Орыс суретшісі Татьяна Яблонскаяның атақты «Утро» картинасы жайлы Александр Беляков фейс...
Суретші Серік Тайнов жазған 7 картина
5765
Әлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кезінде "Мәдениет порталы" кішкене болсын жүректерге жылу сыйлағысы келеді. Осы мақсатпен портал ұжымы елге белгілі, өзіндік орыны бар суретшілерге сауын айтып, өздерінің көңілінен шығатын 7 картинасын сұрап, жариялап отырмақ. Еске сала кетейік, бұған дейін суретші Әділғали Баяндин, Төлеген Сүлейменов жазған 7 картинаны ұсынған болатынбыз! Бүгінгі суретші - Серік Тайнов! Мархабат!
Тайнов Серік Айтказыұлы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жаңа Тұғыл ауылында дүниеге келген. 1983-1984 жылдар аралыңында Алматы көркемсурет училищесі дайындық курсында оқып, 1984-1990 жылдары Алматы көркемсурет училищесінде білім алған. 1985-1987 жылдарда Совет Армиясы қатарында қызымет атқарды. 1990-1995 жылдар аралығында Т. Жүргенев атындағы Мемлекеттік Өнер Академиясында оқыды. 1995 жылдан еркін шығармашылықтағы суретші. 2003 жылдан Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, 2010 жылдан Т. Жургенев атындағы Мемлекеттік Өнер Академиясының оқытушысы. Жеке көрмелері: ► Бірінші шығармашылық көрме. Алматы қаласы орталық көрме залы. (2003 ж.) ► «Шығыс әуендері» атты Екінші шығармашылық көрме. Алматы қаласы Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік Өнер мұражайы.(2007 ж.) ► Үшінші жеке көрмесі. Алматы қаласы Суретшілер одағының көрме залы. (2009 ж.) ► Төртінші жеке көрмесі. Астана қаласы Тәуелсіздік сарайы.(2011 ж.) ► «Киелі дала» атты Бесінші шығармашылық көрме. Алматы қаласы «Алмата-Арт» галереясы.(2013 ж.) ► Бесінші жеке көрме. Алматы қаласы «Бақшысарай» галереясы.(2015 ж.) ► Халықаралық «Жігер» атты өнер фестивалінің дипломанты.(1999 ж.) ► Халықаралық «АЛЕМ САННИЯЗ-КАЗАХСТАН» атты өнер фестивалінің лауреаты.(2000 ж.) ► Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінін 20 жылдығына арналған Өнер сайысының арнайы жүлдесі және дипломы.(2011 ж.) ► «KAZENERGY» компаниясының Республикалық мұнай және газ тақырыбына арналған шығармалар көрме-сайысының арнайы жүлдесі және дипломы.(2014 ж.) ► Бесінші республикалық «Тәуелсіздік толғауы» атты жаңа өнер туындыларына арналған конкурстың «Ұлттық дәстүр мен мәдениет» тақырыбына арналған ең үздік графика туындысы» номинациясы бойынша ІІІ орын және лауреат атанды. (2014 ж.) ► Қазақстан Республикасының суретшілер одағынын «Үздік шығармашылығы үшін» атты А.Қастеев атындағы алтын медалі (2016 ж.) ► Бүкіл Әлемдік Өнер Академиясының «MONDIAL ART ACADEMIA» мүшелігіне қабылданды. Париж. Франция (2018 ж.) ► Халықаралық «TURAN-QAZAQ» суретшілер консолидациясының халықаралық «Turan» сыйлығының лауреаты (2019 ж.) ► Халықаралық «Туран романтизімі» көрмесінің аясында өткен (2019 ж.) ► Оспан батыр Сіләмұлының (1899-1951) туғанына120 жыл толуына арналған халықаралық өнер байқауының дипломы және ІІІ-ші орын сыйлығы. Жұмыстары сақталуда: Пекин қаласы Қытай Ұлтық көркемсурет мұражайында; Рига қаласы «Халықаралық Балтика Академиясы» музейінде; Алматы қаласы Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік Өнер мұражайында; Астана қаласының Қазақстан Мемлекеттіқ Ұлттық Мұражайында; Шымкент қаласының Өнер мұражайында; Атырау қаласы Ш.Сариев атындағы обылыстық Өнер мұражайында; Талдықорған қаласының Өнер галиреясында; Әлемнің 40 мемлекетінің жеке қорларында.
1
"Қатонқарағай-1". 84-60 см. 2018 ж
2"Тоқшылық". қағ.м.б. 83-63 см. 2016 ж
3"Толағай туралы толғау". кен.м.б. 104-150см. 2010 ж
4
"Әүен". 114-80 см. 2016 ж.
5
"Жеті қазына". қағ.м.б. 70-95см. 2014 ж
6
"Шорға шайқасы". 170-225 см.кен.м.б. 2016 ж.
7
"Тұсау кесу". қағ.м.б..60-80 см. 2019 ж.
Ақындардың 7 өлеңін мына жерден оқып аласыздар