Халықаралық Түркі академиясы Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік у...
Сұраған Рахметұлы. Ұлы дала: Тәуелсіздіктің жеті қыры - 2 (мақалалар топтамасы)
ЕКІНШІ ҚЫРЫ
Геостратегиядан геоэнергетика жолында...
The mission of our country is to build an independent, prosperous and politically stable Kazakhstan with inherent national unity, social justice and economic well-being for the entire population. N.A.NAZARBAYEV
АҚШ дүние әлемде өз дегенін жасату жолында ештеңеден тартына қоймайды. Себебі ол – супердержавалардың «көкесі». Жаңа технологияларды табу оны айналымға салу, пайдаға жарату жолында жанкештілікпен қимылдайтын алпауыт – Ел. Жаһандану басталысымен жаңа инновация тосын жобасын бүткіл дүниеге жайып жіберген де солар. Сол арқылы адамзат дәуірінде жаңа бөлісулер тіптен жаңа геосаяси ахуалдар орын ала бастады. Әрине арнайы жасалған жалтыр мұз секілді кәсіби үлгіде бұрын, соңды естілмеген американдық «кибер майданы» өрістеп те кетті. (Корей Халық Демократиялық Респубикасындағы вирус – wannarcy malware-ге ұқсас!?) Неолибериализм һәм адамзат дәуірінің шешуші сәті – суперөнеркәсіп төңкерісінің төртінші маусымына келе жатыр – әйтеуір. Қазақ бұл жолдан айналып өте алмайды. Өркениетті елдердің өліспей беріспейтін бәсекесі, супердержавалық сүркейықпал, оның басқаны ықтыра, бұқтыра алатын мәжбүрлі ережелері де АҚШ-пен ғана жария етіледі. Жаһани сыңаржақ ақиқат, тек империялық үстемдікті дәріптеуші жарты шындық келді. Тәуекел! Қуатты мемлекеттік стратегиялар, қуатты әріптестер, қуатты энергетика «жарылысының» жаңа кезеңін кешікпей көретін боламыз. Ендігіде АҚШ, Ресей, Қытай алаңында аса қатерлі «геоойындар» жүріледі. Бұл геосаяси алаң – Азия – Тынық мұхитынан бастап, Үнді – Тынық мұхитаралық шексіз кеңістікті қамтиды. Бұл белдеу – әлемнің жарты шары. Сол тұрғыда Қазақ елі – «бәсекеге қауқарлы болу», заманауи қарқынды индустриалды мемлекетке айналу жолында – Ұлы далалық тұтас философиялық астарлы тұғырлы ұлт жоспарымен жариялануда. Ең дұрысы – ғаламға танылу. Келешекте теңіз мұнай құбырларын бойлай біртіндеп өрбитін жаңа миллитаризмге қарсы қауіпсіздік мәселесі көтерілуі хақ.
«Батыс – Еуропа, Батыс – Қытай дәлізі» тек қана адал әділдік ауанында тиімді интеграция кейіпінде қалыптасады деуге келмейді. Себебі, «екі елі балық, бір елі балықты жұтып...» өрнуі мүмкін эволюциялық талас – тартыстар қатар орын алары даусыз. Қазақстандағы бидай астық, энергия ресурстары жеткілікті. Әсіресе соңғы кезде суыт өсіп келе жатқан мал шаруашылығы әредік белеңдерден көрінетін дағдарыстарды өткізіп жіберуге көмектеседі. Тек ел іргесі тыныш болса! Эконмикалық өсу қарқыны 3-4 пайыз, жалпы қарқын баяу, бытыраңқы. Өкініштісі бұдан қарқындырақ жүруге болар еді, шамалы мүмкіндігіміз жетіспейді. Қазір Қазақ Елінің ЖІӨ мөлшері жан басына шаққанда 8,7 американ долларына дейін ұлғайып келеді. Алайда таяу болашақтағы межеге жету үшін жыл сайын бұл көрсеткіш 7,2 пайызға тұрақты өсіп отыруы керек. Мінеки тағы бір ширек ғасыр өткенде осы көрсеткіш өткенге «өң мен түстей» елестеуі де мүмкін.
Алмас қоры – қазақ алтыны...
Банкілердің күре тамырында қан жүгіртіп тұратын ең қажет монетаризм – алтынға тоқтайды. Ұлттық қор – ұлттық қауіпсіздіктің бір бөлігі. Қазақ қазынасындағы қордың молдығы – ұлттық валютаның түпқазығын тереңдете түсетін фактор. Тәуелсіз елдің экономикасы осыған байлаулы. Экспорт бекемдігі – құйма алтын болса, жергілікті базар – түйме алтынмен өзектестеседі. Әлемдік текетірес бәсекелестікте ең өтімді өнімдер тек осынау саф алтын бағамымен өлшенеді. Алтыны жоқ елдің ғаламдық рейтингіде нешінші орынға жайғасатыны беймәлім. Ұлттық банкде сақталатын құйма алтындар қанша саламақты болса соған орай сол елдің экономикалық әлеуеті көбіксіз сақталады.
Қазақтың ұлттық валютасы теңгенің тәлтіректеп барып тұрақтануын осыған қарап байқаймыз. Әйтпегенде бір күшті жөйіттің құр мекіреніп сүйемелдеуімен ұлттық теңге қаз тұра алмайды. Банклердің көтерем болуы, қауқарсыздануы алтын саясатына мән берілмеуден. Әлемдегі алпауыт – Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей қатарлы алтыны көп елдердің түрлі құлдыраулары орын алған кезеңдері аз болмаған. Бұл елдерде дағдарысқа төтенше берік төтеп беретін мықты саясаты, мығым алтыны болғанын мысалға алсақ жетеді. Қазақстан өңірлерінде алтын және сирек металдар қоры өте лайсаң. Мол дегеніміз – бар байлық таусылмайды деген сөз емес. Байлық (алтын) біреудің бағына, біреудің сорына бітеді. Оны осы күнгі ғаламдық алпауыттар сәт сайын есепке алады. Қазақтың алтын кәсібінің жылдам өзгеріп, күшейіп кетуінен шамалы елдер барынша сескенеді. Сонда мінеки кең байтақ Қазақтың байлығы әлемде әжептәуір орынға келе жатқанын байқауға болады.
«Қазақ алтын» мегажобасы төңірегінде жасалып жатқан бірқыдыру шаруалар сарапталмайды. Қазақ тілінде тіптен айтылмайды, ақпараттар тапшы. Әлемде жағырафиялық кеңістік ауқымында жер қойнауларындағы кентас пен алтынды басқарудың құрылымы, үлгісі көп. Ғылым мен технологиялық игіліктер мен геологиялық барлау істері түгелдей ұлттық қауіпсіздік аясында қаралуы, баршаға дұрыс түсіндірілуі керек. «Каз золото» мен «Қаз алтын» арасындағы саясатта біршама түсініксіз жағдаяттар мен өзгешеліктер бары рас секілді. Егер ұлттық байлық жағындағы ақпарат жариялылығы бойынша дұрыс жүйелі өлшенсе – Қазақстан таяу болашақта Ресейден де биік орында тұруы тиіс. Ал, түстіметал технологиясын жөнге келтіруге арналған кен – химия кәсібінің түптағаны – таза қазақтық ниет, әлеми озық тәсілмен «таза пайда» әкелетін болады. Бағалы қазбалар, түстіметалдар түрлерінің үні алысқа кеткенімен оның жүйелік құрылымы Қазақстанда дұрыс жолда емес. Барлау, зерттеу, пайдалану, дайындау істеріне жекелік сипаттағы орындарды тарту жағы мардымсыз.
Кезінде Кеңестік қалтаға құйылатын байлық орындары әлі де басқаның құзырында деп ойлайтындар да солай болуды қалайтындар, оған тілектестер де бар?! Қазақстанда барлаудан өткен, өтпеген алтын кеніші 1800-ге жетеді. Солардың 130 шамасындағы барлаудан өткен кеніштер бүгінгі экономиканың түптірегі. Әлемдік нарықта мыс, көмір, алтын мен теміртас рудаларының құны өз кезегінде ырғалымда тұра береді. Соның ішінде алтынның бағамы теңгеден гөрі американ долларына қарай ауытқып, соған ғана септігін тигізетін жағдайлар да ауық – ауық кездесуі мүмкін. Түстіметал немесе мыстың сұранысы таяу мерзімде әлемдік деңгейде өте суыт «ысып» кетуі де мүмкін. Кей сәттерде бір тонна мыстың (өңделген) құны 10 мың долларға дейін баратыны секілді. Оның өзіндік себебі – күн сайын өсіп келе жатқан электр қуатымен жүретін мәшинелердің баламалы энергиялық құрылғылар сұранысының арта түсуінен. Дүниежүзінде мысқа сұраныс көп, онымен бірге мыс пен мырышты мол өндіруге де біршама елдер иек артады. Мыстың ең көп айналымға енген кезеңі ХХ ғасырдың басқы ширегі. Соңғы жиырма жылда да әлем елдері 12-24 млн тоннаға дейін мыс өндірді. Латын Америкасы елдері – әсіресе Чилиде жылына 5.7 млн тонна мыс өндіріледі. Әлемдік мыс қорының 30-ға жуық пайызы осы Чилиде. Чилиді Пиночеттің мықтылығы емес мысының құны құтқарып жүр. Бұл елдегі байлық мөлшері Азия елдеріндегі мыс өндірісіне тақау, Еуропа, Америка, Африка елдерінен шамалы артық. Чили, Қытай, Жапония, АҚШ-тағы мыс өндіріс мөлшеріне таңдануға да, таңданбауға да болады. Чилидегі «Коделко» мыс өндіру компаниясы әлем назарын аударғалы қашан!?
Үндістан егелігіндегі мыс – мырыш кеніші «Чукикамата» (мырыш кені деген мағынада – РС) жылына 600 тонна мыс өндірмек?! Саяси – эконмикалық бәсекелестік аясындаға алпауытардың аяқ алысынан кейін таяу көршілес елдердің қобалжулары да біліне бастауда. Себебі, Қазақстан болса жасанды ТМД –дан тым өзгешелеу. Қош.
Қорқатын ештеңе жоқ, әрине. «Қазақмыс»-та жылына 146 мың тонна мыс өндіреді. Балқашта мыс – мырыш күрделі концентраттарды балқыту, ұсату, өңдеу автогенді балқыту тәсілдерін әлемдік деңгейдегі технологиялық үлгімен атқара бастады. Мәселе тек ғана оны дұрыс экспорттау ғана. ЖІӨ-ге пайдасы мен игілігін келтіру жағына биік тарапты жіті көңіл бөлсе ғана іс оңға басады. Әлемдік деңгейде мыс балқыту, ең таза өнім шығару технологиясын игеру жолында біршама озық тәжірибелер жарияланған. Бастысы – пайда. Бүгінгі жарық жаһандүниенің жартысына жуығы иличтің шамынсыз қараңғы – қапаста өмір сүреді. Түстіктегі үнділер, қазіргі ұлы Қытай түбектерінің шеткері жағы, Индонезияның Сухартосынан да қалған иен аралдары т.б көптеген елді-мекендер электрге мұқтаж. Жержиһандағы жарты миллиярд жадау тұрғындар жуық болашақта жаппай электрмен қанымдалуы керек екен! Сол зәру сұраныстарға қат тауар әзірлеуге көп елдер қам жасайды. Қазақ елінің де әлемдік базарға шығу қарекетіне жол ашық. Оған тілектес елдер де, ерекше қызғанатындар да табылады. Байтақ даласы кенді Алтайдан Атасуға дейінгі кең алқабы байырғы қазақ кен – байлықтан құралақан емес, тіпті ересен қымбат кентастарға еге екенін өте көп – көп бәсекелестері біледі, әрі оны зерттеп айналсоқтап көріп те жүр. Ежелгі ұлтымыз – туған балаларына «ақболат», «теміртас», «бозқұрыш», «ақық» «гауһар», «алтын», «күміс» деген есімдерді бекер бермесе керек.
«Қазақмыс» корпорациясы құрамында 70-ке тарта кәсіпорындардың басын қосқан Қазақстандағы ең ірі тау кен-металлургия кәсіпорны. Кәсіпорын басшылары 2017 жылы өз жұмыскерлерінің талап – тілегімен ептеп санасты. Сол арқылы халықаралық деңгейде беделі де өсіп келеді. Шынында Қазақтың байтақ даласындағы байқалған, барланған кен орындарының бәрін толық игеру мүмкіндігі туа қойған жоқ.
Егер әлемдік деңгейдегі таза мыс-мырыш өндіру технологияларын дұрыс игеріп, сәтті жасаса – тек Шығыс Жезқазған мен Жаманайбат қатарлы жүздеген кеніштердің әрқайсысы жылына 3-4 млн тонна таза мыс өндіретін мүмкіндікке ие бола алады. Осынау стратегиялық аса маңызды кен орындары мен қуатты энергетикалық ірі нысандардан келетін игіліктер қазір де «тақияға тар келмейді». Лондон метал биржасында мыстың бағасы 6600 доллардан асып келеді.
Теміртас...
Қазақстан никельге де аса бай. Осынау бағалы зат, қат элементтің игілігін көру өз алдына бір ірі мегажобаның еншісінде. Өткен жылға дейін никельдің ғаламдық бағасы аспандай түскен. Бастапқы һәм жетекші елдерде жылына қанша тонна никель байытылатыны туралы ақпараттар баршылық. Бірақ, салыстырмалы нәті шамалы. Ресейдің «Норильский никель» компаниясы шикізатына қазір әлемде балама жоқ дейді!? Бірақ, Қазақ жеріндегі кобальт, никель қоры да аз емес қой!?
Мысалы, Мұғалжар мен Кемпірсайдағы кен орындарының қор мөлшері қандай?! Енді мінеки кобальт (cobalt) пен палладий (palladium) аталатын аса сирек кездесетін металдардың да құны арта түсті. Әсіресе кобальт ультрамикроэлементі өте сирек әрі құнды. Келешекте Қазақ елінде ғарышты игеруге қатысты жоба, жабдықтар, түрлі технологиялы автокөліктер өндірісіне өте қажет элементті ешкімнен сұрамай қазып ал да жасай беруге болады. Жаңа технологиялы қолданысқа енді ене бастаған электр қуатымен жүретін мәшинелер, баламалы қуат көзі сондай-ақ тұрмыстық микрозаттардың шикізаты осы кобальт, палладий. Соңғы кезде бірсыпыра транс ұлттық компаниялар бұл өнімді кең қолдануға құштар. Үстіміздегі жылы әлемде электр қуатымен жүретін 200 мыңға жуық көліктер сатуға берілген – ді. Осы тақілеттес өндіріспен айналысатын ірі компаниялар Қазақстаннан кобальт т.б шикізаттарды мол мөлшерде сатып алуды көздейді. Ал, енді осы бағалы палладий элементі – Ресей мен Оңтүстік Африка елдері өңірлерінде мол кездеседі. Демек, Қазақтың түстігіндегі үлкен, кіші Қоңырат өңірлерінде әлі ешкім тереңдеп, долбарлап бара алмаған қорлар барын айта кету ләзім.
Палладий элементі – астеройдтың қоспасында (ingredient) құрамдас. Аталмыш өңірлерден өзге жерлерден де белгілі мөлшерде табылады. Енді ғалымдар таяу болашақта жақын галактикалардан да ерекше металдар табылатын түрі бар деп дәлелдейді. Қазақтың ғарышты игеруіндегі бір мүмкіндігі осы секілді игіліктерге жету. Палладийдің дені соғы замандық автокөліктер мен электр өнімдеріне денсаулық, жаңа технология, химия салаларына тіптен сәнді әшекей бұйымдарына дейін қажет және азық-түлікке де пайдаланылады.
Қош! Басқаны мақтауға келгенде жайлақ мадақты артығымен орындаймыз! Алайда осы байлықтарды сатып алушы ірі – ірі елдерді білеміз бе!? Бірер ғана мысал келтірейік. Иә, Жәйремдегі, Зерияндағы кентастар, Балқаш пен Жазкент өнімдерін – немістер сұрыптайды, ал, катодты мысты – «Самсунг», сапалы титанды – Канада сатып алады. Тіптен Қазақ таза қорғасыны Лондон биржасында зор сұранысқа ие. Қазақ түстіметалдары АҚШ, Жапония, Германия қатарлы дамысты елдердің көмейін бүлкілдетіп отыр.
Қазақстандағы жалпы шамамен екі-үш млрд тонна көмір қоры сақталуда. Көмір сұранысы әлемде Қытай мен Үндістанда сәл көбірек. Қытайдан Оңтүстік Корейге шығаратын көмір мөлшерін тежемей отыр. Демек, кокстік көмір өндіретін Жунгоның Шаньси өлкесіндегі шахталарда төтенше жағдайлардың пайда болуы – Қазақ елінің көмір экспортына жақсы мүмкіндік әкелуі сөзсіз.
Жунго таяу жылдарда «ауа ластануын тазарту мақсатында» өзінің көмір шахталары мен құрыш құю өндірістерін сәл – пәл тежеуі мүмкін!? Тіпті «ауаның ластануын тазарту» жай ғана «бет перде» болуы да ықтимал?! Әлемде қазір теміркен өнімінің бағасы ең төтенгі деңгейде. Ендеше қытайға теңіз айлағымен құйылатын Австралияның сапалы көмірінің де құны құлдырайды. Осы заманауи ақылды қауқарлы Қытай әлемдік кокстік көмірдің жартысына жуығын өзі өндіре алатын халге жеткен. Бірақ, Қытайдың кокстік көмірінің сапасы айтарлықтай емес. Аса тереңнен алатындықтан шығыны да орасан. Бұлар ендігі кезекте не істейді!? «Батыс Қытай, батыс Еуропа дәлізі» арқылы Қазақстаннан кокстік көмірін тегін алуға ашық көз алайта ала ма? Байлық тұрған жерде ұрлық, қарлық, арандату, ереуілдету, лаңкестік «пиарлары» да қабат жүріледі.
Үшқатынның бариті, Ақтөбенің хромы, Еуропаны елеңдеткен Қаратаудың сары фосфоры, Қарамұрынның ураны, Үлбінің бериллиті (berillite), Азиядағы бірінші орында тұрған молибден қорын қараңыз. Осының бәрін ойласаң – бүкілқазақтық мұнай, газ, көмір, теміркен, мыс-мырыш, қорғасын, алтын, никель, күміс, фосфор, барит, кобальт тұнып тұрған байлық. Осы байлыққа қарай келешекте анталайтындар да табылады.
Сол үшін тағы да айтам, Қазақстандағы ядролық кешенді қауіпсіздік тұрғысында қайтадан көтеру тура. Қазақ жерінің он шақты өлкесінде жүзден астам уран кені анықталып отыр. Бірнеше ел бірігіп бір елдің тілеуін тілеп, қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды. Ондай қауіпсіздікке кепілдік беретін «жынды» империяны түсіңде де көрмейсің. Сол үшін қорғаныс саласына бөлінетін қаржының көп бөлігін ядролық қару-жарақты қайта жандандыруға бөлсе. Қазақ мемлекеті тек өз қауіпсіздігіне, оның игілігіне қарай қайта жарақтанудың еш шамдығы жоқ.Орталық Азия деп жағырафиялық жағынан алсақ – Қытай, Ресей, Иран, Ауғанстан, Қазақстан, Пәкістан, Үндістан. Осылардың төртеуі ядролық қару – жараққа еге. Қазақстанмен Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдері ежелден келе жатқан шекаралас ағайын.
Мұндағы түйткілді мәселе – ҚРҰлттық банкінің (ҚРҰБ) саясатының тәңіри хаһи болуы, тек қана қазаққа қызмет етуі, іште қазақша сөйлеуі, инфляцияны ұтымды басқаруы, тұрақты ақша саясатын жасауы, болашақта тап болуы мүмкін кілтеңдерден (риск) алдын ала сақтану, жауапты тәуелсіз іс – әрекет жүргізуіне қатысты болып отыр. Кейбір халықаралық қорлар және «өкіл» банкілердің тысқы саяси салауаты мен ішкі несие төлемдерінің салмағы экономиканы мүгедек күйге жетелеп келеді. Макродеңгейдегі тұрақтылық, айырбас (коммерциялық) банкілердің ұтымды үстемдігін қиюластырудың кезегі – Ұлттық банкде немесе келер игіліктердің дені өз іргемізде тиіп тұр. Қазақстан алтыны Ұлттық банкге құйылар сәттің бәрінде әділ бақылаулар қажет. Ұлттық банк, «Самұрық – қазына» сау – саламат болса бүткіл экономика да сауыға алады.
«Каспийдің толқыны соғады жағаға...»
АҚШ-тың Орталық Азия – Каспий – Кавказ аймағына деген көзқарасы тым ертеден ояна бастағандай. Әсіресе американдық дипломатиялық елшіліктер қауырт қимылға келгені сонша – Қазақтың саяси-экономикалық реформаларының үстемдігіне ықпал етуді көздеп келді. Нысанасы – Каспий энергоресурсын айналымға салуға, оның бәсекелестікке келуіне баса назарда ұстау еді. Осылайшы Орталық Азия яғни Қазақстандағы мұнайға АҚШ өз компанияларының жан-жақты белсенділігін оята түсті. Каспийдің баламасыз байлығына ұмтылған кәсіпкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету американдықтардың мақсат, мүддесіне сәйкес болғасын ғана іс оңала жөнелді. Қай жерде экономикалық мүдде болса АҚШ саясаты соған қарай икемделетіні жасырын емес. Себебі, біз тілге тиек еткен Орта Азия аймағы яғни Каспийдегі жалпы құны 4 триллион долларға тең келетін 27 млрд тонна мұнай қорына қарай шамасы – 200-ге жуық американдық компаниялар ентелей келе бастаған. Олардың мүддесін қанағатты орындау арқылы елдік, ұлттық мүддені ұстану жолы да қатаң қарастырылады. Қазақ мемлекеті осы тұста аса ұқыпты және сондай сындарлы саясатты ұстана білді де.
Әрине Ресей, Әзербайжан секілді Каспий жағалауынан «шабақ сыпыратын» шағала елдердің өзара қарым – қатынас түрені түзу ұшты, істағандары берік орнады. Сұйық алтынға деген көзқарас АҚШ пен Иран арасындағы эмбарго саяси, экономикалық мүддені де қозғай түскен-ді. Мұнай, газ, тіпті қара уілдірікке дейін тоғытылған қарт Каспий осынау алпауыттардың қай-қайсысына да «үнсіз толқынымен» жауап бергендей баяғысынша барақат жата берген. Бұдан кейінгісі Қазақ елі үшін Ричард Бахтың «Жонатан Ливгинстон есімді шағала»- сы секілді бейуақыт – кеңістік аясындағыдай жылдам өрбіді.
Содан кейін тіпті 1730 шақырымға 30-35 млн тонна мұнай айдайтын «Баку-Жейхан» мұнай құбыры Түркия, Әзербайжан, Грузия, Қазақстан, Өзбекстан президенттерінің қол қоюымен АҚШ-ныңда қолдауын тапқан-ды.
АҚШ болса Қазақстан арқылы Каспий мұнайына қарай оралу үшін барын салды. Осы ұласпалы саясат сонау 2000 жылы Қазақстанға ресми сапар жасаған АҚШ-ның мемлекеттік хатшысы Мадлен Олбрайттың кезінен бастап бетбұрыс аңысы айқын болғанын білеміз. Мадлен Олбрайттың қазір де тек тарихта қалған сол ресми сапары аса тағылымды еді. Айталық, баяғыдан Вашингтоншыл өзбектер де, АҚШ-тың осы аймақтағы екінші стратегиялық әріптесі болған қырғыздар да өз – өз позициясында қалған. Каспий аймағы Қазақстанның пайдасына шешілген. Осындай тарихи кезеңді ұмытуға болмайтындай. Каспий мұнайы Жерорта теңізі арқылы әлемдік базарға жол тартқан-ды. Мінеки 60 жылға ғұмыры жалғасатын құбырдың бір ұшы – Еуропаға осылай жетіпті. Мұнайдың баррелі 40 долларға құлдырағанымен қазір 60-64 доллар арасында ырғалып тұр. Таяу ширекке дейін 3-4 есе өсуі мүмкін!?
АҚШ-тың геосаяси есеп-қисабы қашан да 100 пайыздық дәлдікпен жүзеге асады деу қиын. Демек тек қана Каспий аймағы емес басқа да пайдалы байлықтарды көздейтіндер әлі де бар. Осылардың бәр қимылын бақылап байыптап отырған «Enery information Adminustration»-ның саясаты алысты болжаған. Алайда осы аралықта тек мұнайдан келетін қаржы мен мұнайдың белгілі бір бөлігі оффшорлық аймақтарға да қарай кетіп қалатыны жөнінде хабарлар сол тараптан ескертілген болуы да мүмкін. Жуықта ғана ҚР Парламенті Кеден және салық жүйесін қайта құрды да шағын, орта өндірістерді ынталандыратын реформа қадамын жасай алды. Бұдан соң «көлеңкелі» экономика құрдымға кетірмесе де баяғы қыруар ұрлық ептеп құрықталатын түрі бар. Құдай берген Тәуелсіздікті мұнайы мен сақтап қалуға қарпайым таза қанды қазақтар ғана шырылдап жүрер-ді.
Демек, өтіп бара жатқан өларалық өтпелі әп – сәтте өз қарақан басын күйіттеп байып үлгерген ұлтсыз, тексіз ұрылар саны да арта түскені сөзсіз. Бұл енді Ұлттық қауіпсіздікке келтірілер орны толмас зиянның көкесі осы! Қазақстанның миллиярдтаған долларынан селбесіп ұрласуға мұрындық болатын оффшоршыл ресми ұрылар батыста да, шығыста да бықып жүрді. Мұнайлы өлкелердегі жасанды дау – дамай, кейбір әдейі тұтандырған өртті үрлеушілер тобы алыстан келетін кесел. Құдай дес бергенде өткен шақтарда одан айтарлықтай қатер бола қоймады. Егер олай болған болса ол – ұлы Тәуелсіздік жолында жанын құрбандыққа байлайтындар тек қазақтар ғана болады. Өткен жылы шетте бұғатталған қаржы анау – мынау мәселелері «құлақтан тепкендей» естілген. Оған сабырлы болу керек шығар. Қайырсыз, иесіз шығын деген түсінік болмаса керек. Бүгінгі Қазақ тек Каспийді ғана жағалап «шабақ сыпыратын» үйреншікті ғадетінен мүлдем басқа уақыт – кеңістікке қарай бет алғалы тұр.
Жалғасы
ҮШІНШІ ҚЫРЫ
Допамин деген...