«Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас хатшысы Андрей Крюков ақпан айында өтетін XXIV Қыс...
Ғалымдар қазақ сөздерін автоматты түрде танитын технологияны жасап шығарды
Назарбаев университетінің Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты (ISSAI) қазақ тілі мен сөзін автоматты түрде тану жобасын іске қосты. Оның көмегімен қазақ тілін жаһандық цифрлық әлемге белсенді енгізуге болады, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар, бұл жоба Қазақстанда инклюзияның дамуына үлкен серпін береді. Жаңа технологияны ерекше қажеттілігі бар адамдар кеңінен қолданатын дауыс және мәтін бағдарламаларында пайдалануға болады.
«Бұрын үлкен деректер жиынтығының жеткілікті болмауы қазақ тілінің цифрлық әлемдегі мүмкіндіктерін шектейтін, сондықтан біз осы жобаны жүзеге асырдық. Енді біз экономика мен қоғам дамуына пайдалы болсын деген ниетпен қазақ тіліндегі дыбыстық деректер жиынтығын ашық бастапқы кодымен бірге барлық зерттеушілер және кәсіпкерлермен бөлісуге дайынбыз» – дейді ISSAI NU директоры, профессор Атакан Варол.
Жобаның іске қосылуы Назарбаев университетінің Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының құрылғанына бір жыл толуына орайластырылды. 14 қыркүйекте ISSAI өзінің алғашқы туған күнін атап өтті. Мына сілтемеге кіріп, қазақ тіліндегі дауыстық деректер жиынтығымен танысуға, сондай-ақ қазақ тілін автоматты түрде тану жүйесін тексеруге болады.