Дәстүрлі «Ауылым – алтын тұғырым» конкурсы басталды

ӘДЕБИЕТ
4052

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы мен «Мәдениет порталы» бірлесіп «Ауылым – алтын тұғырым» дәстүрлі әдеби онлайн конкурсын жариялайды.

2021 жылғы «Ауылым – алтын тұғырым» конкурсы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналады. Конкурсты ұйымдастырушылардың және қазылар алқасының шешімімен биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай  «АЛТЫН ТҰҒЫР» әдеби жүлдесінің иегеріне бас жүлдеге  қосымша 200 000 теңге көлемінде арнайы сыйлық тағайындалды. 

Әдеби конкурсқа қатысу үшін жасы 17 мен 45 жас аралығындағы қаламгерлер өз шығармаларын ұсына алады. Сонымен қатар «АУЫЛ тақырыбына арналған үздік драматургия» аталымына шығарма ұсынатын қаламгерлердің жас мөлшеріне шектеу қойылмайды. 

Әдеби байқауға қатысқысы келетін кез келген қаламгер өз шығармасын «Мәдениет порталына» онлайн түрде өз қолымен тіркей алады.  Ол үшін үміткерлер «Мәдениет порталына» тіркеліп, конкурсқа ұсынылған шығармалары мен жеке мәліметтерін порталда көрсетілген «Шығарманы қосу» батырмасы арқылы орналастыра алады. Шығармалар 2021 жылдың 01 қарашасына дейін онлайн түрде қабылданады.

2021 жылғы байқауға орыс тілінде жазылған шығармалар да қабылданады. Бір айта келерлік жайт, барлық шығармалар бұған дейін басқа конкурстарға ұсынылмаған болуы шарт.

Конкурсқа қатысқан шығармалар кітап болып шығарылады. Конкурстың басқа да шарттарын «Мәдениет порталындағы» Ережесінен оқып алуға болады

Конкурсқа шығармаларды қабылдау 2021 жылдың 1 қарашасына дейін жүргізіледі. Жеңімпаздарды марапаттау 2021 жылы желтоқсан айында тәуелсіздік күні қарсаңында өткізіледі. Салтанатты шараның нақты уақыты мен өткізілетін орны қосымша хабарланады.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

19 мамыр, жексенбі күні Шығыс Әзербайжанның Варзакан аймағындағы Тебриз қаласына ұшып бара жатып а...

Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрлігі тұқым қоймалары мен жылыжай кешендерін су басу фактілері туралы хабар...