Ә.Кекілбаев пен М.Мағауиннің жарамсыз шығармалары

ӘДЕБИЕТ
13651

«Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін» дейтін сөз бар еді. Бірақ қазір сөйлеу үшін байдың баласы болу да міндетті емес, қаптаған сайттардың біріне жібер, я болмаса, әлеуметтік желіге тіркеліп, гөйте бер. Оның бәрін илеуден өткізіп жатқан ешкім жоқ. Ал бұрын сөздің қадірі бар еді (бұрын олай еді, бұлай еді деген мәндегі сөздерден де мән кетті).

Бұрынғы аға жазушылардың еңбекқорлығы, саусақпен санарлықтай басылымдарды басқаратын редакторлардың жауапкершілігі бүгіндері аңыздай естіледі. Оның бәрі сол кездегі цензурадан деп жылы жауып қояға да болады, бірақ қазір бізге жетіспейтіні сондай еңбекқорлық, әдебиетке деген сондай жауапкершілік.

Сөзімізге дәлел ретінде 1992 жылғы «Жұлдыз» журналының №6 санынан үзінді келтірейік. "Жұлдыздың архивінен" деген айдарда «Журналға жарамаған шығармалар» деген тақырыппен 1965 жылғы материал беріліпті. Ж. Тілековтың авторларға арнаған, бір жағы «қызым саған айтамын, келінім сен тыңда» дейтін тәлімге сүйеніп, басқа авторларға да сабақ болатындай етіп жазған дүниесі екен. Қазіргідей «Мынауың жарамайды» деген сөзді көп адам қабылдай алмайтын уақытта «Рымғали Нұрғалиевтікі, Әбіш Кекілбаевтыкі жарамайды» деген сөздер, шынын айтқанда көңілімізге қоныңқырамайды да. Онымен қоймай, сол кезде (1992 жылы) «Жұлдыздың» бас редакторы болып отырған Мұхтар Мағауиннің де кезіндегі бір мақаласы жарамай қалғаны айтылыпты. Бас редактордың бұнысы Аяз бидің төріне іліп қойған тоны сияқты да елестейді екен. Сенбесеңіздер, міне, қарап көріңіздер.

Р.Нұрғалиевке байланысты

М.Мағауинге байланысты

Т.Дәуренбековке байланысты

Ә.Кекілбаевқа байланысты

Дайындаған Ұларбек Нұрғалымұлы

▶ ▷ Ақжан Машани әл-Фарабиді қазаққа қалай қайтарды?

▶ ▷ Мәдениет министрлігі «ҰЛТТЫҚ КИНО» деген ұғымды түсінбей ме?

author

Әбіш Кекілбайұлы

ЖАЗУШЫ

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...