«Қазақмыс» 4 айдың жұмыс қорытындысын жасады: өндірістік қауіпсіздік күшейіп, геологиялық барлау көлемі артты

Фото: Қазақмыс

ЖАҢАЛЫҚТАР
61

«Қазақмыс» 2026 жылдың алғашқы төрт айындағы жұмыс қорытындысын жариялады: өндірістік қауіпсіздік күшейіп, геологиялық барлау көлемі айтарлықтай артты, ал инвестициялық жобалар рекордтық деңгейге жетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басшылығы еңбек ұжымдарымен тұрақты кездесулер өткізу дәстүрін жалғастыруда. Кезекті жұмыс жиыны Жезқазғанда өтіп, оған Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі мен Бақылау кеңесінің төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков қатысты. Кездесу барысында 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы нәтижелер талқыланып, компанияның негізгі даму бағыттары айқындалды.

Ең маңызды көрсеткіштердің бірі — осы кезеңде компанияның штаттық қызметкерлері арасында өліммен аяқталған оқиғалардың тіркелмеуі. Сонымен қатар өндірістік жарақаттану деңгейі 35%-ға төмендеп, LTIFR көрсеткіші де азаюда.

Қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында кәсіпорындарда тұрақты өндірістік тексерулер жүргізіліп, басшылардың қатысуымен арнайы тоқтату жиналыстары ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, жаңа қызметкерлерге арналған Q-start кіріспе оқыту бағдарламасы енгізілді.

Компания геологиялық барлау жұмыстарын да күшейтіп келеді. Егер бұрын пайдалану бұрғылауының жылдық көлемі шамамен 63 мың қума метр болса, 2026 жылы тек Жезқазған бағыты бойынша геологиялық барлау жоспары 62,4 мың қума метрге жеткен. Бұл — үш негізгі өңірлік бағыттың біреуі ғана. Жалпы геологиялық барлау бағдарламасының көлемі екі есеге ұлғайды. Жыл басынан бері бес ірі кәсіпорында жеті бұрғылау қондырғысы арқылы 20 мың қума метрден астам аумақ зерттелді.

Осы бағытты дамыту үшін жаңа жерасты бұрғылау техникалары сатып алынып, инфрақұрылым жаңартылды. Қыс мезгілінде де үздіксіз жұмыс жүргізуге жағдай жасалып, бұрын игерілмеген кен орындарын зерттеу жалғасуда.

2026 жыл өндірістік инвестициялар көлемінің күрт артқан кезеңіне айналды. Бір уақытта бірнеше ірі жоба іске асырылып жатыр.

ӘДЕБИЕТ

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысының атынан ақын әрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысының атынан Алматы әкімі Дархан Сатыбалды көрнекті ақын, жазушы әрі қоғам қайраткері...