Суретші Ерсін Темірғалиев жазған 7 картина

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
3613

Әлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кезінде "Мәдениет порталы" кішкене болсын жүректерге жылу сыйлағысы келеді. Осы мақсатпен портал ұжымы елге белгілі, өзіндік орыны бар суретшілерге сауын айтып, өздерінің көңілінен шығатын 7 картинасын сұрап, жариялап отырмақ. Еске сала кетейік, бұған дейін бір топ суретші жазған 7 картинаны ұсынған болатынбыз! Бүгінгі суретші - Ерсін Темірғалиев Мархабат!

Суретші Ерсін ТемірғалиевСуретші Ерсін ТемірғалиевТемірғалиев Ерсін Манарбекұлы 1988 жылы сәуірдің 18 жұлдызында Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, Қасым Аманжолов кентінің Сарыобалы ауылында дүниеге келген. 2003 – 2007 жылы Қарағанды гуманитарлық колледжі мен 2007 - 2010 жылы Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің Бейнелеу өнері және сызу мамандығын бітірген. Сонымен қоса 2014 – 2016 жылы Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті, Кәсіптік оқыту мамандығын бітіріп, Педагогика ғылымдарының магистрі атанды. 
2009 жылдан бастап Шахтинск қаласының «Ә.Ысмайылов атындағы балалар көркемсурет мектебі» КМҚК клуб-ЮНЕСКО-да қызмет атқарады, жоғарғы біліктілік санатты педагог. Шығармашылық жұмыстары Отандық музейлерде, жеке картина жинаушылардың қорында және Латвия астанасы Рига қаласының Халықаралық Балтика Академиясына қабылданған. Халықаралық, республикалық, облыстық фестиваль, пленэрлердің белсене қатысушысы және бірқатар байқаулардың жеңімпазы.

2005 ж. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне орай өткізген «Современник» атты көрменің қатысушысы.
2010 ж. Қарағанды облысының сурет және өнер мектебі педагогтерінің Жеңістің 65 жылдығына арнаған көрменің қатысушысы.
2010ж. Шахтинск қаласындағы «Қанатты барс» мүсінінің авторы.
2013ж. Нұр Отан Сарыарқа атты қоғамдық-саяси журналына “Балық басынан шіриді” атты жемқорлыққа қарсы салған туындысы еңген болатын.
2013ж. XVI халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінің дипломанты.
2016-2017-2018 жж ІV.,V.,VI облыстық «Мастер АРТ» бейнелеу өнері педагогтарының шығармашылық жұмысы көрме-конкурстарының 1 дәрежелі диплом иегері. 
2016ж. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жас талап-2016»атты балалар мен жасөспірімдер фестивалінде «Үздік жетекші» номинациясының жеңімпазы.
2016 жылдан Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі.
2017 жылдан Шығармашылық одағы «Қарағанды суретшілер Одағы» қоғамдық бірлестігінің жас суретшілер мүшесі.
2018ж. Новосибирск қаласында өткен “Люблю тебя мой край!” атты Халықаралық плакат сайысының дипломанты.
2018 ж. "100 жаңа есім" атты Республикалық сайыстың жүздігіне кірген.
2018 ж. Алты Алаштың абызы, қазақтың ұла жырауы, мемлекеттік қайраткер, Абылай ханның кеңесшісі Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған бейнелеу өнері және сәндік-қолданбалы өнері облыстық көрме-сайысының 2 дәрежелі диплом иегері.
2019 ж. Республикалық жас суретшілер пленэрінің қатысушысы.
2015-2019 жж. Қарағанды Суретшілер Одағының ұйымдастырған көрме қатысушысы.
2019ж. «Жас талап-2019» атты Республикалық сайыстың 1 дәрежелі диплом иегері.
2019 ж. Қарағанды облысы , Бұқар -Жырау ауданында Ұлы Қазақстандық ғалым, геолог Қаныш Сəтпаевтың 120 жылдығына орай жасаған «КӨЛЕМДІ КЕСКІНДЕМЕЛІ ПОРТРЕТ ИНСТАЛЛЯЦИЯ» соавторы.
2019 ж. ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департементі өткізген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік көркем туынды» атты сайыстың 1 дәрежелі диплом иегері.
2019 ж. Шахтинск қаласы әкімінің Құрмет грамотасы иегері.
2019 ж. “Жастар” сыйлығының иегері.

1

"Алғашқы қар" 60-70см.кенеп майлы бояу. 2018 ж


2

"Балалық шақ" 80-100см.кенеп майлы бояу. 2013ж


3

"Жеті қазына" керамика. 45-55см. 2010 ж


4

"Еркіндік" линогравюра. 29,5-41,5 см. 2016 ж


5

"Әлия Молдағұлова. Мерген." 60-70 см. кенеп майлы бояу. 2020 ж


6

"Жұбан Молдағалиев" линогравюра. 40,5-47,5 см. 2020 ж


7

"Күн мен Ғұн" линогравюра. 42-59 см 2016 ж

author

Ерсін Темірғалиев

СУРЕТШІ

Жаңалықтар

19 мамыр, жексенбі күні Шығыс Әзербайжанның Варзакан аймағындағы Тебриз қаласына ұшып бара жатып а...

Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрлігі тұқым қоймалары мен жылыжай кешендерін су басу фактілері туралы хабар...