Суретші Асқар Нұрболат жазған 7 картина

7 КАРТИНА
10292

"Мәдениет порталы" ұжымы елге белгілі, өзіндік орыны бар суретшілерге сауын айтып, өздерінің көңілінен шығатын 7 картинасын сұрап, жариялау үстінде. Еске сала кетейік, бұған дейін бір топ суретші жазған 7 картинаны ұсынған болатынбыз! 
Бүгінгі суретші - Асқар Нұрболат! Мархабат!
Суретші Асқар Нұрболат


Талантты жас суретші Асқар Нұрболат Талғатұлы 02.11.1993 жылы Кентау қаласында дүниеге келген.

Білімі:  2010 жылы Балалар көркем сурет мектебін, Қазақ Ұлттық өнер университетінің «станокты кескіндеме» мамандығы (колледж 2014 жылы) оқыған. Қазақ Ұлттық өнер университетін 2019 жылы аяқтады. 
Қазір Қазақ Ұлттық өнер университетің 2 курс магистранты. 

Конкурстар, көрмелер, фестиваль: 
  • 2006 жылы «туған жерім» қалалық балалар сайысынан арнайы диплом;
  • 2010 жылы мадақтама балалар коркем сурет мектебі;
  • 2011 жылы Қазақстан Суретшілерінің Республикалық Симпозиумы іс-шараларына белсене қатысқан үшін Астана қаласы Суретшілер Одағының Алғыс хатымен марапатталады ;
  • 2011 жылы «Дал қазір» Қазақстан Республикасының 20 жылдық тәуелсіздігіне арнайы көрмеге қатысқаны үшін сертификат;
  • 2012 жылы « Here & Now»көрмеге катысқаны үшін сертификат;
  • 2012 жылы «Эрнст энд Янг»көрме және сайысынан арнайы мадақтама;
  • 2013 жылы «Өнер. Өткен. Қазіргі кезең. Ертең.» лауреатты жобаның жеңімпазы ретінде сертификат;
  • 2014 жылы «Made in Astana» жас суретшілер арасындағы сайыстың лауреатты жобаның жеңімпазы диплом.
  • 2015 жылы «Весенний салон 2015» атты сайыстын 3-ші орын иегері диплом;
  • 2015 жылы «Қазақстан» ҰТА «Таңшолпан» бағдарламасы ұйымдастырған «Тәуелсіздікке тарту» байқауына қатысып, «Ең үздік суретші» аталымының жеңімпазы диплом;
  • 2016 жылы «ҚазҰӨУ жылдың үздік студенті» байқауына белсенді қатысқан үшін алғыс хат;
  • 2016 жылы жоғары оқу орындар арасындағы студенттердің Республикалық пән олимпиадасында «Кескіндеме» мамандығының «Станокты кескіндеме» мамандыруы бойынша 2-ші орын диплом;
  • 2016 жылы жас суретшілер арасындағы «MADE IN ASTANA» атты Республикалық сайысқа қатысқан үшін мадақтама;
  • 2016 жылы «Шабыт» XIX халықаралық шығармашылық жастар фестивалінде «Бейнелеу өнері» (кескіндеме,графика) номинациясы бойынша лаурет, гран-при иегері;
  • 2017 жылы жас суретшілер арасындағы «Made in Astana» атты Республикалық сайысқа қатысқан үшін мадақтама;
  • 2017 жылы Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Самға, көркейе бер, Атырауым!» атты суретшілердің республикалық плэнер-көрмесіне қатысқан ушін алғыс хат;
  • 2017 жылы Каспий маңы елдері жастарының халықаралық форумы аясында өткен суретшілер симпозиумының ұйымдастырылуына қатысқан ушін алғыс хат;
  • 2017 жылы «Болашаққа көзқарас» атты жас суретшілер көрмесіне қатысқан ушін диплом;
  • 2017 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» Мемлекеттік Жастар Сыйлығының Лауреаты;
  • 2018 жылы ҚазҰӨУ-нің 20-жылдығына арналған сайыстан «Ең үздік кескіндемелік шығарма» номинация бойынша 1 орын;
  • 2018 жылы Тәуелсіздік сарайында «Өмір» - атты жеке көрме;
  • 2018 жылы жас суретшілердің «Энергия. Жастық. Өнер» халықаралық конкурсына қатысып ынталандыру сыйлығы, сертификаты берілді;
  • 2018 жылы Италия мемлекетінің Флоренция қаласында «Өмір» - атты жеке көрме.
  • 2020 жылы Қазақстан Республикасының атынан Үндістанның Бангалор, Карнатака, Белур, Майсоре қалалрында өткен "ArtChamp" атты халықаралық симпозиумға қатысқан.


1"Қонақ". Көлемі 152х177,5 см. Кенеп/майлы бояу. Жазылған жылы 2018

2"Ою". Көлемі 60х80 см. Кенеп/майлы бояу. Жазылған жылы 2020


3"24/7". Көлемі 80х52,5см. Кенеп/майлы бояу. Жазылған жылы 2017

4"Бозжыра шатқалы". Көлемі белгісіз.  Кенеп/майлы бояу. Жазылған жылы 2019.

5"Кір". Көлемі 45х30см. Кенеп/майлы бояу. Жазылған жылы 2017

6"Тыныштық". Көлемі 75х55 см. Жазылған жылы 2016

7

"Ақпан". Көлемі 45х55 см. Жазылған жылы 2015 жыл

author

Асқар Нұрболат

СУРЕТШІ