Халықаралық Түркі академиясы Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік у...
Сұраған Рахметұлы. Ұлы дала: Тәуелсіздіктің жеті қыры - 7 (мақалалар топтамасы)
ЖЕТІНШІ ҚЫРЫ
Ұлттық код – қазақтық кілтсөзі
For the world to continuously move towards progress, it is nesessary to develop mandatory for all states, fundamental principles of world order in the XXI century. The constructivism of development of the human civilization can be provided on the basis of 5 principles, which I propose to be called the g-global principles; 1.Evolution ,not revolution. 2.Justice, equality, and consensus. 3.Global tolerance and trust. 4.Global transparency.5.Constructive multipolarity.
Ұлы Тәуесіздік жолындағы Қазақ Елінің қарқыны күллі ғалам назарында тұр. Қазақ әлеміндегі үшінші жаңғыру. Бағдары – болашақ,арманы – рухани жаңғыру.Бұдан бұрынғы саяси реформа,экономикалық түлеуден өзгеше қисын. ХХІ ғасыр беталысы – ұлттық сананы жаңғырту арқылы дүбірлі дүниемен иық түйістіруге үндейді. Тарихы тереңге кеткен елдің мәңгілік орнығуына себепкер болатын рухани кодті іздеуге шақырады. Нұрсұлтан Әбішұлының бұл реткі мақаласы ұлттық жадының тұғыры іспетті.
Үстемші державлардың тайталасқан озбырлығы,кейбір әріптес елдердің бақталастығы тсс.түрлі сауалдар арасында арпалысқан сәттердің бәрі өз тарихи ауанымен өтіп жатыр.Әлемде әр жаңа технологияларға, күрделі бетбұрысқа, жаңа майданға,қайта бөлісуге деген бәсекелесу көп. Тархиқта солай еді,келешекте де солай өрбитін секілді. Бағзыдағы ХҮІІІ ғасырда Мысырды алуға аттанған Бонапарт Наполеон сайлауыттарына - «...Сайыпқырандарым менің! Қарсы алдарыңда қырық ғасырдың өткір көзі өңмендеріңе қадалып тұр...» деген. Бұл оның аманаты еді. Өз дәуіріне егелік етуді армандаған жорықшының осы ұлағаты хат бетіне мәңгі бекіленген. Бұлайша қарасаң аршындап өтер уақыт аянын көрсетіп тұрған секілді. Екінші жағынан өзін өмірдің үштаған кеңістігінде бар екенін көрсету – Ұлы әскериқолбасшының әккілін де көрсетеді. Мұндағы оқиғаларда қазақ тағдырына бір ұқсастық көрінеді.
Қазақ деген есімнің бергісі - тарихи сахынаға анық таңбаланған 1465 жылдан бері талайды басынан кешкен ел. Сол дәуірлердің арасынан жарып шыққан талай мәрте жанайқайлар,болашаққа аманаттар болғаны даусыз!? Алтайдан Атырауға дейінгі кеңістікте дөңгелек кигіз үйдің керегесімен керемет таңба басып, шаңырақ шеңберімен ұйық мөрлеген ел – Қазақ ХХІ ғасырда өз тізгінін өз қолына алды. Ендігі кезекте Ұлы дала ұлты - өз кодын шегендей түсеріне сенім бар.
Ұлтық Тәуелсіздігі қалыптасудың нақты бір шартты кезеңі - осыдан бұрын Елбасының киелі Ұлытауға барған кезінен басталып беки түскені есімізде. «Туған жер» туралы аса ыстық әрі су жаңа философиялық «ұлттық код» ұғымының жұғымды дауысы да сол сәтте - “Арқаның қызыл изеніндей” (Махамбет) ерекше сілкініп естілген. «Туған жер» философиясы - қазақтың күллі ақындық поэзия есігінен енер алдындағы «коді», «кілт-сөзі». Ол,сөз-дат. Елбасының жапырақ жанын қақ жарып шыққан ұлы Қазақтың «кие сөзі».Ұлттың алпыс екі тамырындағы - Тәуелсіздіктің түптамырына берілетін уыз нәрі! Егер Тәуелсіздік болмаса мұндай ұлы оқиғалар озаны да, дана Абай сәуелеген ұлттың ынтызары айтылмас та еді. «Ұлы Гомер болмаса Троян майданы қайда...» - дейтін алтын қағидат сияқты.
Басқаның азаттығын ешқашан кешіре алмайтын әсіре шамшыл Қауымдастықтың анталап қаумалаған қақ ортасынан жарып шығып, тыңнан айқай салу,түрен көтеру үшін де үлкен жүрек,кең уақыт керек-ті. Қазақтың қамын қазақ қана жейді. Қош! Қазақша ойлайтын көшбасшы болғаны тағы бір баян. Баяғы, «...қарабауыр қасқалдақтың» аяғы – Лениндік тас алаңға «жасжелтоқсаншыларды» әкелген. Қазақ хан тағына емес - өз тағдыры үшін қанын арнады. Ағылшын жазушы Герберт Жорж Уэллстің /Herbert George Wellc 1866-1946/«Зағиптің елі» шығармасында «...соқыр елді басқаның есалаңы билейді...» деген меңзеуі бар.Керемет!!! Абыз қарттар ақылына симайтын харекеттерге кейігенде «жөйттер-ай!» деп кектенетін... Қазіргі Қазақ Елін дүниеге жете танылған, өз кіңдігінен шыққан өз ұлы басқарады. Бұған да Тәубә! Біреудің бұны мойындауы, мойындамауы жетінші кезектегі іс. Ал, тәуелсіздіктің танылуы - бәрінен қымбат.
Қандай бір жұрттың ұлы мұраты - дүнияға танылу, айпара жариялану,әлем алдында ашықтығын паш ету болмақ. Ашық қоғамның бәрі алаң-ашық, тыр-жалаңаш болмайтынымен бірге - Тәуелсіздікке жету мұраты да /соншама бей- жай санатпен орнаса да-Р.С/ оның түпкі тутұғырының түбеселікті сақталып қалуы өте нәзік әрі келелі іс болатынын сездік.Осы тұғырды бекемдейтін геосаяси бір идеология – тіл мен жер мәселесі төңірегінде оянды,орнады. АҚШ-тың ақшасы,ағылшынның тілі, Жапонның жаңа ғаламаттары жер шарын алқымдап буындырып алған. Таяу түстіктегі Үндіқытай еріккенінен ағылшынша үйреніп жүрген жоқ.Ғаламдық биікке жету үшін жетіспейтін бір ғана мүшкілдік бар,ол білімнің тапшылығы. Мінеки Елбасының көздеген мақсаты ХХІ ғасырдағы комьпютерлік сауат,әлем тілдерінде сөйлеу,мәдени құндылықтың ашық болуы енді алғышарт болады.Бұрынғы таптаурын қасаңдықтан шынайы прагматизмге көшеміз!
Бұл туралы әлем елдеріне паш етілген Қазақ Елінің саяси доктринасында түйткілсіз ашық айтылды. Ағылшын,араб,иран, испан,француз,қытай тілін меңгеру ауадай қажет енді.Ұлттың коді – тілінде ғана. Қазаққа өз тілі болмаса өзге бастың керегі жоқтығын Елбасы түсіндірді.Тілсіз бастар заңсыз,ұстанымсыз, ережесіздікке әкеле жатты.Келер стратегиялық мақсат 2025 жылдан бастап латын қарпіне көшу. Бұл – тіл азаттығына әкелетін ұлттық рухани сыбаға.Үстіміздегі ғасыр ерекшелігіне сәйкес ойластырылған аса сауапты ұсыныс.
Ләппәйсыз жыртылған миллиондаған гектар алқап, 700 мың гектарға дейін үлестірілген жер рентизмі, ерепайсыз жекешелендіру желеуімен жеткен жамылғының астындағы жаппай тонаушылық,тсс. «...ескі мен жаңаның...» аражігінде Храпуновшылдар шексіз еркін басынушылықпен өмір сүрді.
Енді басқаша ауанмен ғасырлар бойғы қадір тұтылған тума табиғаттың қадірін білу,экологиялық аппатан сақтану,жасыл майдан,экотуризмді кеңейту жолға қойылады.
Сұсты Батыс пен алаулы Шығыстың тең түбіндегі ұланғайыр Ұлы даласын ұлықтап Еуразия белдеуіне кереге жайған ғаламшар бетіндегі мең секілді - Ел тәлтіректеп тұрып, қайта шаңырақ көтерді. Төрге еге - төл мемлекеті іргесін бекіткелі көп болмаған жағдайда шырақтай жарқыраған тосындық! Ендеше бүгін де осы қазақ ұлтының болашағы үшін мойынға бұршақ салып тілек тілейік. Өтпелі кезде - өткеннен бетер құбылыстар ұшырасуы да мүмкін, тіпті мәлім де еді?!
Мінеки Ұлтық рухани жаңғыру жария етілді. Немстің ұлы сазгері Иоган Себестьян Бахтың жақын нәсілінен дейтін американдық зор жазушы Ричард Бахтың «Жонатан Ливингстон деген шағала» атты ғажайып шығармасы бар.Сонда қауымдық /табындық- Р.С/ заңы туралы астарлы «пікірталастар» өрбиді! Жонатан шағала былай дейді; «Дүниеде бір ғана заң бар. Нағыз еркіндікке апарар заң. Басқа заңның болуы мүмкін де емес...»
Бұл әрине қазақы жергілікті жердің өзін өзі басқарудың бағытын көрсететін заңи - «құс жолы!!!» Мұндағы философиялық сана шегі – төрт мың тоғышар шағала жағалауда шабаққа таласып шуылдасып жатқанда Жонатанның сонау зау биікке шарықтап шырқап ұшуынан белгілердің хаһи көрінісі. Мысалы, «...өз өмір сүрген уақытыңнан мың жылмен алға озып кетуі!?» Иә, «шағаланың - шексіз еркіндікке жету арманының орындалуы!» Ричард Бахтың аяни дүниесіне тағзым!
Төбеде тәңірі,төскейде малы,аумағы, шекара шебі демаркацияланған Тәуелсіз елдің талпынысы осылай ұласуы керек. Тең төңірегінде қауіп-қатер де жоқ емес. Қазақ енді өз тағдырына өзі жауап береді. Елдің тәңір уақытынан мың жылға ілгері тартуы ұлы қуаныш! Төрт түліктің желінін жеуіп,жер-суының ризығын ішіп,жеп, осы замандық өркен үшін күрес жалғасуда. Арал теңізі, жер, суды қорғау жолындағы қарқынын шыңдап,іргені бекітті. Енді осы болмысты жағдаят,су үшінгі күресті жалпыұлттық қауіпсіздіктің деңгейіне дейін көтеру һәм оны болашаққа аманат етуден артық қандай ұлағат болмақ?! Қазақтың төл құндылығы, мәдени мұралары ғаламдық мыңдаған оқулыққа пара-пар. Демек, оны тың технологиялық тәсілдермен әлем тілдерінде шетелдерге дәріптеу жағы қолға алынса игі.
Елес идеологиядан,радикалдық сотқарлықтан нақтылыққа ұлттық бірегейлікке көшуді жұртшылық қашанда жылы қабылдайды.
Қазақ тілді басылымдарға жан кірді. БАҚ-ның қуатты Үкіметтің құрамында тұруының бір сүт ризығын жаңа бір мәрте көрдік. Әлеуметтік желілерде де қисапсыз үнжариялар сафы жосылды. Мұнда Елбасы ұлттық ақпараттық жобалармен айналысу мүмкіндігін де ұсынды. Билік соншама қадірсіз болса да дауасыз да емес екен. Америка тағылымдамаларында үкіметтің «шәкене» болуы – жіті уағыздалады, басқадан талап етіледі. Ал,өздері теңдессіз күшке еге! Ендеше әлсіз шұлғымпаз Үкімет қайбір күштердің итермелеуімен пайда болса ол,қазаққа қажет пе!? Әсіресе өтпелі сәттен өткелі тұрған өткелдің өліарасындағы елге тіптен тиімсіз.Үкіметтің қауқарлы болуын екі сөзбен жеткізу оңай емес.
Елбасы, билікке бір қолына - «білім» екінші қолына - «ден саулық»-тың тізгінін қатар ұстауды ескертті.Саламатты қазақ - эволюциялық жолдың ең ұрымтал тұсында Әлемдік үздік 100 оқулық арқылы білім кеңістігіне қарай нақты қадам басады.
Бір құдай,екі дүние,үш уақыт,төрткүл әлем,бес құрлыққа паш етілген саяси реформа,экономикалық өрлеу және таяудағы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясындағы Қазақтың алты бағытты геосаяси доктринасы осылай түрен салды.