Қарағандыда үш жасар бала алтыншы қабаттан құлап, аман қалды

Фото: Егемен Қазақстан

ЖАҢАЛЫҚТАР
595

Қарағандыда алтыншы қабаттан құлап кеткен үш жасар баланы патрульдік полиция дер кезінде құтқарып қалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әлеуметтік желілерде Қарағанды тұрғындарының алғыс жазбасы кеңінен тарап жатыр.

Үшінші қабаттан (мәтінде: алтыншы қабат) құлап кеткен үш жасар баланы құтқарған патрульдік полиция қызметкерлері – Ілияс Атбеков пен Магомед Якубовқа көршілері іздеу салып, алғыс білдірген.

Оқиға кезінде әр секунд маңызды болған. Патруль қызметкерлері жедел әрекет етіп, жарақат алған баланы қызметтік көлікке отырғызып, дабылмен ауруханаға жеткізген. Олардың жедел қимылының арқасында дәрігерлер дер кезінде көмек көрсетіп, баланың өмірін аман алып қалды.

Шошынған ата-аналар мен куәгерлер сол сәтте полицейлердің атын да сұрап үлгермеген. Патрульдік экипаж баланы дәрігерлерге тапсырып, қайтадан қызметтік маршрутына шыққан. Кейін батыр полицейлерді көлік нөмірін есте сақтап қалған көршілер арқылы тапқан. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...