«Көкмойнақтың үйірі» – Адай жылқысының ерекше асыл тұқымды түрі туралы жыр. Маңғыс...
Ернағыз Жанатқан. 1882 КМ.
Құлан иек таң атып келеді.
Еренқабырғаның биылғы қысы жайлы болып тұр. Анау айтқандай сары аяз білінбейді, жалғызаяқ жолға түсіп, болар-болмас жарықпен Нартай мен оның Анасы Гүлзира автобекетті бетке алып барады. Нартай артына жалтақ-жалтақ етіп, әлде бір қимастықпен қарай берді .Бұл Нартайдың қысқы демалыс уақыты аяқталып, облыс орталығындағы мектеп-интернатқа аттанып бара жатқан сәті еді. Туған топырақ қанша дегенмен ыстық та аяулы екенін Нартайдың бала көңлі сезіп те барады.
Осында өткен балалық шағы, тай-құлындай тебісіп, көк шалғынның үстінде бірге аунап өскен достарын қимай, кіп-кішкентай бала жүрегінде үлкен бір қимастықтың жатқанын Нартайдан артық ешкім түсіне қоймас тәйірі. Дәл сол уақытта Нартай сияқты тағы басқа жиырма неше бала, сығырайған ескі фонар жарығымен облыс орталығына қатынайтын ескі автобусқа ентелей келді. Нартайдың осы автобусқа да соңғы рет отыруы болатын. Ол бұл автобуспен енді демалыс сайын тау бөктеріндегі ауылға қайтып келмейтінін де іші сезіп отыр. Анасы Гүлзираның сол жағына, яғни, терезе жақ орныдыққа лып етіп отыра қалған Нартай автобус ішіндегі басқа өзі қатарлас балалармен ойнап, әңгіме соғуға аса қатты қызықпады.
Анасы болса өзімен қатарлас отырған Наркүл есімді ауылдас әйелмен қызу әңгімеге кірісіп те үлгерді. Автобус та орнынан баяу қозғалып кете барды. Автобус іші әркімнің әңгімесімен-ақ шуға айнала бастаған сәтте, Нартай ғана үнсіз, Нартай ғана қалың ойда отырған еді. Терезедн көз алатын емес, таулар мен тастар, ағаштар мен өзендер бәрі-бәрі Нартаймен қол бұлғасып, қоштасып жатқан сияқты көрінеді.
Ал автобустың дарылдаған ескі моторының дауысы олардың зарлы да сазды сағыныш әнін айтып, тау ішін жаңғыртып бара жатқандай көрінеді. Тәңертең ерте оянған Нартайдың ұйқысы келе бастағаны сол-ақ, анасына басын сүйеп еді, маужырай барып, көзі ілініп кетті. Жол алыс, бір-екі күн бұрын жауған қардан жол әлі де болса толық аршылып үлгермеген-ді. Ақ көрпесін жамылып, тапжылмай жатыр сабазың.
Ескі автобустың жүрісін мандытар емес, бірақ жүргізуші Мәметжан ағайдың неше жылдық тәжірибесімен қарайтын болсаңыз, ол кісі үшін бұл ешқандай да қиындық тудырар сапар емес. Ауыл ішінде Мәметжан ағайдың шеберлігі туралы алып-қашпа әңгімелер жетерлік еді. Неше жүз километр тау жолын артқа қалдырған олар қалаға да жетті. Нартайдың да ұйқысы қанып қалған, автобустан түскен бетте Анасы мен Нартай екеуі көше бойындағы қазақ шәйханаларының біріне кіріп, бой жылытып алуды жөн көрді.
Әне-міне дегенше оқу маусымының басталуына да санаулы күн қалды. Анасы Нартайды жатақханаға орналастырып, киім-кешегін түгендеп болып, інісі Жұманның үйіне бір күн қонып, «қайдасың Норжа?» (елді мекен атауы) деп күні ертең тартып кетуге даяр отыр. Нартайдың класс жеткшісі жаралмаған жақсы адам екен. Нартайларға Ана тілінен сабақ беретін, сұңғақ бойлы, жүзі жылы, бұйра шашты Адалнұр есімді мұғалім сол болатын. Осы оқу жылы бітісімен отбасымен бірге Нартайдың шекара асу үшін, көші-қонға дайындалып жүргенінен Адалнұр мұғалім де хабардар еді. Нартайдың мектеп интернаттағы соңғы күндері өтіп жатты...
Қоңыраудың шырылдаған үні естілді. Бұл кезекті Ана тілі сабағының басталуы болатын. Оқушылар түгелімен партаға жайғасқан соң, әдетінше байсалды қалпымен классқа Адалнұр мұғалім де бас сұқты. Оқушылармен тегіс амандасып болған соң ,үй жұмысын сұрауға асықпай, бірден үлкен электронды тақтаға үңілді де «Көқ тудың желбірегені, жаныма қуат береді» деп басталатын әнді қосып жіберді. Ұйып тыңдады бәрі. Нартайдың жүрегі шымыр ете қалды, ол алғаш рет көк тумен, Астанамен осы Адалнұр мұғалімнің сабағында танысқан болатын. Шіркін, қандай көреген кісі еді деп есіне алады класс жетекшісін.
Одан бері аттай шауып арада он бес жылдай уақыт өте шығыпты. Отбасымен бірге елге келген Нартай қазір жоғарғы оқу орындарының бірінде қазақ тілі мен әдебиет маманы болуға даярланып жатыр. Мүмкін, Адалнұр мұғалімге ұқсағысы келді ме екен?
Адалнұр мұғалім демекші, Нартай елге оралғаннан кейін екі жылдан соң оған төте жазумен жазылған екі-үш парақ хат келіп түскен, ашып қараса дәл өзі, жазуы маржандай тізілген Адалнұр мұғалімнің жаузы.
Қал сұрасқаннан кейін былай деп жазып жіберіпті: «Ол жаққа да үйреніп қалдың ба? Орыс-ағылшын тілдерін де меңгерген боларсың. Біз де бәрі жақсы, класстастарың да жақсы. сСабақ арасында сені әңгімелеп қомыз, сені сағындық, жақсы оқып, елге жақсы қызымет ет...» деп жазған Адалнұр мұғалімнің сөзі оның жүрегінде мәңгі жатталып қалды.
Сол кезде барып шын сағынды...
Алғашқы ұстаздың орны соншалықты бөлек болатыны түсінді. Нартай сол хатарды әлі көзінің қарашығындай көріп, сандығының түбінде сақтап келеді. Сағынғанда бір оқып жылап алатыны да бар.
Оның сағынышы теңізден де терең, судан да мөлдір, аңсары бұллтан да биік, ешқашан таусылмайтын мөлдір де тұнық сағыныш. Араларында Ертіс пен Алтай тұрса да тұрса да, оның сағынышына тұсау бола алмайтын сияқты....