Перизат Қайрат пара үстел теннисі федерациясының президенті қызметінен қуылғаны туралы мәлімет тарад...
Намысшыл азаматтардың челленджі елді елең еткізді
Соңғы кездері алыс-жақын шетелде елімізге, жерімізге қатысты теріс пікірлер айтылып жатыр. Оған қарапайым халық түрлі бастамалармен жауап беруде.
Атап айтар болса, еліміздің солтстік өңірлерін жайлаған ауыл тұрғындары бұған шығармашылық тұрғысынан келіп, «Менің Туым! Менің Отаным! » атты челлендж бастады.
Аталмыш челлендж Тәуелсіздік күні құрметіне орайластырылып, Бурабай ауданының Мәдениет ауылынан басталды. «Қазақтың намысын оятуға» бағытталған бұл істің бастауында тұрған азаматтар атқа қонып, ту ұстап, челендждің бейнеролигін 14 желтоқсан күні әлеуметтік желілерде.
Жергілікті әкімшіліктің айтуынша, олардың бұл бастамаға еш қатысы жоқ. Бұл - ауыл азаматтарының өз идеясы екен.
Челлендж аясында түсірілген бейнероликтер Whats App мобильдік қосымшасы арқылы да таралып, вирустық сипатқа ие болды. Нәтижесінде эстафеталық түрде ауылдан ауылға өтіп, челлендждің аяқталғаны хабарланғанымен, теріскейдің басқа өңірлерінде де жалғасын тауып жатыр.
Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар ауылдары челленджге атсалысып үлгерді, жалғастырамыз деп отырғандары да жетерлік.
Нзарларыңызға Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Андықожа батыр ауылының тұрғындары түсірген бейнероликті ұсынамыз.