Жойқын жер сілкінісі: Қаза тапқандар мен жоғалғандар бар

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
681

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Табиғи апат салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бір адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Жерасты дүмпулері дүйсенбіге қараған түні Лючжоу қаласында тіркелген. Төтенше жағдай салдарын жою жөніндегі жедел штаб мәліметінше, аймақта екі адамның қаза тапқаны расталды.

Сондай-ақ жер сілкінісі салдарынан қираулар болғаны хабарланды. Құтқару қызметтері зардап шеккен аудандарда жұмыстарын жалғастырып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...