Мәдениет порталы" ұжымы елге белгілі, өзіндік орыны бар суретшілерге сауын айтып, өздерінің көң...
Суретші Жеңіс Кәкенұлы жазған 7 картина
8107
Әлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кезінде "Мәдениет порталы" кішкене болсын жүректерге жылу сыйлағысы келеді. Осы мақсатпен портал ұжымы елге белгілі, өзіндік орыны бар суретшілерге сауын айтып, өздерінің көңілінен шығатын 7 картинасын сұрап, жариялап отырмақ. Еске сала кетейік, бұған дейін суретші Әділғали Баяндин, Төлеген Сүлейменов, Серік Тайнов, Бақытнұр Бүрдесбеков, Бақыт Сейсенханұлы жазған 7 картинаны ұсынған болатынбыз! Бүгінгі суретші - Жеңіс Кәкенұлы! Мархабат!
Жеңіс КӘКЕНҰЛЫ 1965 ж. Алматы облысында дүниеге келген. 1982-1989 жылдар арасында Абай атындағы ҚазПИ-дің Көркем-сурет графика факультетінде оқыды. Кескіндемеші, график. «Мәдениетті қолдау жылы» эмблемасының авторы (2000 ж.). ҚР Мәдениет қайраткері (2008 ж.). 2006 жылдан ҚР Суретшілер одағының мүшесі. 2006 жылы «Өнер» баспасынан «Жеңіс Кәкенұлы» атты альбом-жинағы жарық көрдi. 2009, 2010 жж. Президенттік степендия иегері. Картиналары Отандық Музейлерде, Солтүстік Кипрдің Қазіргі заман өнер музейінде және жеке картина жинаушылардың қорында cақтаулы. 1988 жылдан Республикалық көрмелерге қатысып келеді. 2003-2018 жылдар арасында Астана, Алматы, Ақтау қалаларында жеке көрмелері өтті. АҚШ, Германия, Түркия елдерінде халықаралық көрмелерге картиналары ілінді. «ТүркСОЙ», Солтүстік Кипр суретшілер симпозиумдарының мүшесі. Суретшілер туралы жазылған «Ақ зер» кітабының авторы («Фолиант» баспасы 2013ж.). Cуретшінің бұл кітабында еліміздің айтулы суретшілерімен қатар әлемдік бейнелеу кеңістігіндегі реализм, гиперреализм, импрессионизм өкілдері, портретші, маринист суретшілер туралы да публицистикалық еңбектері енді. «Орал Таңсықбаев», «Суретші Люй-Ко», «Саңлақ», «Әділғали Баяндин», «Ералы Оспанұлы», «Сабақтастық», «Басқаша ғаламның өзгеше суреті» атты суретші, зергер, кестешілер шығармашылығына арналған көптеген эсселердің авторы.
1
"Оралхан Бөкейді оқығанда"
2
"Жасырынбақ"
3
"Бұла мен бұлдырық"
4
"Керме үзген"
5
"Айнакөл"
6
"Арбау өлең"
7