Суретші Нұрбек Жардемов жазған 7 картина

7 КАРТИНА
1894

Әлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кезінде "Мәдениет порталы" кішкене болсын жүректерге жылу сыйлағысы келеді. Осы мақсатпен портал ұжымы елге белгілі, өзіндік орыны бар суретшілерге сауын айтып, өздерінің көңілінен шығатын 7 картинасын сұрап, жариялап отырмақ. Еске сала кетейік, бұған дейін суретші бір топ суретші жазған 7 картинаны ұсынған болатынбыз! Бүгінгі суретші - Нұрбек Жардемов! Мархабат!

Суретші Нұрбек ЖардемовСуретші Нұрбек ЖардемовЖардемов Нұрбек Екпінұлы (bekus) 10 қазан 1971 жылы Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Есенсай ауылында дүниеге келді. 1988 жылы Кзыл-Орда қаласында орта мектепті бітірді. Еңбек жолын Жәнібек ауданы, Ғ. Қараш атындағы орта мектебінде суретші-безендіруші болып, содан кейін 2000 жылы Орал қаласында, "Экспо", "Универтекс" жарнама агенттігінде суретші-дизайнер. 2009-2018 жылдары қалалық көрме залында (суретші), 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Жастар мәдениет үйінде  (суретші-безендіруші). 2014 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы бойынша "Бейнелеу өнері және сызу"Жеке көрмелері: 

2007 ж. – Орал қаласы "Жанымның жарығы", 
2008 ж. – Ақсай қаласы "Свет души", 
2009 ж. – Атырау қаласы "Жұлдызды аспан", 
2010 ж. – Орал қаласы "Әуенді түс сырлары"атты,
2010 ж. – дербес көрмесі «Әуенді түс сырлары», Орал қаласы
2013-2015 ж. ж. - аймақтық конкурс көрмесі "Алтын қайық", Атырау қаласы
2017 ж. – республикалық көрмесі, Орал қаласы
2018 ж. – халықаралық көрме "Просторы приуралья", Уфа қаласы (Башкортостан)
2019 ж. – «БҚО суретшілерінін шығармашылық көрмесі», ҚР Ұлттық музейі, Астана қаласы 
2019 жылы – жеке көрме "Аке арманы", Орал қаласы
2019 ж. – пленер-көрме «Доссор-Махат», Атырау қаласы 
2019 ж. - пленер-көрме «Ұлы жібек жолы», Құлсары қаласы, Атырау қаласы
2019 ж. – симпозиум-көрме, 01.11-14.11.2019 кезінде. Қазіргі заман өнері мұражайы, Солтүстік Кипр Түрік республикасында.
2019 ж. – жеке көрмесі,  қазіргі заман өнері мұражайы. Солтүстік Кипр Түрік республикасында (27 желтоқсан), "Күміс кілт" иегері.
Жардемов Н.Е. (bekus) жұмыстары таяу және алыс шет елдірінде, жеке коллекцияларда табылады.

1

"Жоғалған нота" 210х400

2

"Қайнаркөз" (Источник)  90х120

3"Қара жорға" 210х300

4"Трансформация" 90х140

5"Құдірет" 70х85

6

"Раздумье" 160х210

7

"Суретші портреті" 80х110

author

​Нұрбек Жәрдемов

СУРЕТШІ

Жаңалықтар

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Мамыраев ауылына қарасты Сартау қыстағында бірден 14 бұзау қы...

Жаңалықтар

Астана әкімдігі Қазақстандағы негізгі футбол стадионы "Астана Аренада" жөндеу жұмыстары қашан аяқтал...