Жуырда Алматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім кеңестерінің кезекті республика...
Рымбала Омарбекова: Нұрсұлтан Назарбаев қазақ мәдениетін жаңа кезеңге көтерді
Елбасымыз «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген халқымыздың дана сөзін алға тартып, осыдан ширек ғасырдан астам уақыт бұрын енді ғана қаз басқан мемлекетіміздің қыруар мәселелеріне қарамастан, мәдениетке жоғары мән беріп, өшіп бара жатқан шырақты қайта тұтатты. Ел тәуелсіздігімен қатар қазақ мәдениеті үшін жаңа кезең басталды.
Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асып, еліміздің түпкір-түпкірінде тарихымызды зерделейтін құнды жәдігерлер табылып, әлем елдерінің назарын елең еткізді. Мәңгілік мұрасы, бай мәдениеті бар Тәуелсіз ел екенімізді тағы да бекемдей түстік.
2008 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы өзі кірпішін қалаған Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының жаңа ғимаратының ашылуы мәдени өмірімізге зор серпін берді. Бұл театр бүгінгі таңда мыңдаған қарағандылықтардың, оның ішінде жастарымыздың рухани азық алатын орнына айналып отыр. Кітапхана, мұрағат қорлары толығып, заман талабына сай электронды жүйеге көшіріліп, техникалық жабдықталды.
Біздің кәсіби әртістеріміз бен әнші, бишілеріміз әлем елдерінің сахналарында ұлттық өнерді асқақтатып, мәдениетімізді насихаттауда. Нұрсұлтан Назарбаев мәдениетті қайта жандандырудағы, біртұтас Қазақстан халқының негізгі рухани құндылықтарын әлемдік деңгейде ілгерілетудегі рөлін көрсетті, қазақ мәдениетін жаңа кезеңге көтерді. Елбасымыздың дана саясатының арқасында Сарыарқаның төрінде, киелі шаңырақ астында біріккен жүздеген ұлт өкілінің төл тілі мен мәдениетін құрметтеуіне барлық жағдай жасалып, жасампаз істеріміз күннен-күнге артып келеді.
Біз, мәдениет қызметкерлері, өз тарапымыздан, ұлттық руханиятымыздың жаңғырып, мәдениетіміздің әрі қарай гүлденуіне, сан ұрпаққа рухани аманат, Мәңгілік мирас болып қалатын тәрбиелік мұра қалдыру үшін еңбек етеміз.
Қарағанды облысы