Аида Балаева Кеңес Дүйсекеевтің отбасына көңіл айтты

Жаңалықтар
3032

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева бүгін өмірден өткен көрнекті композитор Кеңес Дүйсекеевтің отбасына көңіл айтты.

Белгілі өнер саңлағы, әйгілі композитор Кеңес Дүйсекеевтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз.

Қазақ музыка өнерінің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз еңбек сіңірген атақты композитордың шығармалары, әндері мен әуендері туған халқының жадында, жұртының жүрегінде мәңгі сақталатыны ақиқат. Композитор Кеңес Дүйсекеев «Гүлдер» ансамблінің бас дирижері және музыка жетекшісі, «Қазақконцерт» бірлестігінің музыка жетекшісі, Қазақ теледидары музыка редакциясының бас редакторы сияқты жауапты басшылық қызметтерді атқара жүріп, артында мол шығармашылық мұра қалдырды.Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Пейіште нұры шалқысын, - деп жазды министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

author

Кеңес Дүйсекеев

КОМПОЗИТОР

Жаңалықтар

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың шағымына қатысты алғашқы сот отырысы өтті, деп хабарлайды m...

Жаңалықтар

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек қаладағы жаңа кітапханалар туралы ақпарат берді, деп хабарлайды madenipo...