Олимпиадада алтын алған Иман Хелиф Илон Маск пен Трампты сотқа берді

Фото: thevoicemag.ru

Жаңалықтар
407

Париж Олимпиадасының бокстан чемпионы, алжирлік спортшы Иман Хелиф өзіне қатысты кибербуллинг жасаған танымал тұлғалардың үстінен сотқа арыз берді, деп хабарлайды madeniportal.kz Alash.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Боксшы жазушы Джоан Роулинг, Х әлеуметтік желісінің иесі Илон Маск және АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамптың үстінен шағым түсірген.

Аталған тұлғалар әлеуметтік желіде Иман Хелифпен жұдырықтасқан италиялық Анджела Каринидің сайыстан бас тартқанын жарыса жазып, боксшы қыздың жынысына қатысты тақырыпты қызу талқылады. Спортшының қорғаушысы «олар боксшының атына кір келтірді» деп айыптап отыр.

Иман Хелиф Париж олимпиадасының чемпионы атанған соң өзінің ерекше қабілетке ие әйел екенін мәлімдеген еді.

«Мен ерекше қабілетке ие мықты әйелмін. Шабуыл мен зұлымдық кампаниясының нысанына айналдым. Бұл менің соларға ең сәтті жауабым болды. Жауап қай кезде де шаршы алаңда болады. Менің турнирге қатысуға толық құқым бар. Себебі өзгелер сияқты мен де әйелмін. Мен әйелмін, әйел секілді өмір сүрдім, әйел ретінде жарысқа түстім. Бұл шабуылдардың бәрі менің табысыма ерекше әр береді», - деді Иман Хелиф.

Спорт

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионатының жартылай финалына ш...

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...