"Хатико" туралы білесіз бе?

ӘДЕБИЕТ
6046

Суретте әлемге әйгілі ит Хатико. Адамдардың адал досына айналған бұл ит 1923 жылдың қараша айында дүниеге келген. Туылғаннан кейін оны Токио университетінің профессорына сыйға берген. Ал енді мына әңгімеге назар аударыңыздар. Егесі әр таң сайын жұмысқа кететін болған. Хатико өз егесін Сибуя бекетіне дейін шығарып салып жүрген. Сағат 15:00-де аталған бекетте егесін күтіп алады екен. Арада бір жыл өтсе де ит өз егесін күтпеген күні болмаған. 

Алайда 1925 жылдың мамыр айында Хидэсабуро Уэно жүрек талмасынан көз жұмады. Сол күні Хатико егесін көп күтеді, алайда егесі оралмайды. Туысқандары итті тастамай, уақытында тамақтандырып отырған. Хатико сонда да егесін күтуді тоқтатпай, күнделікті уақытында бекетке баратын болған. Итті сол жердегі теміржол жұмысшылары, сатушылар білген. 

Сурет: livejournal.com, androidfilms.org, tur-ex.ru

Бұл адал дос туралы 7 жылдан соң 1932 жылы газет беттерінде мақала жарық көрді. Ит өмірінің соңына дейін Хидэсабуро Уэноны күткен. Осылай 1934 жылы өлген. Сол жылы тұрғындар Хатикоға арнап ескерткіш орнатты. Алайда соғыс кезінде ескерткіш қирап қалып, соғыстан кейін қайта тұрғызылған. 


«Хатико: Ең адал дос» 





«Хатико: Ең адал дос» (ағылш. Hachiko: A Dog's Story) — тоғыз жыл бойы қайтыс болған қожайынын күнделікті бір уақытта келіп, станция маңында күтіп жүрген жапондық акита-ину тұқымының иті Хатиконың нақты өміріне негіздеп түсірілген Лассе Халлстрөм көркем фильмі. Бұл фильм 1987 жылы түсірілген жапон фильмінің ремейкі болып саналады. Фильмнің сценарийін жазған Стивен Уэйн Линдси. Басты рольдерде: Ричард Гир, Джоан Аллен және Сара Ремер. Фильмнің тұсаукесері 2009 жылдың сегізінші тамызында Жапонияда өтті.

Фильм желісі

Күндердің бір күні университет профессоры Паркер Уилсон вокзалдан Жапониядан Америкаға аттандырылған күшікті тауып алады. Күшіктің артынан ешкім іздеп келмегендіктен, ол оны өзімен қалдыруға мәжбүр болады. Уақыт өте келе күшік пен профессордың арасында берік достық пайда болады. Паркер өзінің жаңа адал досына қатты бауыр басады. Әр күн сайын Хатико қожайыны жұмысқа шыққанда, вокзалға дейін шығарып салып, кешкісін сағат бесте күтіп алатын. Бір күні Паркер жұмысқа аттанарда Хатико оны үйден шығармағысы келгендей, оған үріп бірге вокзалға бармай қояды. Паркер жұмысқа асыққандықтан Хатикосыз вокзалға кетіп қалады. Біраз уақыт өткенен кейін Хатико ауызына допты салып алып профессордың артынан жүгіріп кетеді. Вокзалда ол профессорға жаңағы допты бергенде, Паркер өте қатты қуанады, себебі ол Хатикоға бұл затты көптен бері үйрете алмай жүрген-ді. Вокзалда да Хатико қожайынын жібергісі келмегендей оған үріп қарап тұрады, бірақ Паркер поездге отырып жұмысына кетіп қалады. Сол күні ол өз лекциясында ұстамалы жүрек ауруынан көз жұмады. Қожайынының келуін күткен Хати, күнделікті станцияға келіп жүреді.

Итті профессордың туысқандары үйлеріне алып кеткендеріне қарамастан, ол әрдайым станцияға қашып кететін. Жергілікті сатушылар және теміржол қызметшілері Хатиді тамақтандырып жүретін. Олар оның табандылығы мен адалдығына таңғала қарайтын. Көп ұзамай ол туралы журналисттер біліп, Хатико баспасөз жұлдызына айналады. Хатико өмірінің соңғы күндеріне дейін күнделікті поездің келісімен станцияға келіп, кеше дейін қожайынының келуін күтетін. Ол сонда да келмейді, бірақ адал дос — Хатико — өз орнын қалдармайды. Ол ит сол станцияда қожайынының келуін күтумен көз жұмады.

Фильмді жарыққа шығаруы

Түсірілім АҚШ штаты Род-Айлендтегі Вунсокет, Бристоль және Кингстаун қалаларында, сондай-ақ Род-Айленд университетінде және Японияда жүргізілді. Әр жастағы Хатиконы үш Акита-ину тұқымының иттері (Чико, Лайла және Форест) және Сиба-ину тұқымының үш күшігі ойнайды.



Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында зорлау туралы көрінеу жалған хабарлау оқиғасы анықталды, деп хабарлайды ma...

Шоу-бизнес

Продюсер Жан Мұқанов Қазақстанда ең көп гонорар алатын әншілерді атады, деп хабарлайды madenipor...