Осыған дейін ақындар арасында «Папирус» айдарын жүргізгеніміз ел назарында. «Тәуел...
Суретші Қайрат Жәйірбекұлы жазған 7 картина
4700
Әлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кезінде "Мәдениет порталы" кішкене болсын жүректерге жылу сыйлағысы келеді. Осы мақсатпен портал ұжымы елге белгілі, өзіндік орыны бар суретшілерге сауын айтып, өздерінің көңілінен шығатын 7 картинасын сұрап, жариялап отырмақ. Еске сала кетейік, бұған дейін бір топ суретші жазған 7 картинаны ұсынған болатынбыз! Бүгінгі суретші - Қайрат Жәйірбекұлы! Мархабат!
Қайрат Жәйірбекұлы суретші, карикатурист, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, 1973 жылы 30 желтоқсанда Қытай Халық Республикасы Тарбағатай аймағы Дөрбілжін ауданында дүниеге келген. 1990-1993 жылыдары Тарбағатай аймақтық педколеджін қытай тілі мамандығы бойынша (Шәуешек қаласында), 1994-1997 жылдар аралығында, Щин жиаң университетінің (Үрімжі қаласында) арнаулы курсын (аудармашы мамандығы бойынша ) сырттай оқыйды және де 1996-1999 жылы Іле Қазақ Автономиялы облыстық педагогикалық институтының (Күйтүн қаласында) Бейнелеу өнері факультетіне түсіп сурет өнерін үйренеді. Еңбек жолын Қытай Халық Республикасында бастаған Қайрат Жәйірбекұлы 2005 жылы желтоқсан айында өзі бала кезінен армандаған тарихи отаны Қазақстан Республикасына отбасымен біржола көшіп келеді. Ол бұл күнде Нұр-Сұлтан қаласында тұрып жатыр, қалалық №2 Өнер мектебінде өскелең ұрпақтарға сурет өнерінің қыр-сырын үйретіп, жемісті еңбек етіп жүр, Қайрат Жәйірбекұлы 2018 жылы елордамыздың төрінде «Менің түс әлемім» атты жеке шығармашылық сурет көрмесін өткізген, сонымен бірге көптеген Респуликалық, халықаралық сурет кормелердің белсенді қатысушысы. Әрі жеклеген көркемсурет, карикатура шығармалары түрлі газет-журналдармен сурет альбомдарда жарық көріп отырды.
Түрлі көрмелерге қатысуы:2004ж. ҚХР-Шәуешек қ. қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Сапалы оқытуды дәріптеу, өнерлі шәкірт тәрбиелеу» атты жеке сурет көрмесі өтті.
2005ж. Шин жияң өлкесі құрылғандығының 50 жылдығы аясында Шин жияң суретшілер одағы өтізген көрмеге қатысты. Көрме орны: Үрімжі қаласы орталық мұражай
2011ж. Нұр-Сұлтан қ. суретшілер одағында Мұсалимов Аманжол, Юсуп Дәлелханұлы, Жүнісәлиев Руслан қатарлы үш суретшімен біріге «Отаным алтын бесігім» атты сурет көрмесі өтті.
2011ж. Нұр-Сұлтан қ. дүние жүзі қазақтарының IV құрылтайы аясында өткізілген сурет көрмесіне қатысты.
2012ж. Нұр-Сұлтан қ. Қазақстан жастар конгресі ұйымдастырған жастардың әлеуметтік көрмесіне қатысты.
2013ж. Алматыда және 2014 ж. Нұр-Сұлтанда өткен шетелде тұратын қазақтардың қатысуымен «халықаралық өнер фестивалі» көрмесіне қатысты.
2014-2015ж. екі мәрте Нұр-Сұлтан қ. бейнелеу өнері мұғалімдерінің шығармашылық көрмесінде Гран при дипломымен марапатталды.
2015ж. Нұр-Сұлтан қ. өткен «Республиканской вставки конкурса художественных произведений на нефтегазовую тему» атта көрмеге қатысты.
2016ж. ҚР МƏДЕНИЕТ ЖƏНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ. ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖƏНЕ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖҰМЫС КОМИТЕТІ ұйымдастырған қазақтың мифтік кейіпкерлерін бір ізділендіру туралы республикалық байқауына қатысты және «Қазақтың мифтік кейіпкері» атты кітапқа ол салған алты кейіпкер бейнесі енгізілді.
«Астана» Ұлттық сурет галереясы» өткізген Қазақстан республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіз елім алтын бесігім» атты көрмесіне қатысқаны үшін алғыс хат. 2016
Нұр-Сұлтан 20 жылыдғына орай құрастырылған «Астана суретшілер көзімен» атты каталогқа екі шығармасы енгізілді. 2018
2018 ж. «Менің түс әлемім» атты жеке шығармашылық сурет көрмем Нұр-Сұлтан қ. Тәуелсіздік сарайында өтті.
Сертификат, қазақстан суретшілер пленерына қатысқаны үшін. Павлодар қ. 2019
Алғыс хат, Ресей Федерациясының Мәскеу қаласының «Алабино» полигонындағы АрМИ-2019 «Шексіз достық» ұлттық мәдениет фестивалінде ұсынылған тақырыптық көрмені ұйымдастыруға ҚР. Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейіне қолдау көрсеткені үшін. Нұр-Сұлтан қ. 2019ж.
Қайрат Жәйірбекұлының «Менің түс әлемім» атты сурет көрмесі туралы бірер ауыз сөз Қайрат... Қайрат десем ойыма он сүрақ түседі.Оның бәрін ашып айырып жатуға сіздің де менің де уақытым шамалы.Бір екеуін айта кетейін. Туған жиенім "Қайрат" бүгінде ауылда көліктің құлағында ойнаған қырық жыл автобуста жасаған оралша айтсам,"Қайрат" футбол командасын есімізді білгелі білеміз тіпті олардың аты жөндерін жатқа айтамыз,"Қайрат" курстасым бүгінде Тараздың жоғарғы оқу орынының профессоры, "Қайрат" Рысқұлбеков халық қаһарманымыз айта берсем осылай жалғаса береді... Қайрат деген сөздің мағынасы қайратты, мықты, қайтпас-қайсар, төзімді, күштің атасы дегенге саяды. Ендеше Қайрат біткендердің кез-келгені атына заты сай болып келеді... Астананың төрінде "МЕНІҢ ТҮС ӘЛЕМІМ" атты көрмесін Тәуелсіздік Сарайында ашқан Қайрат Жәйірбекұлының көрмесінде болып суретшінің жүрегінен шыққан туындыларын көріп, разы болдым. Жас кезінен өнер-білімге құштар жігіт, өсе келе суретшілікке бар ниетімен бет бұрады. Қытайда суретшілер оқуына түсіп оны жақсы бітірген Қайрат,туған жерге оралып Атамекенінің көркейуіне үлесін қосуды басты мақсат санайды. Бүгінде өзі де -ұстаз. Суретшінің негізгі стилі карикатуралық жанрдағы кескіндемелер. Ол қағаз, карандаш, гуашь, тушь, майлы бояуларды қолдану арқылы өзіндік қолтаңба қалыптастырған жан. "Менің балалық шағым", "Тәуелсіздік", "Бозбала" жұмыстарын бүгінгі заманның шедеврлеріне жатқызуға әбден болады. Оны көру керек, тек көрмеге бару керек достарым.
Мүсәпір Жанұзақ Керімбекұлы: Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР «Мәдениет қайраткері»
1
«Айқас» майлы бояу, кенеп, 210х170, 2020 ж
2
«Менің балалық шағым» майлы бояу, кенеп, 90х90, 2013 ж
3
«Киелі мекен» майлы бояу, кенеп, 120х90, 2009 ж
4
«Қазақ елі» майлы бояу, кенеп, 90х90, 2016 ж
5
«Еркіндік» майлы бояу, кенеп, 100х80, 2014 ж
6
«Студент бойжеткен», 130x85, майлы бояу, кенеп, 2018 ж
7
«Көкбөрі», 90x90, майлы бояу, кенеп, 2019 ж