Сағадиев министр болып келе сала "Қазақ әдебиеті" оқулығын оқу орындарынан құртпақ болғанд...
Нұрлан Әбдікәрім. Таразда қазір қай мезгіл өзі?
2157
Нұрлан ӘБДІКӘРІМ – 1997 жылы 28-сәуірде Өзбекстан Республикасы Зафарабад калашығында дүниеге келген. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік:Еркіндігім.Қасиеттім.Қастерлім.» атты шығармашылық байқауының «Үздік проза» аталымы бойынша 2-орын иегері. Факультет аралық Фариза Оңғарсынова оқуларының «Фаризаға арнау» аталымы бойынша 1 орын иегері. Өлең, әңгімелері облыстық газеттерге, «Тында дала үнімді», «Жас жүрек», Жастықтың оты – жасын жыр», «Көк бөрі – ұраным, айбыным» атты жас қаламгерлердің жыр жинақтарына басылып шыққан.
*** -Таразға көктем келмейтін болды -Келмейтін болды ол, неге? -Келетін уақыты келгені кашан?! Кетпеген әлем гүлдене. Аяз жүр әлі шымшыма кылық Суықтығымен сыр бере. Тараздан қыстың кеткені қашан?! Жауып тұр кар ма, бірдеңе...! Адамдар қарды сүймейтін болды! -Сүймейтін болды, не үшін? -Қара жер менен солай болыпты Бүгінгі күнгі келісім. -«Жер үсті күнді сағынған», - дейді?! -«Сағынған»,- дейді, естідім. «Сондықтан қара жамылған», - дейді. ...Бәрі де бәлкім кеш бүгін. Күлімдеп күн де шыкпайтын болды! -Шыкпайтын болды, ол неге? -Қалың мұң болып, жер жасырып Төніп тұр бұлт па, бірдеңе...! -...Көктем уакыты. Алапат аяз. Беймәлім осы күндері. Таразда қазір қай мезгіл өзі? -Білмеймін оны. Білгенім - Таразға көктем келмейтін болды! -Келмейтін болды о, неге? Келгені қыс та, көктем де емес Бесінші мезгіл ме, бірдеңе?! ГҮЛГЕ ХАТ О, гүлім! Сіз расымен де сұлусыз! Мен сүйген қыздың хош иісіндей иісіңізге иілген иірімдер де - сұлу! Бір күндік ғұмырда ғұсылмен жүрген көбелегіңнің таңдайына үйір үндер де - сұлу! Сондыктаңда, сағынышымның сазы арқылы сезім періштесі салған сенімді ізбен кызыл көйлектегі сүйікті кызымды сыйласам ба екен сізге? Өйткені, гүлім, сіз, расымен де өте сұлусыз! *** Сені ойласам - Сол күзгі жапырақтың иісі аңкып, Өн бойыма еніп алып мезі етердей күй тартып мазалайды. (Көзімнің карашығы үлкейіп) Ол күйімде мен үшін күллі әлем - бір тиын. Себебі ме? Себебі - жазалайды жанымды, жапырақтын зары ұрлап менің шырқар әнімді. Қайта-қайта кұлағымда шынғырады әуені, Сол әуенді саған арнап жазған менмін себебі. ...Таныс әннің ырғағында аспанымда қара бұлт Салмақ артып шақша басқа суық қарап барады. Шөкім бойдың қуатымен күреседі ойларым Тыным көрмей. Төреші - менің жаным -жаралы. Ал, есімнен жаңылдым. Жаңылдырдын шындығы. Сенсіздіктен, Жалғыздықтан шаша алмай жүр нұр күнім. Керегеден сығалайды мәз куйімнің сұлбасы. «...Жырласа тек мына әлемді бақыттылар жырласын», - деп ішімнен ұғынып отырамын теңселіп. Барлығын да бір сәтте өзгертердей сен келіп, күте берем күнде мен... Ауыр мұңым, мына ойым. Ойларымнан жасырынып қайта-қайта жылаймын. Шыдай алмай, ойымнын қаhарына кезігіп, Қашып кеткім келеді сенсіздікті сезініп. Бірақ, сенсіздікке үйренбей туңіледі қанша аймақ?! Алпыс екі тамырымда будақ-будақ қан ойнап сені ойлауга қайтадан мәжбүрлейді, күні-түн. “...Саған кайта оралдым мен, күтіп ал, ал, жігітім!” - деп келердей әр сағат алаңдаумен отырам. Қайтейін? Енді жаным сенде ғана үмітім… Күттірмеші! СЕНІҢ БАР БОЛҒАНЫҢ ҮШІН… «…Жақсы еді ғой, бәрі де, тәтті еді ғой, Оянып кеткенің не?» Құралай ОМАР Шұғыласын шар тарапқа шашқан көне шаhарым шырайлы. Сенің бар болғаның үшін… ...Құбыласын бақытты көздеген бағыттай көретін болған сыңайлы. Сенің бар болғаның үшін… Қиялы - пырағы, сонау ақ кербез, қанатыменен алысқа шарлап қайтатын. Сенің бар болғаның үшін… Сонсоң, скрипка үні - көңілшең көңілдің керемет жырын hәм көп айтатын. Сенің бар болғаның үшін… Иә! Шын! Сенің бар болғаның үшін - Күркедей көрінген бөлменің кеңдігі сезіле бастады; Әуелгі әсерсіз әуендер де әсерлі әуелей бастады; тунгі 4:30-ғы шеккен шылымның шиеленген уақытты жазар өлеңін тыңдап... Менің, сосын, жалғыз аспанның бақыттан баяу ғана басы айнала бастады. Айпақшы (сол) - қамыққанынан ішер көрші ағаның сыра бокалының түбі көрінген деседі. ...сол шақта сенің бақ болғаның - шын. ...Таң атып кетіпті. Күнде осындай түс көре беретінім несі еді? “Сенің жоқ болғаның үшін!?” *** Қайдан ғана? ...өміріне құл болған өр көкірек қалпында Алпыс екі тамырына бағынбайтын, солқылдап Ішкі әлемнің ханзадасы жауынгерлерін түгендеп, он бірінің басын қосты. “Күні қайда түнерген?” Кінәлі күн де, күнәлі түн де жалтақтамайды көзі ойнап?; Алау боп жанған өкініштердің көкірегінде мұз ойнап, Мұрнын кесіп беріп жатыр уәдесінде тұрмаған - Менің айтқан сөздерімнің киелері – құл маған?; Екі көз тұр “нұрын-ай”,- деп қиялдарға сөз бермей Аспан асты тірілерін алғашқы рет көргендей?; ...Досым шеккен мұңдарының түтініне тұншығып Ортан терек - тұратын ашуына құлшынып, Достарымен қосылып нәзіктікпен айқасты?; Құдіретті тыныштық құшағыма жайғасты?; Түсінбеймін... *** ...Күн сәулесі аппақ көзеде ең ұлы сөздермен шайқалып, шіркін, Ең ұлы өлең боп, кепкен таңдайыма құйылса, деп жүрмін. Сонда, ең ұлы сөздер - түнгі аспанның астындағы мен терген гүлдер. Мен терген гүлдер жаралған ай таратқан нұрдан. Ал, "ай" дегенім, сіз боласыз, қалқам! ...кейін, мен сіздің алдыңызға басымды қойып, сол өлеңді оқыған шақта... Мені қайта шақыратын болады, түнгі аспанның астындағы гүлдер. Кейін, сол ұлы сөздерді теруге аттанам, қайта кеудемде бақытты, ең ұлы ақынның аңсары бүрлеп... ...Шіркін, осындай бақытқа мен ғана ма, жете алмай жүрген? *** Досым, жылауға рұқсат етіңіз! ...Кеше мен тұқымнан тамыр жайған шағынан бастап Аспанның биіктігін аңсаған; Сосын, әлемдегі ұлы әдемілікті армандап, Өмірдің иісін танытатын; Менің аяулы анамның мейірімін сездіретін; Және, "сол"сұлу бойжеткеннің жымиған келбетін еске салатын; Көңілім құлазып, басыма бұлт төнсе Жауын астында бүркеніп, Желдей ескен тағдыр сынақтарына маған күш боп қарсы тұратын; Құдыретті тыныштықтың тыңдарманы болған ауламдағы гүлімнің күлтелерін түсіріп алдым. Ол менің риясыз сезімімнің жалғыз ғана күәгері еді. Досым, бір сәтке жылауға рұқсат етіңіз! ЕРЕКШЕЛІГІ… Көзіңді жұма тұр. “арманыңды орындаймын мені ұшырсаң” - деп тұрар Көз жасыңнан дәм тататын кірпігіңнен сыр ұға Дәл осындай ойға келдім: Таң бозарып атқандағы дауысынан құстардың; Тұп- тұнық боп тұнып тұрған тұнықтығынан аспанның: Күндізгінің тірлігінен алыстатар ақшамнан; Түрлі саябақтардағы ессіз аққан жастардан; Досы үшін жан қиятын қамқорлығынан досымның; Туған күнде мен білмейтін кереметінен тосынның; Сомен қатар, басындағы әсеріненде шылымның; Қыстың күні маужыратар лебінен де жылудың; Таңнан қара кешке дейін нәрсіз келген төзімнен, Рамазанда ауыз ашар уақыттағы сезімнен Сенің болмысыңды сезінгендегі сезім - ерекше екен.