25 мамырды әлем қалай қарсы алады

Жаңалықтар
2049
  • Бүгін елімізде 25 мамыр - «Соңғы қоңырау» мерекесін қарсы алып жатқан күн. Атаулы мерекеде мектеп оқушылары түлек атанып, өзге сыныптар бір сынып жоғарлайды. Алайда биылғы 25 мамыр күні еліміздің барлық мектептерінде оқу жылының аяқталуына орай соңғы қоңырау онлайн режимде соғылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова хабарлаған болатын.
  • 1992 жылы 25 мамырда Мәскеуде Қазақстан және Ресей арасындағы өзек көмек, достық, ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, сонымен қатар Ресей және Қазақстан арасындағы шекаралардың мызғымастығы туралы келісімге жетті.
  • Алматыда фонтандар мерекесі 2005 жылдан бастап жыл сайын атап өтіледі. Алматы қаласы әкімінің қаулысымен бекітілген.

Көрнекі фотосурет fonwall.ru

Ал дәл осы күнді әлемде қалай қарсы алады?  

  • Халықаралық балалар жоғалған күн  

1979 жылы америкалық алты жасар Эвиан Пейтс мектептен үйіне қайтып келе жатқан жолда жоғалып кетеді. Оның бұл әрекеті үлкен дау тудырып іздеу жұмыстары төрт жылға созылады. Ақыры нәтиже болмаған соң ел үкіметі дәл осы күнді «Халықаралық балалар жоғалған күн» деп атайды.  

  • Ресейде филологтар күні  

Дәл бүгін көршіміз орыс жерінде халық болып тіл жанашырлары күнін тойлап жатыр.  

  • Халықаралық Қалқанша безі күні   

2009 жылы European Thyroid Association қауымдастығы енгізген бұл күн қалқанша безімен күрес күні болып қабылданған.  

  • Африка күні  

Дәл бүгін бүкіл бір Африка материгінде «Африка күні» тойланып жатыр. Оның негізі 1963 жылы 25 мамыр күні қабылданған.  

  • Германияда «Әкелер» күні  

25 мамыр немістер үшін ерекше күн. Бүгін ол елде «Әкелер» күні тойланып жатыр.   

  • Халықаралық сүлгі күні 

Бүгін әлем елдерінде сүлгі күні аталып өтеді. Иә, таң қалатын ештеңесі жоқ жуынатын орамалыңыздың да өз күні бар.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...