Атады таң, батады күн, толады ай.Ауысады күнде саба, толағай.Бірі барда бірі болмай, жоқты аңсап,Нег...
Ақын-жазушылар деген кімдер?
Ақын-жазушылар туралы ой-пікірлер сан алуан. Нақты бір теорияға салып ақын деген мынау, жазушы деген осы деп айта алмаймыз. Бәлкім ақын-жазушылардың ұлылығы сонда жатса керек. Сіздердің назарларыңызға ақын-жазушылар туралы айтылған түрлі ой-пікірлер легін ұсынамыз. Сіз мүмкін бұл пікірлерге келіспейтін шығарсыз. Сіздің ұғымыңыздағы ақын-жазушы деген кім?
*** *** ***
Жазушы деген сөз қалаушысы, сөз кестешісі, сөз зергері, зергері болғанда жәй ғана зергер емес, сөз арқылы адамның жан дүниесін, сана-сезімін тәрбиелейтін зергер. Сондықтан да ол «адам жанының инженері».
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол – ақынның білімсіз бейшарасы.
Өмірі мазмұнды кісінің творчествосы да мазмұнды.
Г.Ибсен
Ақының анық жүйрігі,
Жөнелсе сөзге шарқ ұрып.
Айтқан сайын қадамы,
Қадала түссе артылып.
Жазушының бір ғана ұстазы бар – ол оқырман.
Адам бойында кемеңгерлік талант болса да өнердің кемелденуіне тек ұлы еңбекқорлықтың ғана қолы жете алады.
Жазушы – қоғам қайраткері, егер қателессе, жұртты теріс жолға сілтейді.
А.Барбюс
Ақын орны – қаламы қандай биікке көтеріп шығарса, сол жерде. Ондай орын әсіресе биікте көп.
Шабыт – жалқаулардың үйіне бас сұқпайтын тәкаппар ару.
Зор талант – ерен еңбек сүйгіштікті қажет етеді.
Суреткер шындықты сұлулықпен ұштастыруы тиіс.
Суреткердің творчествалық фантазиясы – ұлы ақыл мен жүрек адамының фантазиясы.
Г.Гегель
Шабыттың өздігінен келіп, тербелтіп оятуы қажет емес, тіпті жақсы, келмейді екен – бәрі бір жұмыс істей беріңіз.
Суреткерге творчествалық жалын, жанқиярлық қажет. Егер жалыны күшті болса, суреткер жан тебірентерлік картина жасайды, өйткені шығарма тек ақыл мен байқағыштықтың ғана емес, жүрек жылуы мен іске шексіз берілуден туады.
В.Н. Мешков
Шын суреткер үшін өмір бар жерде поэзия бар.
Қағазға түспеген ой – жоғалған қазына.
Д.И.Менделеев
Көрікті ойды қағаз бетіне олақ түсірсең, көркем шығарманың өз сәні де, құны да болмайды.
В.Г.Белинский
Жазушы – заманның айнымас барометрі.
Г.Гидал
...шынайы сұлулықты жасай білген суреткердің бақытын әрдайым тыпырши күтіп отырамыз.
К.С.Станиславский
Ақын көңіл теңізіне батады –
Інжу, гауһар, жақұт нұрын шашады.
Ақындық дегеніміз... – әрбір, әлдебіреудің о деп, бұ деп мақтау да, жәдігөйлік мүләйімсу мен көлгірсу де емес, - ол адам өмірінің өзегіндегі ақындық ардың үні, жан дүние тынысы.
У.Уйтмен