Иракта жеке статус туралы заңға енгізілген өзгерістерге сыни пікір көбейді. Сынаушылар заңға енген т...
Астанада “тағы да” велосипед мінген баланы жүк көлігі қақты
Фото: видеодан скриншот
612
Астанадағы Тілендиев даңғылында КамАЗ жүк көлігі велосипед мінген баланы қағып кетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші жанармай құю бекетіне қарай оңға бұрылған кезде жаяу жүргіншілер өткелінен велосипедпен түспей өтіп бара жатқан жасөспірімді байқамай қалған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен бала ауруханаға жеткізіліп, қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, бұған дейін елордада дәл осылай велосипедпен келе жатқан тағы бір баланы бетон араластырғыш көлік басып кетіп, ол оқиға орнында көз жұмған болатын.