Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело"...
Йоко Оно мен Джон Леннон
Джон Леннон мен Йоко Ононың махаббат хикаясы ел аузында әлі күнге дейін эпикалық әңгіме ретінде айтылатынын жоққа шығаруға болмайды. Бірге болған жылдарында отбасы мүшелері мен бейтаныс адамдардан, тіпті достарынан да махаббаттары үшін сөз естігендері де рас.
Джон мен Йоко 1966 жылдың қарашасында Лондон галереясында кездесті. Йоко көрмеге дайындалып жатқан болатын. Тәжірибе жасауды ұнататын, ерекше әзіл-қалжыңмен танылған эксцентрлік жапон-америкалық суретші Леннонға бірден әсер етті. Ең қызығы, олар танысқан кезде Йоко Джонның кім екенін білмейтін. Тіпті оның даңқына да таңданбады, Ал Джон болса атақты The Beatles тобының супер жұлдызы болатын.
Олардың қарым-қатынасы тез өрбіді. Йоко Джоннан алдағы болатын өнер шоуларының бірін қаржыландыруды өтінеді. Джон Йоконы әйелі демалыста болған кезде музыка жазу үшін үйіне шақыратын. Тіпті Синтия Грецияда болған кезде, Оно екеуі эксперименттер альбомын жазды. Дәл осы альбом аяқталғаннан кейін олардың романтикалық қарым-қатынасы толығымен бекіген еді. Джон The Rolling Stone:-ға берген сұхбатында Йоко екеуінің махаббаты жайлы былай деп жазады: «Two Virgins-ты бастағанымызда түннің бір уағы болатын. Ал аяқтағанда таң атып үлгерді. Таң шапағымен таласа біз Йокомен бірге болдық. Бұл сондай сұлу еді...»
Ақыры Леннон әйелімен ажырасып тынады. Ал Йоко көп ұзамай жүкті болады, бірақ бұл қуаныш көпке созылмайды, Йоко құрсағындағы нәрестесін түсіріп алады. Танысқандарынан үш жылдай уақыт өткен соң, қос ғашық 1969 жылы 20 наурызда некелерін заңдастырады.
Джон Леннон мен Йоко Ононың махаббаттары елден ерекше еді. Олар бір сәтке де бір-бірімен көз жазбайтын. Джон Йокоға деген махаббатын Don’t Let Me Down әнінен The Ballad Of John and Yoko әндеріне дейін жеткізумен болды.
Джон мен Йоко бірге бірнеше альбом жасады, көптеген фильмдер, көркем туындылар және пьесалар жазды. Бір-бірінің шығармашылығына ықпал ете отырып, олар бірге студияларда неше түрлі модерндік сарында эксперименттер жасады, бейнежазбалар түсірді, тіпті сахнада бірге өнер көрсетті. Қызығы, Джонның мұндай әрекеті аты әлемге әйгілі The Beatles тобының мүшелері арасында дау туғызды.
Йоко мен Джонның үйлену тойынан бір жыл өткен соң, The Beatles тобының тарағаны туралы жаңалық әлемді дүр сілкіндірді. Ал осы бір оқиғаға топтың жанкүйерлері Джонның ғашығы, Йоконы кінәлады. Шындығында, 1970 жылы топтың менеджері Брайан Эпштейн қайтыс болды, оның өлімі топ мүшелері үшін соққы болған еді. Тіпті бұл жоғалту олардың арасында шиеленіске ұласады. Ақыр аяғы топ мүшелері таралып тынады.
1973 жылға қарай Йоко Джонға ара-қатынастарында үзіліс жасау керегін айтады. Ол Нью-Йоркке кетті, ал Леннон Йоконың көмекшісі Мэй Пангпен қарым-қатынас орнатты. Джооның Ономен татуласқанға дейін бір жарым жылдай уақыт өтті. Джон мен Йоко 1975 жылы қайта қауышты, ал сол жылы Оно Джонның туған күнінде Шон Леннон атты ұлдары дүниеге келді.
Осылайша Оно мен Леннон бірнеше түрлі жобаларда, соның ішінде музыкада бірлескен жұмыстарын жалғастыра берді. Олар Джонның 1980 жылы қайғылы өліміне дейін 11 жыл бойы бір шаңырақ астында күн кешті. Өкініштісі Йоко Джонның қазанынан екі ай өтпей басқа бір кісімен тұрмыс құрды. Ал бұл басқа тарихи оқиға...
Уэйда Фрэнк