Аллаға шүкір, алдымызда ағаларымыз бар. Көкелеріміз де аз емес. Аталар... Олар түгесілген. Кезегімен...
Эдгар Аллан Поның әңгімелеріндегі 10 ерекше иллюстрация
Бүгінгі дейін Эдгар Поның әңгімелерін көптеген иллюстраторлар бейнелеуге тырысты. Бірі сәтті, бірі сәтсіз шыққанын Поның оқырмандары жақсы біледі. Солардың ішінде мистикалық, поэтикалық әңгімелердің мәнін ашуда ирландиялық Гарри Кларктың (1889-1931) орны ерекше. Тіпті дәл Кларк секілді бірде бір иллюстратор Эдгар Поның шығармаларын суреттей алмады десек артық айтқанымыз емес.
Кларк өз заманының және одан кейінгі Art Nouveau (Модерн), Art Deco (Ар-деко) және француз символисттеріне едәуір ықпал еткен кітап иллюстраторы бола алды. Поның 1919 жылғы басылымы үшін Кларк жиырма төрт түрлі монохромды суреттер жасады. Сіздер үшін Мәдениет порталы Кларктың1933 жылы Поның кітабына жарияланған иллюстрацияларды жинап, назарларыңызға ұсынып отыр. Мархабат!