Бүкіл күндердің және түндердің сұлтаны атанған қасиетті Қадір түні жақындап келеді. Ендеше бұл күні...
Балиғат жасқа келгендер үйлене береді - Бас мүфти
Фото: ашық дереккөзден
Бас мүфти Наурызбай Тағанұлы балиғат жасына жеткен жеткіншектерге үйленуге болатынын айтты, деп хабарлады madeniportal.kz порталы Alash.kz сайтына сілтеме жасап.
Біздің салтымыз бен шариғатымызда ер адам немесе әйел болсын балиғат жасына толған соң үйлене алады. Құран Кәрімнің өзінде «Аллаға иман келтіргендер қалаған әйелдеріңе үйленіңдер» делінген. Яғни балиғат жасына толғаннан кейін үйленуге рұқсат беріледі. Біріншіден, әр ата-ана балаға дұрыс тәрбие беріп, кішкентайынан үйретуі қажет. Қазақта «текті жердің қызын ал» деген сөз бар. Сол себепті үйленген кезде ата-анасына қарап, текті жерден алғаны дұрыс,-дейді Наурызбай қажы.
Жақында ғана, жұма намазында бүкіл республика бойынша мешіттерде білімге қатысты уағыз болды. Ислам діні білімді қолдайды, соған үндейді, білімге шақыратын дін. Мұны еш уақытта ұмытпауымыз керек. Құранның алғашқы аяты «оқы» деп басталған. Құранда білім-ғылымға қатысты көптеген аят бар. Пайғамбарымыздың өте көп хадисі бар. Сонда білімді адамның Алланың алдында дәрежесі жоғары болады деп айтады, – дейді бас мүфти.