Әкелі-балалы Кантемирлердің бірі орыс әдебиетінің негізін салушы, бірі молдаван әдебиетінің классигі...
Нұр-Сұлтан мәдениетін ұры басқарды ма?
Нұрлан Ерболатұлы Сыдықов 1983 жылы туған, жоғары білімді. 2007 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, 2012 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын аяқтаған. Бұған дейін Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы болған. Түрлі жылдары Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы, Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы қызметтерін атқарған.
"Бұлардың бәрі мемлекеттік қызметке басшы болып келгенде, ұрлауды, жеуді ғана мақсат ете ме, қалай? Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Нұрлан Сыдықов дейтін мына жас жігіт кеше ғана қамауға алыныпты. Ол мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру бойынша қызмет бабында мердігерден ірі көлемде пара алды дейді. Мәдениет саласын былтырғы тамыздан бері басқаруға алған бұл жігіт Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің түлегі екен. Журналист мамандарын даярлап жүргендіктен бұл деректі көргенде сәл сасып қалдым. Асыра сілтеу болмаса игі.
Ал, шынымен ұрлаған болса ше...Ұры делінген басшының базалық мамандығы журналист болып шықса, біз өзі кімді оқытып жатырмыз деген ой әл-Фарабидегі әріптестерді мазалай ма екен? Әсіресе, дәріс берген ұстаздарын... тәрбиесіз берілген білім ше...
Қуандық Шамахайұлы