Серік Елікбай. Шайтан мен шайыр (Сағыл әңгіме)

ӘДЕБИЕТ
1844
Серік ЕлікбайСерік ЕлікбайОл өте талантты еді... Өмірді сүйіп жыр жазды! Жастай жетім қалған бозбала ренжіп, бүгіліп, өкініп көрген емес!
Жарқырап жанған көздері Жаратқанға жасаурамай қарайтын.
Ән салып жүретін.
Жыр жазып жүретін.
Әлдекімге көмектесіп бара жатады...
Әлдекімге көмектесіп келе жатады...

Сол түні, бір топ ақын жігіттер дуылдап бас қосты!
Бұны ортаға алған.
Ішсеңші,-деген.
Бұл іше алмаймын,- деп еді.
Туысы көп, жазушылар одағында "мықты" ағасы бар көркөкірек жігіт-қасына бір қызды ертіп келіпті...
Есірік неме қасында нәзік жан бар деген сезімнен ада-қысылусыз, қамсыз ауызбен боқтықты езіп құсады...
Үркек серігі, бота көз бала-ұялып алаулайды...
Түн ауа қыз "қайтамын" деді.
- Кете бер,-деген сенгені...
- Дұрыс емес ғой,-деді бұл...
- Емешегің езіліп тұрса,бар шығарып сал...
Бойы шағын бойжеткен бұған басында тосаң қарағанымен, келе шешіле әңгімелесіп кетті...
- Сіз, неге Алматыға кетіп қалмайсыз...
- Маған осы қала ұнайды.
- Алматыда жыр сүйер қауым бар ғой...
- Алматы да осы... Мен кімге керекпін?
- "Қара түнде мына өмірмен қоштастым" ...делінер өлеңіңіз керемет!
- Рахмет!
- Сізді, сізді бәрі жаман адам дейді...
- Иә, жаман дейтінін білемін...
Найзағай шатырлап жарқылдады. Бөтен қыз жабысып қысылды-кеудесіне.
- Кіріңіз, құрбы қыздармен ғана тұрамын. Шай ішіңіз...
- Рахмет!
Сағат екі болыпты, пәтерге қала ортасындағы орыс зираты ішімен тартты...
Үзеңгісі суық үрей-аяғын шідерлей береді.
Найзағай аспанды жырта жарылды...
Өн бойы жарқ етіп күйе ысыды.
Есін жиса, қарсы алдында қап-қара түнерген әлдекім отыр...
- Кімсің...
Бұл түк айта алмады.
- Сендер мені құртқан, - деді Ол.
Жылады.
- Сөйле!
Не айтпақ?
- Өлең оқып берейін!
- Оқы!
...Өлең оқып өлем мен..
Өлерімнің алдында!
Ақ қағазға жазып кетем
Арызымды тағдырға...

Жалғыз молам басында,
Қазақ тілі тұрады!
Сонда болар
Әңкүр-мүңкір сұрағы...
- Тоқта, көңілді бірдемеңді оқышы!
- Бәрі өтеді!
Шыңғысханның қаһарындай таусылып..
Ар өтеді...
Арсыз күнін қаусырып...
Қазақ ғана қалады!
Аққан жасын іркіп-ап.
Кеудесінен жусан исі бұрқырап!
Шырқау көкте атқан оғы шырқырап...
- Ақынбысың?
- Білмеймін...
- Батырмысың?
- Жоқ!
- Ал, сіз кімсіз...
- Мен адамзат адасса, алып шығамын деп келіп ем! Мен адамзат қарайса, ағартамын деп едім... Мен адамның ақ туы болсам деп ем, айдынындағы аққуы болсам деп ем...
Жоқ, олар менен асты! Арсыздықтан да, алдаудан да...
...Бұл жұбатпаққа қол созған-саусақтары отқа тигендей тыз етті...
- Өлең оқышы!
- ...Өлең оқы, қас үйінде дос үшін!...
Ұзақ өлеңдерін оқыды, сағаттар тоқтап қалған секілді!
Қаралы жанды бауырына тартты...
Күйіп барады!
Жанып барады!
Шыдау керек, ол үшін...
Жұрт үшін...
Таң атты.
...Қала зираты ортасында жас шайырдың мәйіті жатты. Қасындағы перизат жүзді періште оған қарап, өксіп жылауда екен!
Найзағай түскен денесі қара қошқылданып кетіпті...
Ақынды көмген күні жаңбыр ұзақ жауды...
Достары сол күні мас болып кеткенін айтты тергеушіге...
Полиция ғимараты үстінде аппақ періште отырды, оң бетіне қара дақ түсіп қапты...

Шоу-бизнес

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жылдық әннің әуезімен әуежай алдында биледі, деп хабарлады madenipo...

Жаңалықтар

Жетісу облысында Алакөл аудандық сотымен Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығ...