Кeрeмeттeй көңілді кeштe білдeй мeкeмeнің шаруашылық жағын күйттeйтін кeрeмeттeй бір қызмeткeрі Иван...
Ержан Алаштуған: «Күн көзін уқалап, қол созды бұлаққа...»
2831
Торда тұрсың, шамшырақ. Мен де торды, Мекендеп, жан сарайым шерге толды! Айнымас қапастағы серік едің, Сағынар күн туар ма сені менің?! Жаны жоқ жолдас едің, жарығың бар, Абақты – тұрағымыз, кәрі мұңдар! Билікке бой ұсынып, бүгілмесем, Ендігі "айым да сен, күнім де сен!" Білмеймін, не күтерін басқа алапта, Тұтқын күй өтіп жатыр тас қамақта. Талықсып, қан құсқанда, шамшырағым, Сен ғана, сәуле төгіп, хал сұрадың! Сен ғана жанға айта алмас жайды көрген, Жүбатқан, жас шыққанда қайғылы ерден!... Дабыл ма? Әкетуші еді кіл бейуақта, Шырағым, дос бол енді бір бейбаққа! ШАМШЫРАҚСҮМБІЛЕ Сен жұлдызды көрдің бе?! Сүмбілені?! Айтыңдаршы ол жайлы... Кім біледі?! Суық дейді сол жұлдыз өзгелерден, Менің жаным мұздауға ділгір еді. Айдан алыс, шоқтығы анық биік, Ауырды деп жазғырма шалық тиіп... Алдым – алау, артымда қалғаны – күл, Аптап алып келемін, жанып-күйіп! Сол жалынды бойдағы қалай басам?! Суық керек, шомылғам арайға сан... Созғам қолды Айға да, Шолпанға да, Сорлар ма едім, сабыр ғып, абайласам?! Ұмтылып ем Үркерге, ұшты бақыт, Ұлым қалды жанары ұшқын атып. Ұлыс қалды бағдары – баянсыздық, Ұлықтардың ындынын ысқылатып. Шындық бізден мұншама алыстар ма?! Шынайылық таппаспын ғарыштан да. Шейіт болған азуын айға білеп, Шерлі болмас дәл мендей Арыстан да! Мазалама күнәмді теріп бекер, Мен – мен көңіл басылар, желік те өтер. Мағынасыз теліме танымыңды, Мұзды мұхит мұңыма еріп кетер! Жазғырайын жазықсыз Күнді неге?! Жұлдыз жолын жалғыз-ақ түн біле ме?! Жанып-күйсем, жаурап ол қалған шығар, Жол сілтеші, жарқыным, Сүмбілеге... Жылдан, айдан үзіліп күн күдері, Жаңа таптым жолдасым – Сүмбілені! Жалын атсам, мәңгілік мұз жұлдызды, Жылытар ма тұтқынның тұл жүрегі?! Жылытар ма ақынның жыр – жүрегі?! ХАНШАЙЫМНЫҢ КҮЛКІСІ Күн нұрын... толастамай ботана сел көру жоқ. Табиғаттың тылсым күшін кім ұққан?! Күлімдесең, ботам-ау, сен – түнекті тіліп түскен нұр сындысың. Шуақсың, жүрек жылып, сезген кеуде! Қуатсың, жымиғаның–жан азығы! Мендегі мың сезімді безбендеуге Тәңірім саған берген таразыны. Кішкентай қырағымсың байыптайтын, байқайтын көз кірбіңін, ел көрмейтін. Сен күлсең, мұң қалмайды, айықпайтын, Сен сүйсең, сырқат та жоқ,емделмейтін. Таудың да сен ұқтырдың сеңгірлігін, Қылығың қуып тастап аза бұлтын; Жаңбырдың тамшысынан мөлдір, күнім, Суындай Сәлсәбилдің таза күлкің! Түсініп періштенің тілін, сөзін теңеймін тәттісіне тұмалардың. Кіл сенің күмбіріңнен, күлімкөзім, бөлек тіл өзімізге құрап алдым! Кеңпейіл көктемімсің кешірімді, Күлкіңмен сейілтесің, қалса айыбым... Ерке жел ежелесе есіміңді, Күн күлді... Естідің бе, Ханшайымым! ПЕЙЗАЖ Таң. Тұман. Бу тарап, Шық тұнды құраққа. Күн көзін уқалап, Қол созды бұлаққа. Жел қашты күйгелек, Сап тынды дауылың, Күн нұры түйрелеп Бұлттардың бауырын. Паң қораз ұрыншақ, Дауыстап еріне, Күн түстес құлыншақ Байланды желіге. Сәлем ап құрлықтан, Күн ырза тұщынып. Кәрі шың мүлгіп қап, Терледі қысылып. Шуақты қылғыған Жанары нұрды үзіп, Тәкаппар бір қыран Ауада жүр жүзіп. Самалды қармап қап, Сексеуіл сыр айтпақ. Дуана қаңбақ та Құм ішін жүр айттап... МАДАҚ ЖЫРЫ Емес бұл жырым ертегі, елестің сырын шертеді, ескермей жүрміз көнені~ ерте де ерте, ерте еді... Ескінің солай дерегі: ессіздің әні келтееді, естінің саны көпеді, еркектің бәрі Ереді Шыңғыстай сүйген Бөртені! Сүрінбей өтіп сынақтан, кідірмей жетіп жырақтан, патшалықтарды күйретіп, қағанаттарды құлатқан, қадаға басын түйретіп, Құдайдан медет сұратқан, аңындай түздің үйретіп, қалғанда тізгін сүйретіп қаһармандарды жылатқан... Тәңірден танып Құдайын, Анадан тауып Ұмайын, батыстың бұзып үрдісін, шығыстың түзіп шырайын, болмысы менен тұрмысын, өзгерткен жердің күн,айын, арсыздың қысқан қылмысын, арудықұшқан қыл мүсін, мұратқа жеткен ылайым... Жаһанды жебір жеп,талап, шаһарды небір отқа орап, туларын тастап табанға, туырлығын турап тоқтамақ, ғаламды беріп Қағанға, Қағанды қойған ноқталап Бөртедей,ерке әманда, зымыран біздің заманда АРУЛАР БАР ҒОЙ ОТ ҚАБАҚ... ОЛАРҒА БОЛСЫН КӨП МАДАҚ!
Оқи отырыңыз:
Ержан Алаштуған:
«Аласапыран уақытта адасып, өз отыма өзім өртендім...»
Ержан Алаштуған. Бұл есім әдеби ортаға тоқсаныншы жылдардың басында танылды. Көп мақталды. Айналасы да оны өзгелерден ерек көрді. Алайда сол ақын біраз жылдан бері хат-хабарсыз кетті. Әдеби орта ғана емес, қоғамдық ортадан да көрінбей қалды. Неге? Біз ақынмен осы және өзге де сұрақтар төңірегінде шағын сұхбат құрып, сиясы кеппеген өлеңдерін көпшілік назарына ұсындық. – Әдеби ортаға тым ерте танылдыңыз, мақталдыңыз. Мұның шығармашылық ізденіске пайдасы немесе кері әсері болды ма? – Сонау тоқсаныншы жылдардың басында қазақ әдебиетіне қаламгер жастар лек-легімен келіп жатты. Толағай толқын ішінде Абай университетінің студенттері – Бақыт Беделханұлы екеуіміз де болдық. Екеулеп жүріп «Махабхарата», «Рамаянадан» – Мұса Жәлел, Роберт Рожденственскийге, Гомерден – Гарсия Лоркаға дейінгі әлем әдебиетінің жауһарларының, Асан қайғыдан – Абайға, Жолды Тегіннен Жұматайға дейінгі төл әдебиетіміздің асылдарының тасқа, қышқа, қағазға таңбаланып түскен қазыналарын танып-білуге талпыныс жасадық. Ізденістеріміз қалай болғанда да шығармашылығымыздан бой көрсетпей қойған жоқ деген ойдамын. – Сізді көзі қарақты оқырман біраз уақыт жоғалтып алды. Өлеңді қойып, басқа салаға ауыстыңыз ба, әлде өзге себептері бар ма? – Себеп біреу ғана… Аласапыран уақытта адасып, өз отыма өзім өртендім. Өмірімнің ширегін темір торда өткіздім… [ЖАЛҒАСЫН ОҚЫҢЫЗ]