Ана туралы афоризмдер топтамасы

АФОРИЗМДЕР
4826
1.Әйел адам - гүлмен тең.

Абай Құнанбаев

2.Жақсы әйел - ері ұялар іс қылмайды.

Абай Құнанбаев

3.Әйел ашуланса - жеңіледі, еркелесе - жеңеді.

Ғабит Мүсірепов

4.Ана сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді.

Ғабит Мүсірепов

5.Қыз мінезінде ұяңдық пен әдеп бір кездессе - бірін-бірі жасырыңқырап тұрады да, ашықтық пен абайсыздық кездессе - бірін-бірі асырыңқырап тұрады.

ҒабитМүсірепов

6.Қазақ әйелін "жан жолдасым" дейді.Бұл үлкен сөз ғой. Жаны мен жаны үндес, ойы, арманы үйлес, егіз адамбыз дегені ғой.

Ғабит Мүсірепов
                                                                                                           
7.Әйел асқақтаса - жылайды, еркек асқақтаса - құлайды.

ҒабитМүсірепов

8.Әйелдің естілігі жеңсе - сұлулығы да арта түседі.

Ғабит Мүсірепов

9.Жақсы әйел ұл туса - патшадан болмас кемдігі.

Бұхар Қалқаманұлы

10.Жақсы әйелдің сипаты:
...Жат қылық, шайпау мінез еш болмайды,
Шақ етіп дауысы шықпас баланы ұрған.
Ерте-кеш бір ауылдан ері келсе,
Тап-таза үйдің іші сыпырылған.
Жігітке адал жүріп болар серік,
Қуанар ғазиз құрбы жүзін көріп.
Білгізбей бар болса да, жоқ болса да,
Ол бір марал тұрғаны қасын керіп.

Ақан сері Қорамсаұлы

11.Жақсы болса жұбайың - қабағыңа қарайды.

СүйінбайАронұлы

12.Жаман әйел көп ұйықтар.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

13. Жаман болса әйелің - арманда өтер өмірің: артылғандай есекке.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы


14. Жақсы әйел - жігіттің кесектен соққан кентіндей,
Сары майға былғаған алуа, шекер, жентіңдей.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

15.Алғаның жаман жолықса:
Үйіңнің іші шаң болар,
Ісінің бәрі қам болар.
Сол әлімен тұрмайды -
Киім таңдап паң болар.
Әңгіме, жанжал қоздырар,
Өзгеден өзін оздырар,
Жиынға киер жібекті -
Тезек теріп тоздырар.
«Қай жеріңнен тойдым?» деп,
«Не көрсетіп қойдың?» деп -
Тағыөзінді жазғырар.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы

16.    Жаман әйел - жігіттің
       Тайдырады табанын,
       Тар қылады заманын;
       Жақсы әйел - жігіттің
       Жақсы қылар жаманын,
       Ұшқыр қылар шабанын.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

17. Жақсы әйел - жаман еркектің басын төрге сүйрейді, жаман әйел жақсы еркектің басын көрге сүйрейді.

Мақал - мәтел

18.Жаман әйелдің тілі ащы.

Мақал - мәтел

19. Жақсы әйел - ырыс, жаман әйел - ұрыс.

Мақал - мәтел

20.Тон бітпеске тон бітсе - қағуменен тоздырар.
Жаман әйелге қоң бітсе- ер жігітті аздырар.

Би-шешендер

21.Жаман болса жолдасы - әйелдің түскен торы да,
Шыға алмайтын мұңлықтың қазылған терең оры да.

Би-шешендер

22.Асыл болса алған жар - ханым емей немене,
Жайлы болса мінезі - жаның емей немене.

Би-шешендер

23.Алған жарың жақсы болса - ат үстінен дүбір ет,
Алған жарың жаман болса - шиге кіріп сыбыр ет.

Би-шешендер

24.Жаман әйел алғанның - жауы үйінде, жақсы әйел - алғанның тойы үйінде.

Шал Құлекеұлы

25. Әйел алсаң қарап ал ақылдысын,
Сол болар басқалардан жақын кісің.
Ағайынға, туысқа қайырылса,
Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің.
Ерге - аю, балаға - қасқыр болса,
Ондай қатын алғанның күні құрсын.

Шал Құлекеұлы

26. Анасын көр де - қызын ал, аяғын көр де - асын іш.

мәтел

27. Пайдасы жоққа жалынсаң - семіз бір жемқор малмен тең,
Жақсы қатын алсаңыз - Алладан жауған нұрмен тең.

Шал Құлекеұлы

28. Жаман әйел ер қадірін білмес.

Майқы би

29. Жетесіз жігіт - ел қадірін білмес, некесіз әйел - ер қадірін білмес.

Майқы би

30.Адамның жан жолдасы - сүйген жары.

Жанақ Сағындықұлы

31.Ақ шашты ана: "жастығым — балам" дейді,
 Ақылды бала: "ай-күнім — анам" дейді(мақал).

32.Алты ұл тапқан ананы "ханым" десе болады,
Сыйласа білген адамды "жаным" десе болады (мәтел).

33. Жалғыз баласы атқа шапса,
Анасы үйде отырып тақымын қысады (мәтел).

34.Ана алдында — құрмет,
Ата алдында — қызмет(мақал).

35. Ағайын — алтау,
Ана — біреу (мақал).

36.Анадан артық дос бар ма?
Ашудан жаман қас бар ма?
Жиырма бестен жақсы жас бар ма?
Қымыздан тәтті ас бар ма?(халық даналығы).

37. Ананың сүті—бал,
Баланың тілі — бал (мақал).

38. Ананың ойы – ұяда,
Баланың ойы – қияда (мақал).

39. Анаңа ауыр сөз айтпа!
Атыңа ауыр жүк артпа! (мақал)

40. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды (мақал).

41. Балапанды торғайлар
Өрт болмасын тілейді.
Балаларға аналар

Дерт қонбасын тілейді (халық даналығы)

42. Анада үш бақыт бар: ожданы, бөбегі, ізгі еңбегі (халық сөзі).

43. Анасы бардың панасы бар(мақал).

44. Әке ақылы - бұлақ,
Ана ақылы – шырақ(мақал).

45. Ата-ананың қарызы  - ұрпақтың өмірлік парызы(мақал).

46. Алып анадан туады,
Ат биеден туады(мақал).

47. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,
Атадан тағылым алмаған ұл жаман (Қорқыт).

48. Ананың алақаны балаға айдынды қоныс(мақал).

49. Ана сүті бой өсіреді,
Ата тілі ой өсіреді(мақал).

50.Анасы ұятсыз болса,
Баласы миятсыз болады (Нақысбек шешен).
51. Баланың білегі ауырса,
Ананың жүрегі ауырады(мақал).

52. Ердің анасы — елдің анасы(мақал).

53. Ақылды әйелдің ішінде алтын бесікті ұл жатар (мәтел).

54. Анаға баланың алалығы жоқ(мақал).

55. Мейрімі мол ананың —
Жүрегі жылы, қолы кең.
Кең пейілді атаның
Жүзі жылы, жолы кең(халық даналығы).

Жаңалықтар

Ресейлік ұшақ Анталия әуежайына қонғаннан кейін өртенді, деп хабарлайды madeniportal.kz. Azimut әуе...

Жаңалықтар

Синоптиктер 25 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Астанада...