ОРАЗАЛАРЫҢЫЗ ҚАБЫЛ БОЛСЫН!Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қазақстан қалаларының Рамазан айынд...
Қадір түнінде мешіттер ашық бола ма: Бас мүфти жауап берді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қадір түнінде мешіттердің қалай жұмыс істейтінін айтты. Бұл туралы "Мәдениет порталы" Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап хабарлайды.
"Карантинге байланысты және коронавирус инфекциясының одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында Қазақстан мешіттері түнгі уақытта жабық болады. Мешіттер таңғы сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Сондықтан Қадір түнін әрбір діндар адам дұға оқып, өз үйінде қарсы алуы керек",- деді ол.
Биыл 19 мамырдан 20 мамырға қараған түн – қасиетті Қадір түні. Сондай-ақ, Наурызбай қажы 18 мамырдан бастап діндарлар мен Құран оқып, неке қиып, басқа да діни іс-шараларды өткізгісі келетіндер үшін мешіттер таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін ашық болатынын хабарлады.
Оқи отырыңыз: Қадыр түнінде не істеу керек?
"Алайда, мешіт ішіндегі адамдар санына белгілі бір шектеу қойылды. Құран оқуға арналған бөлмеде 10-нан артық адам болмауы керек. Келушілер діни нысандардың ішінде 15 минуттан артық бола алмайды. Неке қию кезінде көп дегенде 4 адам келуі тиіс. Бұл төтенше жағдай режимінің аяқталғанына қарамастан, карантиннің сақталуына байланысты қойылған шектеулер, сондай-ақ мешітке баратын адамдар медициналық маска мен қолғаптар киіп, антисептик қолданып, оған қоса намаз оқу кезінде қашықтықты сақтауы қажет",- деді қажы.