БасыЕКІНШІ ҚЫРЫГеостратегиядан геоэнергетика жолында...The mission of our country is to build an ind...
Сұраған Рахметұлы. Ұлы дала: Тәуелсіздіктің жеті қыры - 4 (мақалалар топтамасы)
ТӨРТІНШІ ҚЫРЫ
ТІЛДІҢ ИЕСІ
No nation rebirth can occur uneless it is based on the life-giving soil of a centuries- old culture and it is nourished by the beneficial juices of the historical past. N.A.NAZARBAYEV
...Отыз жылдай отыз тісінің арасында орыстың тілін қорғап тапжылмай, тіпті кірпік қақпай, тік тұрып, күні түні құрметті қарауылдай күзеткен қазақтарға ұлы көсем лениннің ОРДЕНІН беріп, есімдерін Кремльдегі қызыл алаңның қыш тақталарына жазып қоятын кез жетті. Советтік аса улы қағидатпен сырқаттанған яғни тілі сонымен шыққан қазақтар осы өмірден көшіп кетпейінше жағдай оңалмайды екен. Олар мәңгілік мүгедек жандар. Мәңгүрт емес әрине мәңгүрттен де қатерлі мәңгүрттенген – «мәңгүрттер».Осы біздің арамыздағы жүректері тастан қатты пенделер осылар. Оларда бауыр деген ағза жоқ. Тек металдан құйылған жасанды жүрек қана бар. Өкініштісі солардың көбі ақшалы. Оларға тәуелсіздік қажет емес!
Тілі қай тілде шыққан жанның бір бөлшегі ғана емес тұтас жан-ұжданы солай қарай икем болатынын соңыра түсіндік. Ұлттық геноцидтік тетіктердің түгел кілті солардың жадында сақтаулы жатыр. Сол үшін мысықтілеулі. Олар өмір бойы іш кекпен өмір сүреді. Басқамен шаруасы шамалы. Тек «өзімен» жағаласуға шебер.
Қоғамның дені бүгін Олжас Сүлейменовты сыбап жатыр. Қайран Олжа-еке сөйлейін деп сөйлеп тұрған жоқ оны сөйлетіп, қақсатып қойған тағдыры ғана. Ол өз тағдырының құрбаны. Оның еті түгесіліп, қаусаған қаңқасы қалған советтік құбылыс. Ескі құрылысты бояуға болар бірақ, тағанфундамын өзгерте алмайсыз. Ондайлардың сыртқы қабығы ғана қазақ. Бүгінгі қазаққа сол қабықтың өзі қауіпті. Жалпы қазақта «көп жаса» деген батаны тек биологиялық жағынан ғана айтпаса керек. Көп жасаудың өзі қандай қатер әкелетінін әлемдік саясаттағы қаусаған тұлғалардың өмірінен көрініп қалып жүр.
Солардың ішінде Борис Николаевич Ельциннің саяси ғұмыры өте таңғажайып секілді! Елекем ер екен! Ерлігі – атаққұмар да, қанқұмар да еместігінде екен! Әйтпегенде бір сотқарлығы басынан он есе асып түсетін мұжық емес пе! Ол күллі Орта Азияны азаматтық қан төгіс майданнан аман сақтап қалды! Басқа не істеуі мүмкін еді!? Қазаққа қазақ болып қалуға жағдай жасады!
Орысқа қазақтың тілін тура мойындау өте қиын! Солай бола тұра өз кезегінде биік мінберден В.Путин де, Медведев те қазақша ниет етіп сөйлегенін естідік. Бұл - мойындау! Орысша тілі шыққандар оған да пысқырмаған!
&
...Кремльдің қызыл алаңында көсемнің табытын көруге көп адам жиналады. Алтынмен апталып шойыннан құйылған алып есіктің алаңы шетелдік жоғарғы мәртебелі қонақтарға құрмет қарауылы сапқа тұрады. Бүгінгі жарымбақ ТМД емес жалпақ дүниеге айбар СССР кезінде. Мінеки СССР Қызыл армиясы Құрмет қарауылының тарихында бірде бір қазақ жауынгерінің есімі жоқ!
Москва, Волокаламск қыш жолы, Сталинград үшін қанша қазақ жауынгерлері қанын шашып, жанын бергенде есіктің алдындағы макеттен қару ұстайтын күзетке бір қазақтың ұзын сирақтысы тұруға болмайды... Болмайтыны, ол – Ұлы Ресей империясы!
ТІЛДІ КИЕСІ
Тілдің киесі қиын.Тіл – Ұмай ана. Жаһанданудың аранынан арашалап құтқарып қалатын Расул Ғамзатовша айтсақ жұлдызым – ұлт тілі. Дүниеғаламда тілдердің дәуірлеген тұсы сонау ХҮІ ғасыр. Ол кезде он алты мыңдай тілде соншама ұлт бірлестігі еркін ұғысқан ұлы сана құралы еді тіл.Төрт ғасырдағы адамзат өркениеті бірі - екіншісін жұтып, сонымен бірге тек ірісі кішісін жалмаумен өтті.Ұлтымен бірге 7100 тіл біржола құрып кетіпті. Қазір небәрі 6912 тіл ғана қалды. Енді бір ғасырдан кейін осы қалған тілдің 50-90 пайызы құрдымға кетеді деген үрейлі долбар бар. Жер жүзіндегі адамзаттың 40 пайызы 264 тілде ұғысады. Жүз санға жетер - жетпес ұлт-ұлыстар 1900 шалажансар тілді қолданады. Ең ірі 11 тіл әзірге – «хандықта». Португал,бенгаль, ағылшын, хинди, араб, испан, қытай, орыс т с с.
Ағылшын тілінде бүгіндері мұқым бір миллиард адам сөйлейді екен...
Қазақ ақылмандары үш тұғырлы тілге көшуді ұсынды. Қазақтың жаны аз санды қазақтың тілінде ғана ілініп тұрған-ды. Енді нағыз күйреу басталады.Үш жүз жылдық бодандықтың жалғасы осы. Мағауин ағам шерленген – «Қазақсыз – Қазақстан» жылдам бой келе жатыр. Өз ана тілімен ауызданбағандарды сыртқы қабығына қарап, «қазақ» деп адасып жүріппіз?! Ұлтқа беттің бояуы емес еттен өтіп сүйекке сіңген өз ана тілі керек емеспе еді?!
Қазақ тілін білмейтін көп орысқұлдар осы тілді бүгін «иттің етінен жек көреді...»
Мемлекеттік лауазымдағы тұлғаларға тіптен қажетсіз. Қолданбайды, мәжбүрленбейді.
Намыссыз жастары, жігерсіз болашағы, есеңгіреген ұйқылы - ояу жартылай маразмаға шалдыққан қоғамы бар өзі жат бауыр шүлдір қауым үшін тәуелсіздіктің құны ештеңеге керек емес секілді. Біреудің тілінде ұғысып, біреудің тіні үшін соғысып қырылатын ең аңғал, құнсыз елміз... Қазақтың өңшең қыршын жастарын қырғын соғысқа бастап,ұрандап кіріп қырғызып тастаған дорақ «батыры» бар, оны «отан үшін» деп оттайтын одашылдары шылқыған советтік концлагерліктерміз! Кешегі атылмай қалған аты-шулы ұлт серкелерінің бүгінгі ұрпағының түгелі мәңгүрт.
«...Ұрпағыңа ұлт тіліңді ұқтырар ұрықың құрысын...» деген дағыстандағы авар халқының қарғысы қазаққа келген! Әрине,қазақ тілі (1914) Ахмет Байтұрсынмен бірге Советтік түрмеге (1934-1977) жабылған. Бұл ең үлкен қасірет әлі де жалғасып жатыр! Елбасы Теміртауға барғанда бір өткен шақтың қасіретті елесті көрінісін қайталап көрсетті! Оны қалай да мазмұндап, яки қисынсыз сағынышқа балап бұрмалап түсінудің қажеті шамалы. Кім болса да өсер ортасын таңдай алмас еді. Ол өткен концлагерлік дәуірдің хаһи көрінісі,коммунизм құрбандардың алдамшы бет-бейнесі болатын. Дүниедегі бар қазақтың қазақша сөйлейтіндерінің саны бес миллионға жете ме, жоқ па, кім білсін!?
ТІЛ КӨКТЕМІ - ТӘУЕЛСІЗДІКТЕ
... Өткен жылы маусымнан бастап Грузияда тіл үстемдігі үшін күрес басталған. Қазірде осы тайталас бақылаудан кетуге таяп тұр.Қай ұлтта қандай талмау тұсы болса сол арадан бір іс басталарын ғаламдық саяси дағдыдан көріп жүрміз. Мұндағы жер, тіл мәселесі ең өзектісі. Қазақ елінің жанды жері.Қазақта тілі өлген яки өлмелі күй кешкен қуаң маусымдардың өткені рас. Тәуелсіздіктің хаһи кәлләсі - тіл. Тілсіз мемлекеттің астында жаншылған дәстүр мен қанаты қыршылған, тісі майырылған ұлыған жұрт жатады. Меселі қайтып, есі майырылған елде мақсат болмайды. Тілін жоғалтқан елде тіпті ештеңе қалмасы түпкі заң.Тілің жоқ болса - қабығың қазақ бола бола алмайды. Қазақша сөйлемесең тарихың оқылмайды, мәдениетің,өнерің, әдебиетің мансұқ. Биліктің өзге тілде былдырлап шүйркелесуінің өзі усойқан шүйлігісуге әкелуі ғажап емес. Оттың тұтанатыны да ұлттың тін себепті талмау жері де осында. Ұйқылы-ояу өлмелі депутаттарды суыт жаңартпаса тіл мәселесі таяу мезеттерде саяси тұрғыда тіптен қатты көтіріледі. Оны олигархиялық биліктің арасындағы әккі төбел топтың өзі де ұйымдастыруы мүмкін. Мысалы Дулат Исабеков аға секілді аңғал ағалар арқылы. Қимылды бәсеңдетпей тіл мәселесін халықтың талаптық, «таптық» деңгейімен тең (балланста) ұстауы керек. Қуаныштысы - қазір қазақ тілі өте қарқынды өрістеп келеді. Тіл көктемі келе жатыр,қозы көш жерге жеткенге дейін оған бөгесін болар қоздырғышты түрлі айла, тәсілдер де тынбайды. Ұлт сатқындары жалған «шырылдап», іріткі салып, жаныстырулар жасайды, орыс тілділер шеттен аттан салып көмек те тілейді.Барған сайын даладағы барақат ортаны біртіндеп сығымдап, қысып келе жатқан қазақ тілділері үшін бұл қарқын еш баяу емес.
«...Атты емес жаяумын, жаяудан да баяумын...» деген ерекше қисын қалмай жүргені бар. Тілдің тартылып қалуын қалайтындар боқтай берсін! Сыртқы қабығы,қаны қазақ деп жүргендердің ішкі бойы өзгелер.Өзгелерге өзгергеннен өңге жол жоқ.Оларға ауа жетпей қалатын суыт кезең келеді әлі.Қазақтың руһы келер шақта тұр.
Аса сақтықпен әсірерадикалдық желеуге берілмей ширақ, жан-жақты саясатты бір ізге түсуге жақын қалды. Өтірік өкініш, жалған айқай, өртке май құюдың түгелі шеттен әдейі келтірілетін экстремистік пиғылдағы топтың жанқалтасынан шығады. Ауылдың байырғы мақамын байытуға уақытымыз кеткен жоқ, мүмкіндік те тұр. Кеңсенің тіліне,өзге стандарттық кеселге жібермейтін тәсіл қыр қазағының тұма тілі. Байыпты, толғамды тілдік қордың жойылмай қолда қалғандарын қолдану үшін әдебиеттік,төңкерістік насихатты барынша күшейту болса керек. Сарарқада күн шуағы дарымайтын көлегейлі жер жоқ сыпырмайым сайын дала. Сайын далада шексіздіктің күші бар. Алтайдан Атырауға дейінгі ұланғайыр аралықта ешбір қағаберістің болмауынан қазақы мақамдықта шылаңшылық болмаған. Бір ғасырда өмір кешкен екі әженің тілі бір төркіннен ұзатылған екі қыздың тіліндей һәм сөздері егіз тамшыдай ұқсас. Көршілес «Аспан асты» делінетін бүгінгі құрсаулы империялықтар арасында өзен судың екі жағында отырып бірін-бірі ұқпай әуреге түседі. Келер шақта тек бір ғана саяси қысымсыз қарапайым шараны қолдануға болады. Ол, банкінің жүйесін түгел заң бойынша қазақшалау. Бұйырыңыз! Ешкінің жіліншігіне жабысқан тебендей түйрек сүйек болады. Бабамыз оны – «қылдырық» деп атайды. Тіс шұқитын сүйек. Қылдырықтай – қылдырық! Басқа аталымдар да дайын тұр! Арғы жағы тіл көктемі!
Келер ширек ғасырда өзге тілде сөйлегендер - сиыр осырғандай әлекті күй кешеріне сенейік.
Жалғасы
БЕСІНШІ ҚЫРЫ
Бүгінгі Еуразия және жаңа Қазақстан