Балалар әдебиеті жылы аясында: Ұзыншұлық Пиппи тұңғыш рет қазақ тілінде

ӘДЕБИЕТ
2333

25 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласында Балалар әдебиеті жылы аясында әлемге танымал швед жазушысы Астрид Линдгреннің тұңғыш рет қазақ тіліне аударылған «Ұзыншұлық Пиппи» кітабының тұсаукесері өтеді. 

Астрид Линдгрен, ЮНЭСКО ұйымының мәліметі бойынша, әлемнің ең көп аударылатын жиырма авторы арасында 18-орында, бұл тізімде Линдгрен Федор Достоевский, ертегі патшасы Ганс Христиан Андерсендермен қатар тұр. Туындылары әлемнің барлық балаларының балалық шағының айрылмас бір бөлігіне айналған Линдгрен әдебиет алаңында ғана емес, Швецияда қоғамдық пікір көшбасшысы, елінің белсенді азаматшасы болды.

Іс-шараға Швеция Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Матс Фойер мырза, ақын, жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжан, балалар жазушысы Баянғали Әлімжанов, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Әлібек Асқар, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Айтұлы, «Балапан» телеарнасының директоры Мақпал Жұмабай, балалар жазушысы Серікбол Хасан, қала тұрғындары, БАҚ өкілдері қатысады. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында балалар әдебиетіне ерекше мән беріп: «Тіл игеру үшін балалар әдебиетінің атқаратын рөлі зор. Сондықтан, қазақ қаламгерлерінің үздік шығармаларына қоса, балаларға арналған шетел жазушыларының да таңдаулы туындыларын аударып, көптеп басып шығаруды және таратуды қолға алған жөн» деп атап өткен болатын. 2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы болып жарияланғандығы да белгілі. Осы мақсатта «Фолиант» баспасы қазіргі ұрпақтың псхологиясына тән, тәлім-тәрбиелік маңызы бар сапалы туындыларды басып шығаруды, әлемдік әдебиетте орны бар келелі шығармаларды аударуды қолға алып отыр. 


Өткізілетін орны: Нұр-Сұлтан қ., Кравцов көшесі 6/1, «Foliant» сауда үйі 
Өткізілетін күні мен уақыты: 2021 жылғы 25 ақпан, сағ. 11.00.
Құрметті журналистер! Алдын ала тіркелу үшін төмендегі телефон нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз: + 7 778 357 97 78

madeniportal.kz


Жаңалықтар

Алматы қаласының қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы іс бойынша...

Жаңалықтар

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Алматыда екі оқушы қыз биік үйден құлап өлген еді. Марқұм балала...