Кітап көрмесі: Беларусь астанасы төрінде Қазақстан павильоны

КІТАПХАНА
2190

Беларусь астанасында «Барша адамзатты біріктіруші құрал – кітап» атты ХXVІІІ Минск халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Аталмыш шара 18-21 ақпан аралығына жоспарланған және оның аясында Қазақстан павильоны ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның Беларусь еліндегі елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бапасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, аталмыш шараны Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапхана ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы елшілігімен бірлесіп ұйымастырды. «2021 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылғанына 30 жыл толады. Беларусь Республикасы – осы жылы ТМД-ға төрағалық етуші мемлекет. Сол себепті, ХVІІІ Минск халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінің Орталық экспоненті - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын жариялауға бастама болды»,-делінген хабарламада.

Орталық экспонент – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы – Беларусь ұлттық алаңын құру тұжырымдамасын алдын ала анықтады. Ал, көрменің ұранын - «Барша адамзатты біріктіруші құрал – кітап» деп қабылдады. Аталмыш көрмеде Қазақстандық делегацияны Нұр-сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, Қазақстанның өңірлік кітапханалары жеке экспозициялық алаңда қазақ әдебиеті мен мәдениетін насихаттайды.

Көрмеде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығы, еліміздің мерейтойына арналып жазылған кітаптар, ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев, тарихи және мұрағаттық құжаттар, заманауи басылымдар, сондай-ақ, 2021 жылдағы мерейтойлық авторлардың кітаптары – Ыбырай Алтынсарин, Жамбыл Жабаев, Мұқағали Мақатаев және басқа да авторлардың қазақ халқының әдебиетін әр қырынан ашатын кітаптары қойылады.

«Елдік экспозиция Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған және бірқатар қазақстандық ұйымдардың күшімен дайыналды. Стендтің қалыптасуына ҚР Кітап палатасы мен Қазақстан Жазушылар Одағы ықпал етті», - деп хабарлады Қазақстанның Беларусь Республикасындағы елшілігі.

Атап айтсақ, Қазақстан делегациясын Нұр-сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасының басшысы Үмітхан Мұңалбаева басқарады. Көрме аясында Қазақстанның негізгі экспозициясының, ел өңірлерінде шығарылатын кітап өнімдерінің, қазіргі заманның айтулы фолианттары мен әдеби жобалардың тұсаукесері өтті.

madeniportal.kz

Шоу-бизнес

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жылдық әннің әуезімен әуежай алдында биледі, деп хабарлады madenipo...

Жаңалықтар

Жетісу облысында Алакөл аудандық сотымен Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығ...