яки болмаса медицинаға қатысты қолданамыз. Расында соз өзгеріп, мағынасы осы аталған үш жолдың біріне қатысты жұмсалса, Аристотель мұндай өзгерісті «туындау өзгеріс» деп атаған.
Шынында да парсылар, гректер сияқты т.б. көптеген халықтар бір сөзді тілдік қолданыста өздеріне белгілі қылып өзгерткен. Ол сөздердің мағыналары осы аталған үш жолдың біріне жұмсалады. Араб тілінде мұндай нәрсе жоқ бірақ, арабтар өздерінде сол мағыналарды білдіретін жеке сөздерді қолданады.
Егер арабтар медицина мектебіне қатысты бір нәрсе айтуды қаласа олар «медицина» сөзінен жаңа соз жасамайды керісінше, «медицина мектебінде» деген сөз тіркесін қосу арқылы айтады. Сол сияқты егер ізгілік немесе қайырымдылыққа қатысты «пәленше игілік амалын жасады» - деп айту қажет болса арабтар ол үшін «ізгілік» немесе «қайырымдылық» сөздерінен соз жасамайды. Ол үшін ізгілік немесе қайырымдылық сөздерінің өзін қолданады. Сондықтан арабтарда бір сөздің туындауынан алынған жәйттер жоқ бірақ, оның орнына «ізгілік өлшемімен алғанда немесе қайырымдылық көшімен қарағанда» деген сөздерді қолданады.
Ал енді ұқсас сөздерден алынған жәйттерге келсек онда, бұларды сөздің өзгеруі арқылы жасауға болады. Қашан талап қылынған предикаттың ұқсас мысалы субъекттің ұқсас мысалдары үшін бар болса, онда предикаттың мысалы да субъекттің ұқсас мысалы үшін бар. Өйткені предикат субъекті үшін бар болады. Ал егер предикаттың ұқсас мысалы субъекттің ұқсас мысалы үшін жоқ болса онда, предикат та субъектіден ажыраған. Дәл сол сияқты егер (122 б.) предикаттың туындысы субъекттің туындысы үшін бар бол¬са, шынында да предикат субъекті үшін бар болады. Ал егер, ол үшін жоқ болатын болса предикат та субъекті үшін жоқ.
Ұқсас сөздердің мысалы: ұқсас соз дегеніміз - түбірдің өзгеруі арқылы пайда болған соз. «Расында әділдік - ізгі амал» деген пайым. «Егер әділ кісі ізгі адам болатын болса күмәнсіз әділдік - ізгілік болады, ал әділ адам ізгі кісі болмайтын болса онда әділдік те ізгілік болмағаны». Сөз туындаған уақытта да сол сияқты әділдік жағында болған нәрсе ізгілік тарапында да болады. Сонымен, әділдік - ізгі амал. Егер (нәрсе) әділдік жағында болмаса, онда ол ізгілік жағында бар болады. Ендеше әділдік - ізгілік болмағаны.
Сол сияқты пайымдарда өзіне ұқсас және туындау жолымен пайда болған нәрселермен бірге болады. Бірінші мысалдарда көрсетілген үлгілер соның анық көрінісі. Егер «әділ адам - ізгі кісі ме?» - деген мәселе талап қылынса, онда ол үшін біз әділдіктің ізгілік екенін дәлелдеуіміз қажет немесе әділдіктің ізгілік емес екенін талап қыламыз. Егер пайым әділдік жақтағы нәрсенің өзі болса онда, оның ізгілік жағында болғаны.
Сонымен біз әділдіктің ізгілік екенін дәлелдейміз немесе оның ізгілік емес екенін талап қыламыз және ұқсас сөздің туынды сөзден, туынды сөздің ұқсас сөзден айырмашылығын көрсетеміз. Сонымен қатар екі жыныстың белгілісіне қарағанда белгісізін елестетуге тырысамыз.
Мысалы, егер әділ адам ізгі кісі болса онда әділдік тарапында болған нәрсе ізгілік жағында да болғаны. Осыған сәйкес әділдікте жүрген нәрсе ізгіліктің де бойында жүреді. Ендеше, әділ адам - ізгі кісі. Тағы сол сияқты егер бір нәрсе басқа нәрсенің қарама-қарсысы болса, онда ол нәрседен туындағанын және соған ұқсайтын нәрселер де басқа нәрседен туындаған әрі соған ұқсайтын нәрселерге теріс болады. Біз предикатқа қарсы нәрсе субъектке қарсы және предикаттың туындысы субъекттің туындысына қарсы екенін байқаймыз.
Сонымен жоғарыда көргеніміз сияқты «әділдік - ізгілік» енде¬ше «зұлымдық - надандық». Егер әділдік тарапында жүрген нәрсе ғылым тарапында болады ма? сондай-ақ, зұлымдық жағында болған нәрсе надандық шеңберінде бар ма? деген жағдайларға назар саламыз. Егер «әділ адам - ғалым кісі» болса онда, «залым адам - надан адам» болғаны.
(123 бет) Бұл жәйттардың ішінде кейпіне ұқсатылған нәрселерден алынғандары да бар. Егер талап қылынған субъект ұқсатылған нәрсе болып оның ішінде предикаты бар болса, онда талап қылынған субъектінің ішінде де предикаттың болуы лазым. Ал егер предикат ұқсатылған нәрсенің ішінде жоқ болса, онда предикат субъектіде де жоқ деген сөз.
Біз бұл жағдайды өте қажетті жәйт қылуды қалайтын болсақ, онда екі нәрсенің арасындағы ұқсас нәрсе сол жәйттің тарапынан болып және соған ұқсатылған нәрсенің ішінен предикатты табуымыз қажет. Мұндағы предикаттың ұқсатылған нәрсе үшін бар болу себебі, оның талап қылынған субъект үшін бар болу себебінен басым болуы лазым.
Енді бұл жәйттің предикатты ұқсатылған нәрсе үшін тапқандығы қалай мәлім болмақ? (деген сұрақ ) туындайды. Ол дедукция немесе басқа да ұқсас нәрселер арқылы белгілі болуы мүмкін. Дедукцияны бар болу және жоқ болу жәйттарында баяндадық. Егер өзіне ұқсатылған жәйтты ұқсас нәрседен тапқан болсақ, онда предикат та сол жерде бар. Ал егер ол онымен тасталған болса, онда предикат та жоқ болады. Сөзіміз негізді болуы үшін оны бұл мәртебеден жоғары көтеруді қалайтын болсақ, онда бұл жәйт сол предикаттың бар болуына себеп болады.
Субьектіге ұқсатылған субъекттің предикатын тапқан жәйт үшін предикаттың бар екенін дұрыстау өзі арқылы немесе дедукция арқылы жасалады. Осы жәйт қандай жерде бар болса онда предикат та табылады және ол не нәрсеге қатысты айтылған болса сол нәрседе предикат та болмақ. Сонымен предикаттың субъект үшін болғанын дәлелдеу ұқсатылған әдіс арқылы емес, керісінше, силлогизме және дәлелдеу арқылы іске асты. Ол үшін нәрсенің ұқсатылу әдісі мүлдем қажет емес.
Қашан ұқсатылған нәрсе қарама-қарсы болмай бұл жәйтты дұрыстауды қалайтын болсақ онда жәйтты мүлдем басқа әдіспен зерттемеуіміз қажет. Тек көптеген қарсылықтар туып басқа жолмен зерттеген уақытта ғана шындыққа жететін болсақ, онда сол басқа әдісті қолдану қажет. Егер айтқан басқа әдісіміз дедукция болса зерттелетін пайым дедукция мысалынан шыққан күрделі (құралған) нәрсе болуы тиіс. Сонда барып ол нәрсе ұқсатылған әдіс арқылы емес, дедукция арқылы дұрысталады. Егер дедукциядан (124 бет) басқа бар болуы мен жоғалу сияқты т.б. жәйттармен іске асатын болса, онда шынында да дұрыс болуы талап қылынған нәрсе осы жәйт арқылы болады. Ал талап қылынған субъектіге ұқсас нәрсе екі түрлі болады: субъектіге де, ұқсатылған нәрсеге де ұқсайтын бір нәрсе мысалы, қар, сүт т.б. Екіншісі, лайық түрі: мысалы, көздегі көру - жандағы ақылға ұқсайды; ұстап сезетін заттарды ұстау көзбен көретін заттарды көргенмен тең; қаланың патшасы әлемнің құдайы сияқты. Патшаның жалғыз болуы қажет болғаны сияқты әлемнің құдайы да жалғыз болуы лазым. Егер патшалар көп болса, онда ауызбіршілік кетіп қаланың шаруасы ыдырауға мәжбүр болғаны сияқты құдайлардың да көп болуы әлемдегі заңдылықтарды құбылтуға мәжбүр болады. Сондықтан да «қаланың қалалық мүшелері жанның жандық мүшелері сияқты немесе дененің дене мүшелеріне ұқсайды» - деген соз пайда болған. Дене мүшелері бір-бірімен байланған. Сол сияқты қаланың мүшелері де бір-бірімен байланғаны жөн.
Дененің бір мүшесіне зиян келсе ол нәрсе дененің басқа жеріне әсерін тигізбесі үшін оны дереу емдеуге кірісу қажет. Осы сияқты егер қаланың бір мүшесі бұзылған болса, онда ол басқа ағзаларына зиянын тигізбес бұрын оны емдеу лазым. Бұл сөйлемнің өзгерістері сөз тіркестердің де өзгерістерімен сай келеді. Осы ұқсастық мағыналарда елестетіледі. Мысалы, естілетін нәрсенің естілу қабілеті, көзбен көрінетін нәрсенің көріну қабілетіне ұқсатса болады. Кейін, естірту қабілеті бізге сырттағы нәрселерді дұрыстап естіртеді, ал есту қабілетімізден еш нәрсені сыртқа шығармайды. Сол сияқты көру қабілеті де біздің көзбен керген нәрселерімізді дұрыстап көрсетеді. Ол біздің көру қабілетімізден еш нәрсені сыртқа алып кетпейді. Есту қабілеті сияқты емес, себебі, көру қабілеті көретін адамға тиіс қабілет, дәл құрметтің құрметті адамға лайық болғаны сияқты.
Біз үшін марапатты адам бізге құрмет жасамайды керісінше құрметті оған біз жасаймыз. Сол сияқты көзбен көрінетін нәрсе бізге қарамайды, біз көрінетін нәрсеге қарауымыз лазым. Ал естуші керісінше, басқа нәрседен келгенді өзіне қабылдап алады. Естуші басқа нәрседен өзіне арналғанды (125 бет) қабылдайды.
Расында бірінші жағдай ұқсастықты мағынада қабылдайды, ал екінші жағдай яғни қарама-қарсылық ұқсастықты мағынада емес, тек сөзде ғана пайдаланады. Негізінде көру қабілеті мен құрметтеу қасиетінің арасында немесе көзбен көретін нәрсенің арасы мен құрметті кісінің арасында мүлдем ұқсастық жоқ тек, сөздерінің формасы араб тілінде. Сол сияқты естуші мен қабылдаушының арасында да ұқсастық тек сөздерінің формасында ғана. Бұл софистикалық жәйт, мұнда белгілі кемшіліктер бар болғандықтан оны осы әдіс арқылы тартыс өнерінде, ұқсастықта және жалпы ғылымда, сөйлемде қолданудан аулақ болған жөн.
Жәйттардың ішінде бір-бірімен тең және артық жәйттерден алынғандары да бар. Бір-бірінен артық жәйттерге келсек онда, бұлар төртеу: біріншісі, пайымның предикатына назар салынады, егер субьектісі көп нәрсенің ішінде предикаты көп болса және ол субъекті молайған сайын үнемі артып тұрса онда, предикат субъекті үшін бар. Ал енді субъектісі көп нәрсенің ішінде предикат аз болып және субъекті үнемі артқан сайын ол кеміп туратын болса онда, ол субъекті де жоқ. Бұл жәйт ылғи предикаты мен субъектісі аздық пен көптікті қабылдайтын «рахат - нығмет» деген сияқты пайымдар да болады. Бұл екеуі көптікті де, аздықты да қабылдайды мысалы, рахат көп болған сайын нығмет те кеп болады ендеше, рахат - нығмет. Егер рахаты көп болған нәрсенің жақсылығы аз болса немесе жоқ болса, рахат - нығмет емес. Осы жәйтта предикат, субъект жақтарын арттырып немесе кемітуге болады. Бұл кезде басқа мағына шығады.
Екінші жәйт: бір пайымнан екінші пайымға дейін пайымның предикатына назар саламыз егер өзі талап қылынған субъекті көп, предикат аз болса немесе талап қылынған субъекті бар нәрседе (предикат) жоқ болып кейін бар болса онда, ол предикат субъекті үшін бар. Ал енді предикат ол нәрседе көп, ал субъекттің жағдайында аз болса және ол талап қылынған субъектіде бар болуы басқа нәрседе болғанынан өзгеше болып кейін, жоқ болса онда, (126 бет) предикат субъекті үшін жоқ. Себебі, егер екі нәрсеге де сай келетін бір жағдай немесе предикат болса және ол екеуінің ішінде жоқ болуына біріне қарағанда екіншісінде жоқ болуына анағұрлым лайықтысы болып кейін, оның ішінде (жоқ болуына анағұрлым лайықтысының ішінде) бар болып шықса онда, ол болуына анағұрлым лайықтының ішінде де болады.
Егер бар болу жағдайы екеуінің ішіндегі біреуінде анағұрлым басым болып кейін, ішінде бар болуы анағұрлым лайықтының ішінде жоқ болып шықса, онда ішінде болмауы анағұрлым лайықтының ішіңде де болмайды.
Үшінші жәйт: екі пайымнан бір пайымға өту. Талап қылынған субьектідегі предикат өзінің субъектісінде талап қылынған предикаттан аз болса немесе талап қылынған субъектіде жоқ предикат өзінің субъектісінде жоқ предикаттан анағұрлым басым болып кейін, предикат сол жерде (талап қылынған субъектіде) бар болатын болса онда, предикат өзінің субъектісінде де бар болып шығады. Ал егер талап қылынған субъектіде бар нәрсе предикаттың болуынан көп (басым) болса немесе оның бар болуы өзінің субъектісінде талап қылынған предикаттың болуынан анағұрлым лайық болып шығып кейін, ол нәрсе талап қылынған субъектіде жоқ болса, онда предикат та ол жерде болмай шығады.
Егер екі нәрсе немесе екі предикат бір жәйтке лайық және бұл жәйтте бар болу қасиеті ол екеуінің бірінде басым болса немесе бұл жәйтте жоқ болу қасиеті ол екеуінің бірінде басым және анағұрлым лайық болып шығып кейін, соның ішінде бар болатын болса онда, әрине ол бар болуға лайық жәйттің ішінде де бар болмақ. Ал енді ол екеуінің (екі нәрсе немесе екі предикат) сол жәйтте бар болуы басқа нәрсенің бар болуынан басым болып шығып бірақ, кейін оның ішінде бар болмай шықса, онда ол жәйттің ішінде болмайды. Мысалы, «ер жүрек адам үшін батырлық пен түсінік, қайырымды жан үшін әділдік пен сүйіспеншілік» - деген сияқты.
Төртінші жәйт: екі пайымнан екі пайымға өту. Егер бір предикаттың бар болуы басқа талап қылынған предикаттың субъектісі үшін бар болуынан кем (аз) болса және предикат бұл жәйтте бар болса (127 бет) онда, талап қылынған предикат субъектісі үшін бар. Ал енді предикат талап қылынған предикаттың субъектісі үшін бар болуынан басым немесе предикаттың сол нәрседе болуы талап қылынған предикаттың субъектісі үшін болуынан басым болып кейін, осы предикат сол нәрседе болмай шықса онда, талап қылынған предикаттың субъектіде болмауы анық.
Екі жәйтке қатысты екі нәрсені алайық. Егер осы екі нәрсенің бірінің бір жәйтте болмауы екінші нәрсенің екінші жәйтте болмауына басым болып кейін, нәрсенің жәйтте болмауына анағұрлым лайық нәрсе сол жәйттің ішінде болып шықса онда жәйттің ішінде болуы тиіс нәрсе де жәйттің ішінде болады.
Ал енді екі нәрсенің бірінің бір жәйтте болуы екінші нәрсенің екінші нәрседе болуынан артық болып кейін, бір жәйттің ішінде бар болуы басым нәрсе ол жәйтте болмай шықса онда, жәйттің ішінде болмауға лайықты нәрсе де ол жерде болмайды. Егер осы жәйттердің барлығында сол екі нәрсе екі жәйттардың ішінде бар немесе жоқ деп ой жүгіртсе немесе білсе тіпті, Бұл ойлардың, білімнің бірі артып, бірі кеміп жатуы себепті екі нәрсеге қатысты ой немесе білім екінші нәрсеге қатысы ой мен білімнен артық болса, онда білім мен ойдың арасында артықшылық молая түседі. Дәл сол сияқты мұндағы жағдай олардың (нәрселердің) бар кездеріндегі артықшылық жағдайы сияқты. Мысалы, екі жәйтқа қатысты бір нәрсе айтылған жағдайда сол екеуінің бірі жайында біздің ойымыз кемиді немесе арта түседі. Егер бір нәрсенің болуы екі жәйттің ішіндегі бірінде басым, екіншісінде кем деп ойлап кейін, сол нәрсенің болуы басым деп ойлағанның ішінде ол болмай шықса, онда ол нәрсенің болуы аз үмітті деген нәрсенің ішінде мүлдем болмайды. Ал егер нәрсе болуы аз мүмкіндікті жәйттің ішінде бар болып шықса, онда нәрсенің болуы көп мүмкіндікті жәйттің ішінде де бар болады.
Егер екі жәйтте де (нәрсе) бар деп екеуі де тең айтылса бірақ, бірінде ол нәрсенің болуы аз мүмкіндікті деп кейін, ол нәрсе аз мүмкіндікті жәйттің ішінде бар болса онда, ол нәрсе көп мүмкіндікті жәйт та да бар. Сол сияқты болуы мүмкін деп ойлаған жәйтта болмай шықса (128 б.) онда, ол нәрсе болмайды деп ойлаған жәйтте мүлдем болмайды.
Егер екі жәйттің бірінде бар ал бірінде жоқ деп екі түрлі айтылса бірақ, бар деп айтылған жәйтте ол (нәрсе) жоқ болып шықса онда, ол (нәрсе) жоқ деп айтылған жәйтте де болмайды. Ал енді ол (нәрсенің) болуының ықтималдығы аз немесе жоқ деп ойлаған жәйтте бар болып шықса онда ол нәрсе қалғандарында да бар. Үш тепе-тең жәйттерден алынған пайымдар бір-бірінен артық жәйттармен біріге отырып шынайы немесе ойдағы пайымдармен берілді. Егер бір нәрсені екі жәйтке де жатады немесе екеуіне де тең келеді деген оймен қарап кейін ол нәрсе екі жәйттің бірінде болмай шыққан болса онда, ол екінші жәйтте де болмайды. Ал егер ол нәрсе екі жәйттің бірінде бар болса онда екінші жәйтте де бар.
Егер екі жәйтте бір сөзбен айтылады және бір мысалмен теңеседі деп айтылса кейін, ол екеуінің бірі жоқ болып шықса онда, оның екіншісі де жоқ болады. Ал егер оның ішінде ол екеуінің бірі бар болған жағдайда екіншісі де бар.
Ал енді екі нәрсені екі жәйтқа қатысты немесе ол екеуін бір мысалмен екі жағдайда деп айтылса кейін, ол екеуінің бірі екі жағдайдың бірінде болмай шыққан жағдайда да оның қалғаны қалған жәйтте бола бермек.
Бұл жәйттердің ішінде артық пен кемшіліктен алынғандары да бар: Мұнда талап қылынған субъектіге назар салу қажет егер оны бір нәрсенің үстіне қосу арқылы предикатты бар қылған болса онда, субъектінің предикаты бар болғаны. Сол сияқты предикаты бар нәрсенің үстіне субъектісін қосатын болсақ онда, ол нәрседегі предикатты бұрынғысынан көп және басым қылған боламыз.
Егер бір нәрседегі субъектінің предикаты екінші нәрседегі предикаттан аз немесе көп болса да абсолютті түрде оның предикаты бар саналады. Дәл сол сияқты егер оның предикаты субъектте бір шартқа байланысты бар болса онда, ол абсолютті түрде бар. Егер шарт болмаса онда ол да жоқ болады. Себебі, бір нәрседе субъект жоқ болса онда, оған ол бір шартқа байланысты бар - деп айтылмайды. Қарсылық пайымында бір шартқа байланысты бар болған нәрсе ол жерде міндетті түрде болады. Сол сияқты оның ішінде жоқ нәрсеге біз оны аз мөлшерде немесе көп мөлшерде бар деп айта алмаймыз. Ал енді бір нәрсенің ішінде әсте-әсте көбейген нәрсені міндетті түрде бар деп айтамыз. Бұл жәйттің ішінде қарама-қарсылығы көп болғанымен бұл - кемшілігі бар софистикалық жағдай.
Осымен «Аналитика» кітабы кемелденді. Аллаға шынайы мақтаулар болсын!
Әл-Фараби. Китаб әт-тахлиль.
Каир. 1298 хижра жылы. 96-128 бб. (қолжазба)
1. Мауадыл - пайымдар, жағдайлар (пікірлер). Жағдайлар деп әл-Фараби ой-пікірлердің белгілі формаларын меңзеп отыр, ойдың затын құрайтын бөлігі - субъект, ал осы зат жайында айтылып отырған нәрсе - предикат деп аталынды. Әл-Фараби күллі трактаттың мазмұнын, пайымдардың әртүрлі формаларындағы субъектті-предикаттың қатынасын зерттеуге алып келеді. Кез келген жағдайды дәлелдеу үшін «[бастауыш пен баяндауыштың] көрсеткен қатынастарына назар салу қажет, яғни барлық силлогизмдер осыларға негізделеді» (Аристотель. Бірінші Аналитика. 40.44).
2. Мауду - бастауыш, логикалық субъект.
3. Махмуль - баяндауыш, баяндалып отырған нәрсе, логикалық предикат.
4. Hay - тур. Заттың түрін білдіретін түсінік, зат санаттарының мәнді белгілерін көрсететін және жалпы тектік ұғымның құрамына кіретін түсінік.
5. Джине - тек. Зат санаттарының логикалық мінездемесі.
6. Муңаддим - бастапқы жүретін, логикалық негіздеме.
7. Тали - келесі, логикалық негіздеме.
8. Истиқрат - зерттеу, логикалық индукция.
9. Шәкл - силлогизмнің фигурасы: ортаңғы терминнің жағдайымен анықталатын силлогизмнің формасы. Аристотель сияқты Әбу Насырда силлогизмнің тек үш фигурасын мойындаған. Ғылымға анағұрлым дәлелді әрі лайықтысы бірінші фигура, ал екінші және үшінші фигуралар толық жетілмеген.
10. Хадд аусат - ортаңғы термин: екі пайымға да ортақ силлогизм термині. Аристотель ортаңғы термин деп «силлогизм соның арқасында пайда болатын» терминді атаған. (Бірінші Аналитика, 40.46 b).
11. Мисәл әууәл - бірінші аналогия. Әл-Фараби мұның астарында екі немесе бірнеше заттардың салыстырмасы орындалатын «бірінші мысалды» айтып отыр.
12. Хауас - жеке белгілер. Аристотельдің анықтамасы бойынша «жеке [заттың] болмыс мәнін көрсетпесе де тек сонымен байланысты әрі соған ғана тән нәрсе». (Топика, 102а, 15-20)
13. Ағарад - кездейсоқ белгілер. Кездейсоқ белгі - аталмыш затқа тиіс немесе лайық болмайтын белгі. (Бұл ... сол бір затқа тән немесе тән болмауы мүмкін нәрсе). (Топика, 102b, 5-10)
14. Маудыг суфистаийа - софистикалық жағдайлар. Бұл жерде өзінің бұзық болуына байланысты дәлелдеу ғылымдарында қолданылмайтын пайымдардың формалары.
15. Дарб - модус. Формальді логикада өзінің пайымдары құрайтын пікірлерден сан және сапасымен бір-бірінен ерекшеленетін силлогизмнің фигураларын модус - деп атайды.
16. Таухид - термин ұстанымы. Пікірдің модусы мен формасындағы субъект пен предикаттың анықтамасы.
17. Маудыгу шартийа - шартты силлогизмның жағдайлары. Әл-Фараби шартты силлогизмдерге аристотельдік перипатетизм мектебінің анықтамасына келетін бес модусты жатқызады.
18. Маудаг хамлий - кесімділік жағдайы. Кесімділік - астарында дәлелділік пен шарттылықты қамтыған сипат. Кесімділік силлогизмінде пайымдар жалпы ортаңғы терминмен байланады.
19. Мутадабиләш - бір-біріне қарсы пікірлер, әл-Фарабидің анықтамасы бойынша бұлар - «біріндегі субъект мағынасы жағынан екіншінің предикатымен тең, олардың біріндегі шарт орны, мекені, бөліктері мен жағдайы бойынша анық немесе жасырын түрде қойылған».
20. Әңгіме сөздердің морфологиялық өзгерісі жайында болып отыр, яғни соз құрамының өзгеруі мен оның мағынасының да өзгеруі. Араб тілінің соз құрылым жүйесінде сөздер туындайтын арнайы модельдер бар. Бұларға есім, негізгі есімше, мекен-жай, құрал т.б. сөздер жатады.